Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет74/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ил (эл)! Эл – 
сөзі «ұлыс» («ұлт») деген ұғым береді
(этимология бойынша «
ил
» және «ұлыс» - бір түбірлі сөз), сондай-ақ – «мемлекет» 
деген маңызды мағына да береді. «VII-IX ғасырларда аймақтың солтүстік-
батысында күшті көршілердің, яғни – ғұндар мен ұйғырлардың жақын туысы 
түркілердің өмір сүріп келгенін» қытайлар күні бүгінге дейін ұмыта қойған жоқ 


132
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
(168. 32 бет). Үндіеуропалықтар тұрған, парсылық қанатқа қарайтын кеңістік 
– Парсы, ал түркілер тіршілік еткен Еуропаның оңтүстігіне қарай созылып 
жатқан аумақ – Тұран, саяси мазмұны тұрғысынан өзіндік қайшылықтарға ие 
(292. 189-194 бет; 100. 134-149 бет .) Түркілер Парсы-Тұран кедергісін бұза 
отырып, Еуразия одан әрі Австрия, Германия және Италия жерлеріне дейін өтіп, 
ондағы көпұлтты және көпөркениетті аумақтарды жаулап алды. Сонымен қатар, 
«І-ХІІ ғасырдағы Еуразияның этномәдениеттік жүйесінің қозғалысы» (153. 788 
бет) осындағы геосаяси үдерістердің пассионарлық толқынында өтіп жатқан 
оқиғалардың барлығы үнемі Еуразияға қарай бағытталды. Түркілер жүздеген 
жылдар бойы Шығыс Еуропаға қарай жылжи отырып, ондағы – орыстар, 
белорустар және украиндар секілді славян халықтарын қозғалысқа келтірді, 
олардың аймақтық этносаяси үдерістерге тартылуын жандандыра түсті. 
Жалпы түркі геосаясатының шамамен екі мың жылдық серпінді дамуы 
барысында Шығыс және Батыс Түркістан түркі этносаяси жүйесінің екі 
маңызды қанаты ретіндегі қалыптасуы ең тартымды көрініс болып табылады: 
Шығыс Түркістан Орталық Азияда орналасқан түркі мемлекеттеріне геосая- 
си белдеу жасайды, ал Батыс Түркістан болса біртіндеп Еуропаға қарай 
бағыт ұстанған Батыс Азияда геосаяси белдеу жасайды.
Дегенмен, түркі мемлекеті жанындағы көршілерімен қаншалықты түрлі 
сипаттағы конфигурациялар жасамасын, олар бәрібір де этногенетикалық 
негізде сақталып қалған 
түркі мемлекеттік тұтастығы 
күйінде қалуын 
жалғастыра берді.
Түркі дихотомиясы батыс бағытында Еуропа елдерімен, ал шығыс 
бағытында – Азияның оңтүстік-шығыс елдерімен қарым-қатынас орнату 
мәселесінде белсенділік көрсетті. Азияның классикалық империялары атанған 
– Қытай, Үндістан, Парсы, Араб елдерінің бірде-бірінің қолынан келмеген істі 
тек түркілер ғана жасай алды: олар Азия мен Еуропаның қарым-қатынасында 
күні бүгінге дейін түркілердің геосаяси артықшылығына негізделген саяси 
тұрақтылықты сақтай алып келеді. Бұл үдеріс Осман империясы кезінде өзінің 
шырқау шыңына жетеді. «Жаһандық саясат» деп аталатын көлемді шығарманың 
авторлары, британдық профессорлар Дженней Эдкинс пен Мажа Зехфустар: 
«Осман империясы XVII ғасырда жаңа саяси жүйе қалыптастырғаннан кейін 
еуропалық үкіметтермен интерактивтік қарым-қатынасқа кіріскен ең бірінші 
мұсылман мемлекеті болды», деп атап өтісті (228. 101 бет). Дей тұрғанымен де, 
сонау XVI ғасырдың өзінде Еуразияның сол кездегі «геосаяси үштігі» атанған – 
Осман, Сефевид және Моғол империяларының әрқайсы өз мүдделеріне сәйкес 
жеке-дара еуропалық саясатты жүргізіп отырғандары белгілі.
Бір-бірінен бөлек жүргізіліп келген осындай саясаттар бірте-бірте алып 
империяның сүрінуіне себеп болған бірден-бір факторға айналғандығы еш дау 
тудырмайтын шындық. Өйткені, мұндай мүмкіндікті мүлтіксіз пайдаланған 
айлалы Еуропа мемлекеттері Азияны алдымен бөлшектеп алып, содан кейінгі 


133
Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі
кезекте оны жұтып жіберу жоспарларын өте сәтті түрде жүзеге асыра алды («
Di
-
vide et empire!
» - яғни, «Бөліп ал да билей бер!» саясаты). Алайда, Еуразияның 
«геосаяси үштігінің» Азия мен Еуропа қарым-қатынасында әлі де болса үстемдік 
жүргізу уақытының жоғала қоймағанын сездіреді.
Түркі империясының жан-жақтылық болмысы осындай қарым-қатынастарда 
өркениеттер құндылықтарын арттыра түсуге жан-жақты жағдайлар жасап, 
көптеген мүмкіндіктер де туғызды. Қол қусырып қарап отырмаған еуропалықтар 
да бұл кездері Азия әлемімен терең танысып, оның осал жақтарын да жақсылап 
зерттеп, зерделеп алған болатын. Ұлы Жібек жолы арқылы жасалған және 
ғасырлар бойына түркі империясының бақылауында болған трансеуропалық 
байланыстар, Азия мен Еуропа арасындағы интерактивтік өркениетті сол 
уақыттың ең жоғарғы деңгейіне көтерді. Интерактивтік мәдени орталар, 
сонымен қатар Азия мен Еуропаның қазіргі заманғы жаһандану әлеміндегі 
түркілерден көшірілген увертюралық кезеңінің бақуатты тұрмысы жасалды 
және ол кеңейтілді де. Өйткені, түркі империясы құндылықтарды ортақтаса 
отырып жасау және бөлісу мүмкіндіктерін қалыптастыру үшін, Азия мен Еуропа 
өркениеттерінің бір-біріне шынайы кейіпте ашылуының мүмкіндігін кеңейтті. 
Бұл империяларда – ислам және христиан (өздерінің барлық секталары мен 
тармақтары) аталатын тек қана екі монотеистік діндер ғана емес, сонымен қатар 
ежелгі уақыттардан бүгінгі күнге дейін ілесіп келе жатқан зороастризм, даосизм, 
несториандық, буддизм секілді діни-мәдени салалар да өздерінше дамып, 
жетілдіріліп отырды (230. 48 бет; 238. 1 бет). Мұнда діннің ең алғашқы үлгісі 
аталатын – шаманизм сақталып, діннің ең жоғарғы үлгісі – теология ілімі ілгері 
дами түсті. Нақ осы тұста айтыла кетер ең маңызды мәселенің бірі, түркілер 
исламды басқа діндерден артық санайтын, исламды қабылдаған халықты 
өзге халықтан жоғары қойып, оны төрге оздыратын ешқандай да доктринаны 
басшылыққа алған жоқ. Түркі әлемінің бір бөлшегі ретінде Әзербайжандағы 
діни төзімділік пен күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан өркениеттіліктің 
осы уақыттағы жан-жақтылығы, біздің еліміздің аумағы қазіргіден әлдеқайда 
көлемді кездерінің өзінде де Шығыс пен Батыс интерактивтігі мейлінше 
оңтайлы деңгейде өрістеді (37.12 бет). 
Көптеген еуропалық авторларға қарағанда, атақты ағылшын ойшылы 
Арнольд Тойнби түркі тарихына, түркілердің қолымен тұрғызылған 
алып өркениетке, түркі көшбасшыларының, оның ішінде Мұстафа Кемел 
Ататүріктің әлемдік тарихтағы рөліне, жалпы көріністегі түркі болмысына, 
оның ішінде түркілік классикалық кезеңдерге ерекше сергектікпен және де 
табиғи шынайылықпен қарай отырып, бейнелі салыстырмалы стильде былай 
деп жазады: «Адамдар үшін Даланың өзі құрғақтағы теңіз болып есептеліп, XV 
ғасырдың соңына дейінгі христиандар дәуірінде қарым-қатынастар жасау үшін 
жағасы көрінбейтін тұзды теңіздерге қарағанда анағұрлым ыңғайлы да тиімді 
құрал саналды. Мұндай суы жоқ теңіздің тек өзіне ғана тән құрғақпен жылжитын 


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет