145
Ресей еуразияшылығы
да асқан белсенділікпен насихат жүргізіп келе
жатқандығы ашықтан ашық
көрсетіліп отыр.
Еуразияшылықты Ресейдің қоғамдық-саяси қозғалыстарының деңгейіне
алып шыққан Александр Дугин «Еуразиялық көзқарас» атты кітабында өзінің
«Еуразиялық тұғырнамаға» қатысты негізгі қағидасын ұсынды. Жалпы Дугин-
нің қоғамдық-саяси қызметі (қазіргі кезде ол Ресей Федерациясы Мем-
лекеттік Думасы жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі) бұрынғы кеңестік
республикалармен ықпалдастық жағдайында Ресейдің «Еуразияның
супердержавасы» мәртебесін қайта қалпына келтіруге бағытталып
отыр. Автордың «Еуразия» атты кітабы Жалпыресейлік
қоғамдық-саяси
қозғалыстың әрекеттік бағдарламаларының негізгі ережелерінен құралған.
Жаңаеуразияшылықтың идеологы Александр Дугин ұсынып отырған
тұғырнаманың өзегін былайша суреттеуге болады: жаңаеуразияшылық клас-
сикалық еуразияшылықтың идеологиялық базасында қалыптасады. Ал оны
«жасаушының» басты тезисі «Батыс адамзатқа қарсы» деген идеядан тарайды
(160. 6 бет). Сондықтан да Батысқа еліктеген бірде-бір ел өз жолын өздері
анықтай алмайды, үнемі солардың жетегінде жүрді. Ресейдегі батыстық саясат
жеңіп алған
ұстанымдар құлдырауға ұшырады, тіпті оның жоғалып кетуіне
жол ашты. «Тап қазіргі заманғы Ресейдегі идеялық дағдарыс» өз бастауын тура
осы жерден алады. Дәл бүгінгі сәтте Батыстанушылық жаһанданудың үлгілері
көрініс беріп қалады. Сондықтан да осы аталған қатерлерге қатысты белгілі
деңгейде ұйымдастырылып отырған қарсылықтар да бар: «Дүние жүзін, оның
ішінде Ресейді де қоса америкаландыру жаңа гегемонға құлдық ұрып, көнбістік
ишарасын білдіру көпшілікке ұнамайды» (160. 5 бет).
Жаһанданудың бірполярлық әлем тек еуразияшылдық қана дүниетанымның
жалғыз көзі ретінде баламалы таңдау бола алады. Соның өзінде «Еуразиялық
Федерализм» идеясын күшейту, ТМД негізінде «Еуразиялық Одақ» құру, ТМД
кеңістігі ішіндегі стратегиялық ықпалдастықтың аясын кеңейту, Мәскеу –
Тегеран – Дели – Пекин бағытындағы «одақтық мемлекеттер өзегін» жүзеге
асыру басымдыққа ие болып табылады» (160.14-15бет). Тарихта бұған дейін
де болып келгені секілді, великорустардың бүгінгі күні де славян, түркі және
финн-угорлық этностардан будандастыру арқылы «бір халық қалыптастыруды»
қамтамасыз етуге жағдайы бар. «Еуразияшылықтың «дүниетаным, философия,
геосаяси жобалар,
экономикалық теориялар, рухани қозғалыстар, сондай-ақ
саяси күштердің кең спектрінің шоғырлануының өзегі» болуы мүмкіндігіне»,
өзінің күш-қуатына сенгенгендіктен «Еуразия – бұл тұтас әлем» деп мәлімдеді
(160.34-35 беттер).
Алайда Александр Дугин өз жобасында Ресей империясынан, тіпті Кеңестер
Одағы мен ТМД-ден да ары асып түсті: өйткені, ол Еуразия кеңістігінде дүниеге
келген «Еуразиялық Одақты» тәуелсіз мемлекеттер одағының ұйымы деп емес,
оны, керісінше, қазіргі заманғы Ресей Федерациясы аясының федеративтік