Жай сөз тіркесін белгілеңіз: б көлге қонды Күрделі сөз тіркестерін белгілеңіз: ит өлген жерде тұрады



бет2/4
Дата15.10.2023
өлшемі30,23 Kb.
#115240
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1-4 практикалық тапсырма

Матасудың ерекшеліктері: ілік септігіндегі сөз грамматикалық жағынан тиянақсыз болып, тәуелдік жалғаулы сөзді қажет етеді. Ілік септікті сөз негізгі саналып, нысанның иесі болады, ал тәуелдік жалғаулы сөз нысанның меншіктік қасиетін білдіреді. Матасу сыңарлары сөйлемде қатар және алшақ тұрып байланысады.
Матасудың 4 мағыналық қатынасы бар:

  • меншіктік — университеттің кітапханасы, құстың шырылы;

  • бүтін мен бөлшектік — көздің қарашығы, кітаптың мұқабасы;

  • зат пен құбылыстар арасындағы қатыстық — күннің күркіреуі, желдің лебі;

  • туыстық — Абайдың ұрпағы, Дананың әжесі.

Қолданыста матасудың екі түрі кездеседі: толық матасу және толымсыз матасу.

  • Толық матасуда қосымша тұлғалар толық сақталады: баланың күлкісі, үйдің берекесі.

  • Толымсыз матасуда ілік септігі түсіріліп, сөздер қатынасы тәуелдік тұлға арқылы көрінеді: арман қуаты, жүрек жылуы. Тіл дамуында матасу лексикаланып, атаулық сипатқа ие болады: балалар бақшасы, жер шары, еңбекақы, т.б.

Матасу арқылы жаңа терминдер жасалады: абай шумағы, басқару жүйесі, архив қоры, тыныс демікпесі, кітапхана ғимараты.
Матасуды М.Балақаев, Р.Әмір, Е.Ағманов, Ә.Аблақов, С.Исаев, Т.Сайрамбаев, т.б. ғалымдар зерттеді.



  1. Қабысу - сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды. Мысалы, Одағым десем ойыма Айдын шалқар көл түсер (Жамбыл.) Осындағы айдын шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.

Жанасу - басыңқы сыңары мен бағыныңқы сыңарының орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрі жанасу деп аталады. Мысалы: Ол мектепті биыл бітірді деген сөйлемде биыл сөзі бітірді деген сөзге қатысты болып, оның тұрған орны арқылы байланысқан. Кейде Ол биыл мектепті бітірді немесе Биыл ол мектепті бітірді болып, араға сөз салып та байланыса береді.



  1. Ортақ меңгерубағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болатын толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын басыңқы сыңары үнемі күрделі болатын меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет