Жай сөз тіркесін белгілеңіз: б көлге қонды Күрделі сөз тіркестерін белгілеңіз: ит өлген жерде тұрады


Керекті сөздер: жарық, құдыретіне, күш, дүние болғалы, сұлулыққа, асқаралы, асқар, анадан, әйелден



бет4/4
Дата15.10.2023
өлшемі30,23 Kb.
#115240
түріСабақ
1   2   3   4
Керекті сөздер: жарық, құдыретіне, күш, дүние болғалы, сұлулыққа, асқаралы, асқар, анадан, әйелден.
Осынау жарық дүниеде анадан абзал, анадан ардақты кім бар екен. Дүние дүние болғалы ешкімнен тайсалмаған, ештеңеден жеңілмеген екі алып күш бар. Оның бірі – ақылдылық, екіншісі – батырлық. Алайда осы екі алыптың өзі асқарлы бір күштен жеңілген. Оның аты – ана құдыреті. Әйел нәзіктігі. Бір ғана құдыретіне - сұлулыққа бас иген күлкісі көп, ұйқысы жоқ сергек сезімге табынған. Ол қасиет анадан, әйелден табынған. Дүниедегі жарық пен жақсылық атаулы әйелдің ақ сүтінен жаралғаны хақ. Бүкіл жер дүниені тітіркенткен, айбынынан ай жасырынған айтушы әміршілер де ана құдіретіне қарсы келе алмады емес пе? Ендеше ана алдында асқар тау да аласа.

2,2. Сөйлемдердегі анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сөздердің байланысу тәсілдері мен формасын ажыратыңыздар.


Кешкі салқынға еті шімірігіп қалтырап кеткен құдықшы орнынан тұрып, қосқа беттеді. Табадағы қызыл шоққа бөксесін тығып, ызыңдай әндеткен шұнақ шүмек жез шәйнектің күрең шайы күні бойы дамыл көрмеген құдықшының денін жайып барады.
Шімірігіп қалтырап кеткен (қандай? Анықтауыш, қабысу арқылы байланысып тұр)құдықшы
Қосқа (қайда? Пысықтауыш ) беттеді
Бөксесін (нені? толықтауыш) тығып
Қызыл шоққа (қайда? пысықтауыш) тығып
Ызыңдвй ( қалай? пысықтауыш)әндеткен
Шәйнектің (ненің? анықтауыш) күрең шәйі
Денін (нені? толықтауыш) жайып барады

Блиц-тест



  1. Сөз тіркесі болу шарттарының бірі Д) толық мағыналы екі сөздің тіркесуі

  2. Сөз тіркесі бола алмайтын тіркесті белгілеңіз: А) ауыл арасы

  3. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз В) көрмені аралау

  4. Күрделі сөз тіркесін белгілеңіз: С) асығып-аптығып

  5. «Етістік – зат есім» үлгісіндегі сөз тіркесін белгілеңіз: А) қалған көңіл


  1. Практикалық жұмыс

Жақты

Жақсыз

Жалаң

Жайылма

Дара баяндауышты

Оны жұрт Момыш деп кеткен

Қартайғанда сары кемпір атанған.

Жеңешем ұл тапты

Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.

Қызтумас әжем оны да сезіпті

2.2. Түсірілген сөздерді қойып жазыңыз. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Керек сөздер: мүлкі , қарағайдан, ақ отауы, өмір, көшіп-қонып, ықшам, қайыңнан, бесікті, талдан, гигиеналық..


БЕСІК
Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Ал бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Блиц‑тест
1.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Бүгін менің арманымның орындалған күні.
2.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А/ Олар келді.
3.Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз..
Д/ Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет