Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 0 III тарау. Ортағасырлык. философия



Pdf көрінісі
бет47/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

5 0
III тарау. Ортағасырлык. философия
лығы, атап айтқанда, суармалы жерді пайдалану мэденисті мен техникасы, 
саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анагүрлым жоғары дәрежсде еді. Осы 
себептердің бэрі жиналып келіп, ортағасырлық ғылым мен философияның күрт 
дамып, өркен жаюына игі ықпал жасады4.
Алайда араб мэдениеті Араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көр- 
кеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар мен 
египеттіктер де атсалысты. Екінші жагынан, араб тілінің негізінде ежелгі Шығыс 
мәдениеті мен антикалық мэдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі 
жалғасын тапты.
Осыған орай, Бағдат қаласы үлкен мэдени, рухани орталыққа айналды. 
Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ пен Галеннің, Эвклид, Архимед 
жэне Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып басылып, мұсылман әле- 
міне кеңінен танымал болды. Ал X ғасырда екінші орталық Пиреней түбегінде- 
гі Кордова қаласына ойыса бастап, XVI ғасырда мэдени даму өзінің шарықтау 
биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия 
саласында өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінің негізі қаланды. 
Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі - эл-Кинди, әл-Фараби жэне Ибн 
Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі -
Ибн Туфейль және Ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты испан аристо­
телизм!. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер 
бүрмалаған нұсқасымен танысқан-ды. Кейіннен, Аристотельдің түпнүсқа еңбек- 
тері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол 
бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон 
жэне Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.
Мұсылмандық Шығыс перипатетизмінің алғаніқы бастаушы өкілдерінің 
бірі - аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғұлама философ 
әл-Кинди 
(шамамен 
800-870 ж.) «Араб философы» деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің 
трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік түрғыдан түсіндіруге баса 
назар аударды. Ол - жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, 
медицина, музыка ғылымдарымен шұғылданған ойшыл адам. Философиялық 
шығармалары логика мен таным теориясына байланысты жазылған. Әл-Киндидің 
философия жэне жаратьшыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжы- 
рымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рол атқарды. Атап 
айтқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб фи- 
лософиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Әл-Киндидің пайымдауынша
танымның бірінші сатысына логика мен математика, екінші сатысына жараты- 
лыстану ғылымдары, үшінші сатысына философияны жатқызады. Демек, фило- 
софияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тыгыз байланыста 
болып, арқа сүйейтіндігін коре біліп, дүрыс айтқан.
Шығыс перипатетизмінің тарихында ақыл-ойдың торт түрін атап көрсет- 
кен концепция үлкен рөл атқарды. Оларды мэңгі әрекетшіл «белсенді ақыл-ой», 
«бейжай, енжар ақыл-ой», «жол-жөнекей қосылған ақыл-ой», «жарияшыл ақыл- 
ой» деп сұрыптайды. Ал Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди
4 Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. - Алматы, 1993. 93-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет