Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


ТүрЮ •плді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет135/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

157
ТүрЮ
•плді ислам философиясы
целдікке жеткен жан туралы: «Олар өздерін мұхиттың бірегей толқыны сияқ- 
jjj
сезінеді, ал көптүрлілікті су бетіндегі желмен теңістіреді», - дейді. Уақыт 
кеністігі 
мен материя «бөлшектерімен» көрінетін трансценденттік болмыс секілді 
уакытпен байланысы жоқ адами рух эртүрлі заттар мен жағдайлардың көп түрлі- 
дігін жасап, бөліну мен ұзақтылықтың уақыт пен кеңістік категориясының елесін 
жасайды. Адам санасы болмыстың «ультра-рациональды» өлшемін түсіне алады. 
gipaK мұндай тәжірибе адам танымын кеңейте ала ма? Негізінде, адам санасы бі- 
лімді алып, метафизикалық элемнің сұлулығын бақылап рақатқа бөленеді жэне 
материалды Ғаламды Құдайдың керемет, таңғаларлық өнері ретінде тамашалай
алады.
Ар-Румидің метафизикалық жүйесінде махаббат маңызды рөл атқарады. 
Қасиетті Құранда да махаббат негізгі орындардың бірін алады, бірінші беттен: 
«Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тэн» (1:2), «Аса қамқор, ерекше мейі- 
рімді» (1:3), «Қиямет күнінің иесі» (1:4) деген жолдарды көреміз. Яғни құдайлық 
махаббат ретінде көрінетін қамқорлық пен мейірімділік, абсолюттік шындыққа 
Караганда онтологиялық тұрғыдан құдайлық заң мен эділдікке сай негізделген.
Құдайға құлшылық ету - махаббаттың иесіне бағытталған іс-эрекет. Қамқор 
бола отырып, Ол өз жаратқандарына деген махаббат арқасында әлемді жаратты. 
Иесі бола отырып, Ол өз қүлдарына деген махаббатпен болмысты сақтап тұр; 
Мейірімді бола отырып, ол өз жаратуларына деген махаббат арқылы кешірімді. 
Құранның басқа жерінде: «Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған» (6:54) де- 
лінген. Осы мейірімділік барльщзаттарды қамтиды: «Рахметім эр нәрсені сыйдыр- 
ды» (7:156). Сондықтан ислам философтары махаббат туралы көп сөз қозғаған. 
Құдайдың ғаламдық, барлығын қамтитьш күш секілді платондық махаббат -
Ероса концепциясы ислам философиясы мен сопылық ойлардан көрінді.
Руми үшін Құдайдың махаббаты жандарды бір-біріне тартатын тылсым күш: 
Ғаламдағы барлық атомдар ғашықтар секілді .бір-біріне тартьшады, эрқайсы- 
сы басқа біреуге махаббаттың «магниттік» тартылысымен жақындай бастайды. 
Аспан денелері жылы құшақпен Жерді өздеріне тартады, жердің ғаламдық тарты- 
лыс күші арқылы кеңістікте шам секілді ілініп тұр. Жан-жақтан теңестірілген, 
тартатын күшпен Жер үімып немесе томен түсіп кетпейді. Аспан сарайы магнит- 
тен жасалған, ішінде ешқандай жіпсіз темір жұлдыз ілініп тұрған үй». Құдайға ■
деген махаббат эволюциялық «қарқьшда» бір-біріне қарсы қозғалатын атомдар 
мен элементтер жағдайы да осындай. Сондықтан заттар ылғи өзгеріс пен әртүр- 
лі формаларға мезетпен өзгеру үстінде. Материя негізі - Құдай, оның қозғалу 
мақсатында да Қүдай бар. Құдайга жақьшдау үдерісі арқылы біз сағат сайын 
заітардан кемелділіктің барлық жаңа көріністерін тамашалаймыз.
Ар-Руми адамның қандай да бір әлеуметтік тобы мен мэдениеттің түріне 
жатпайтын галамдық, эмбебап діни түсінік пен жарқьгвдаған жұлдыздар, агып 
жатқан өзендер мен өсімдіктердің барлығының діні бірегей екеніне көз жеткізе- 
ді. Бүл дінді ішкі сезімі, сенімі мен іс-эрекеті галамдьщ махаббатқа сай келетін 
адамдар қабылдай алады. Шынайы дінді түсінуге болмайтын соқыр сезім емес
мұны қабылдау керек. Сенім - қарапайым жэне төменгі заттарды күрделі мен 
жоғарғы деңгейге өзгерте алатын күш жэне секунд сайын сезінетін, басынан ке- 
шіретін, қабылданатын шындық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет