Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V I тарау. Н ем іс классикалык, философиясы



Pdf көрінісі
бет171/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V I тарау. Н ем іс классикалык, философиясы
199
априорлы (тэжірибеге дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне 
байланысты болуы керек. Сезімдік түйсінудің априорлы сыртқы түрі - кеңістік 
пен ішкі түрі - уақыт түйсіктің көп түрлі «материяларын» реттеп отырса, ақыл-ой- 
дың априорлы турлі категориялары реттелген материяларды зандылықтар жүйесі- 
не келтіреді. Олай болса, танып-білетін субъект заттарды зерттегенде дайын «туа 
біткен идеяны» пайдаланбайды, керісінше, ол тек танымдық «құралдарды» ғана 
пайдаланады.
Жалпы алғанда, таным процесі, Кантгың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: 
сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.
Сезімдік түйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» 
көріністері эсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиын- 
тығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен 
уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп реттеледі.
Танымның келесі сараптаушы парасат сатысына априорлы категориялар: 
себептілік, сапа, сан, қажеттілік, т.б. арқасында жаңа ғана реттслген түйсіктер 
жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі зандылыққа бағы- 
нып, жаңа білім пайда болады.
Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді транс- 
ценденталдық білім деп атайды. Трансценденталдық таным дегеніміз - таным 
процесінің заттың өзіне емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты 
қандай деңгейге дейін біле алатындығы.
Т анымның үшінші сатысы - трансценденттік танымда таза ақыл-ой заттардың 
көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, 
басқаша айтқанда, «өзіндік заттардың» табиғатын, мэнін түсінуге ұмтылады да, 
шешілмес қайшылықтарға (антиномияларға) тап болады. Айталық, рух өле ме, 
өлмей ме, әлем қалай пайда болды, Құдай бар ма, жоқ па, т.б. осы сияқты сұрақтар 
антиномияларға толы. Осы мэселелерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген 
схолдстикалық, онталогиялық, рационалистік, діни, т.б. ілімдер жалған ғылымға 
жатпайды. Себебі бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жо- 
лымен дэлелдеу мүмкін емес, олай болса, «өзіндік заттарға» тэн оның ішкі занды- 
лығын, мэнін біз танып-біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну - бос әурешілік.
Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін 
айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке тұлга ретінде табиғат заңды- 
лықтарьшан томен тұрғандықтан, сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол се- 
бепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшеліктеріне, өзінің ылғи да 
танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол өзінің практикалық ақыл-ойына сүйе- 
ніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барша жұртқа бірдей эдептілік 
заңы - әдептілік императивін басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша, 
игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты 
қылықтар адамның іс-эрекетін әдепті қылмайды, керісінше, қоғамда қалыптасқан 
әдептілік зандарын сыйлап, өз міндетінді өтесең, сол өнегелі іс болып саналады. 
Мұндай этикалық міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика жүзін- 
де әдептілік бостандығы тұрғысынан іс-эрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, 
адамның ар-ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғары қағидасы - эдептілік 
императивінің талаптарына сай келеді.


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет