Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет174/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ф илософия тарихьі
екенін, ал қоғамда эдептілік заңдары толық жеңгенде, құқық пен мемлекеттің ке- 
регі болмайтыны жайлы пікір айтады. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі ой- 
шылдарға үлкен эсер етгі.
Фридрих Вильгельм Ш еллинг (1775-1854 ж.). Канггың, Спинозаның, 
Фихтенің ілімдерінің кейбір идеяларын дамыта отырып, өзінің табиғи күштер 
иерархиясының спекулятивтік натурфилософиясы ілімін қалыптастырды. Негіз- 
гі еңбектері: «Трансценденталдық идеализмнің жүйесі», «Адам бостандығының 
мәні туралы», т.б.
Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз - рухани зат. Бірақ санасы жоқ 
табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ 
табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен-бірі жоғары даму 
сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі өмір сүретін, 
қарама-қайшьшықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг 
табиғат дамуын кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан қарастырғанына 
қарамастан, оларды шын мэнінде механикалық қозғалыс немесе механикалық 
даму деп есептеген. Өзінің осы натурфилософиялық ілімін Шеллинг трансцен- 
денталдық философия ілімімен толықтырады. Бұл ілім бойынша, субъективтілік 
- алғашқы бастама, қайнар көз, абсолют ретінде барлық мэнділіктің, нақтылық- 
тың жалғыз ғана негізі. Бірақ эңгіме сезінуцің немесе ақыл-ойдың субъективтілігі 
туралы емес, керісінше, танымның ерекше құралы - ақыл-ойдың заттарды тіке- 
лей бақылауы туралы болып отыр. Шеллинг өзінің осы таным тәсілін «Интеллек- 
туалды интуиция» деп атаған.
Эмпирикалық нақтылық заттарында бірде табиғат заттары, бірде рух 
К о­
рине табады. Демек, олар бір-бірімен тепе-тең (тождество) жағдайда болады. 
Табиғат пен рухтың тепе-тендік идеясы Шеллинг философиясьгаың басты жэне 
негізгі проблемасы больш табылады. Бұл мэселені түсіну үшін, алдымен, абсо- 
лютгік ақыл-ой дегеніміз не екенін түсініп алуымыз керек. Абсолютгік ақыл-ойда 
субъект пен объект бір-бірімен ажырамастай бірлікте. Себебі субьектіде объек- 
тіні ойлайтын да, объект ретінде субъектіге байланысты өмір сүретін де - абсо- 
люттік ақыл-ойдың өзі. Осындай абсолютте барлық қарама-қайшылық (субъект 
мен обьектінің, табиғат пен рухтың, т.б.) жойылып, идеалдылық пен нақтылъщ 
тепе-теңдігіне айналады. Демек, ақыл-ойдың санасы дегеніміз - Құдайдың өзін- 
ДІк санасы, себебі Құдайдың өзі — ақыл-ой. Басқаша айтқанда, Шеллинг Құдайды 
жеке тұлға ретінде қарастырады. Құдай жеке түлға, бостандық ретінде шексіз 
болса, адамда бұл аталған құбылыстар шектеулі. Жалпы элемдік нақтылық не 
табиғат, не pyx ретінде көрінеді. Олай болса, табиғат патшалығы мен рух (тарих) 
патшалығы бірінен кейін бірі орналасқан қатар (даму) түзейді, ал олардың жеке 
сатылары «потенция» (мүмкіндік) деп аталады. Осы жеке сатылардың - потен- 
циялардың бір-біріне туысқандық қатынастары, олардың ортақ түрі абсолютке 
байланысты. Демек, потенциялар (жеке сатылар) бір-бірінен туындамайды, ке- 
рісінше, оларды өзінен абсолют шығарып, өзінің толық ашылғандығын көрсете- 
ді. Өзінің соңғы шығармасында Шеллинг дін тарихын метафизика тұрғысынан 
қарастырып, дінге жэне мистикаға бет бұрып, «кездейсоқ жағдайда ақиқатты фи­
лософия тұрғысынан ашу» ілімін жұрт алдында насихаттауға талпынады. Сөйтіп, 
ол рационализмнің шектен шыққан түрінен мистика мен иррационализмге бет бұ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет