Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша


У АҚЫТТАН ТЫС АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСҚА



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95352
1   2   3   4   5
У
АҚЫТТАН ТЫС АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСҚА
АҚЫ ТӨЛЕУ
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа 
еңбекақы
бір 
жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң
уақыттан тыс жұмысқа 
ақы төлеудің
ең аз деңгейін 
ғана айқындап, екі жаққа 
шарт
жасасу тәртібімен 
уақыттан тыс атқарылған 
жұмыс
үшін неғұрлым 
жоғары мөлшерде 
ақы
белгілеуге мүмкіндік береді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс 
беру арқылы орнын толтыруға болмайды.
Жұмыс қай 
кәсіпорынның
мүддесіне орай 
жасалғандығына қарамастан ол қай жұмыс 
берушінің бұйрығымен орындалса, уақыттан тыс 
атқарылған жұмысқа еңбекақыны сол төлейді. Бұл 
арада өкімнің қай түрде (жазбаша не ауызша) 
берілгендігінің маңызы шамалы. 
Жұмыс берушінің
өкімінсіз 
қызметкердің
өз ұйғарымы бойынша 
жасалған 
уақыттан тыс жұмыс
үшін ақы 
төленбейтіні ақиқат.


М
ЕРЕКЕ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КҮНГІ ЖҰМЫСТАРҒА
АҚЫ ТӨЛЕУ
Мереке
және 
демалыс күндері
жасалған жұмысқа 
еңбекақы
екі 
есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі 
еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік 
ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке 
күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, 
еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндік 
ставка
мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса
онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка 
мөлшерінде төленеді. Барлық қызметкерлерге мереке немесе 
демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін көтеріңкі 
мөлшерде еңбекақы төленеді.
Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен 
тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс 
істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы 
төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).
Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері 
атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс 
күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген 
жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет