Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты неде?
Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты ұжымдық қарым қатынасты нығайту. Балалардың бір бірімен тіл табыса алуы, өзін өзі басқаруы да басты мақсаты мен міндеті болады. Ол тәрбие берудің бір құралы десек те болады. Ұлтық құнды-лықтарды сақтау, мәдени мұраларды құрметтеу,үлкен мен кішіні сыйлау,кітап сүйгіштікке баулу т.б. осының барлығы сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге асады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері қандай?
Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, т.б. жатады. Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Мектептегі үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету.

Оқушылардың білім сапасын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың пайдасы бар ма?
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім беретін мектептердегі білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мақсаты– математика пәні бойынша оқушылардың қабілеттері мен дербестіктерін жан-жақты дамыту.Сонымен бірге, бұл жұмыс оқушылардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу, үлгірім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар:
сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар: - сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
- олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
- кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
- жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.
Сыныптан тыс жұмыстар.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар: 1. Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады. 2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі керек. 3. Сыныпта тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатында өтуі тиіс.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері: Тіл ширатуға
Есеп дағдыларын жетілдіруге Зейінді шоғырландыруға Тапқырлығы мен дүние танымын арттыруға Кеңістіктегі қиялын дамытуға және қисынды ойлауды жетілдіруге