Ғылымның пайда болуы және оның тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері. Алғы ғылым және ғылым. Білімнің қалыптасуындағы екі стратегия: практикалық тәжірибені талдап қорыту және теориялық үлгілерді құру. Ежелгі өркениеттер мәдениетіндегі ғылыми білімнің бастамалары (Үндістан, Қытай, Вавилон, Шумер, Египет). Ежелгі полистердің мәдениеті және теориялық ғылымның алғашқы формаларының қалыптасуы. Антикалық дәуірдің натурфилософялық идеялары. Эллинизм дәуіріндегі ғылыми білімнің даму ерекшелігі. Ежелгі Рим жағдайындағы білім жүйесі.
Орта ғасырдағы зияткерлік атмосфераның ерекшеліктері. Ортағасырлық Еуропадағы білім жүйесі. Ортағасырлық университеттердің феномені. Араб-мұсылман өркениеті жағдайында ғылымның дамуы. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі тәжірибелік ғылымның қалыптасуының алғышарттары. Қайта өрлеу дәуіріндегі натурфилософия. Жаңаеуропалық мәдениетте тәжірибелік ғылымның қалыптасуы. Жаңа заман философиясындағы гносеологиялық мәселелер. Танымның әмбебап әдісінің мәселесі. Жаңа заман мәдениетіндегі эксперименттік және математикалық жаратылыстанудың ерекшеліктері. Механикалық жаратылыстану ерекшеліктері.ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жаратылыстанудағы революция. Ғылымның кәсіби қызмет ретінде қалыптасуы. Ғылымның өзіндік пән ретінде пайда болуы. Ғылымның технологиялық қолданылуы