Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогикалық ғылымдар кафедрасы
Денгейлік тапсырма
Тақырыбы: «Қазіргі мектептегі тәрбие технологиясының ғылыми негіздері: классификациясы, ерекшеліктері, түрлері..»
Мамандық аты,шифры: 6В01101-Педагогика және психология
Қабылдаған: п.ғ.к., доцент. Рысбекова.А
Орындаған:ППП-911 тобының студенті Халмуратова Муниса
Түркістан
Деңгейлік тапсырмалар: Деңгейдің сұрақтары
"Технология" ұғымы, технология ғылым және практика ретінде “Технология” деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шікізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өңдеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде міндеті – практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстары мен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау