Жалпы "бесік" атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз


Бесік жырының бала тәрбиесіне әсері



бет6/8
Дата18.10.2022
өлшемі124,74 Kb.
#43829
1   2   3   4   5   6   7   8
Бесік жырының бала тәрбиесіне әсері.
Өз заманында Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, «бесік жырын айтатын аналардың азайып бара жатқанына қорқамын» дегені бізді ойлантуы тиіс. Қазіргі жас аналар оның не екенін де білмес. Алайда, осы дәстүрді халық арасында кеңінен насихаттап жүрген «Сырдария аудандық әйелдер» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлмекен Жаналиева біршама жұмыс жасап жүр. Жазғы демалыс айларында үш аудан бойынша бесік жырын айтатындар үшін байқау ұйымдастырды. Осындай маңызды шараларды ел ішінде ғана емес, қала аумағында өткізсе, құба-құп болар еді.Себебі, қаладағы көп жас аналар мұндай игі дәстүрімізден бейхабар екені жасырын емес.
Зейнеп Ахметова бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие.
«Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Бесікке қатысты, яғни ана мен баланың арасындағы тағы бір байланыс – бесік жыры деуге болады. Бесіктегі баласына ана әлдиін, бесік жырын айтпаған қазақ әйелі жоқ шығар. Жалпы бесік жыры жайлы не білеміз?Баласына не себепті бесік жырын айтқан, оның маңызы неде?
Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие.Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баласының құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырының тұрақты нұсқасы жоқ.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің ?!
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің ?!
Бұл – бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын таңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар.Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөлісіп айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған елімді көрер ме екем…» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп , ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен..
Бүгінде үлкен сахналарда да бесік жырлары заманауи әуенмен естіліп қалғанда қуанып қалатынымыз анық.
Бөпем менің қайда екен?
Қыздарменен тауда екен,
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен,
Қызыл алма қолында
Қыздар оның соңында,
Жүгіріп-жүгіріп жүр екен, – деген сияқты есте сақталатындай халық әніне салып айтылады.. Бала бесік жырын тыңдап жатып маужырап ұйықтағанды жақсы көреді. Әуен, саз деген – құдірет. Алла тағала жеті дыбысты жаратқан, ал қазақ халқының тумысынан әнші халық екені әмбеге аян. Олай дейтініміз, қазақ баласының тілінің ерте шығып, өнерге үйір болуының бір ұшы осы бесік жырында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет