Жалпы "бесік" атауының шығуы әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз



бет8/8
Дата18.10.2022
өлшемі124,74 Kb.
#43829
1   2   3   4   5   6   7   8
4.Қазіргі заман бесік жыры

Қазіргі таңда перзентханаларда жаңа туған сәбилерге «музыка терапия» әдісі қолданылады екен. Яғни,жаңа туған сәбиге түрлі классикалық әуендерді тыңдату.


Дәрігер-мамандардың айтуынша,осындай әуендерді тыңдаған балалар сергек,тыныш ұйықтайды дейді.Әрине,өз ұлтымыздың сәбилеріне өз ана тілінде әуендер тыңдатып, «бесік жырын» айтқанға жетпейтін шығар.
Жаңа заманның бесік жыры мынадай екен:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Коляскаңда жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Пісте шағып берейін.
Кел, басыңның үстіне,
Кепка тағып берейін.
Әпер деген затыңды,
Жылдам алып берейін
Тұлпар аламын десең,
Велосипед аласың.
Велосипед әперсем,
Қарамайсың, қашасың.
Ал енді сен тезірек,
Ұйықтай ғой-шы ақ бөпем.
Коляскаңа жат , бөпем,
Сен бизнесмен боласың,
Коттедж үйде тұрасың.
Айналайын, қарағым,
Өскенде бізді бағасың.
Қорытынды

Қазақтар жас сәбиді бесікке салуды қуаныш етіп, тойлап өткізген. Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың дені сау, ер-азамат болып өсуін халықтың тілейтіндігі де көрініп отырады. Кейіннен, бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды.


Бесік жыры  — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тіпті, кейбір елдерде ана өз баласына арнайы бесік жырын шығару керек, ал сәби оны өле-өлгенше жеке әні деп қабылдап, сақтауы керек.
Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімініңдүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.
Халқымыздың ұлттық дүниетанымы мен мағлұматының, нәрестенің жастайынан құлағына құйып өскен тағылымының бірден-бір айнасы есептелінетін жырларының бірі – бесік жыры. Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.
Тәлім-тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне дұрыс байланыс арқылы іске асады. Соңғы жылдардағы тарихи өзгерістері есепке ала отырып, бұл күндері бүкіл ел болып өткендегі адамдық қасиетті құрайтын барлық жарқын, өшпейтін озық дәстүр-салтымызға, әдет ғұрпымызға, кәде сыйымызға, жол-жоралғымызға іздеу салып, ең қажеттерін ғасырлар қойнауынан аршып ала бастадық.
Бауыржан Момышұлы атамыз «Балаларға бесік жырын айтатын келіндердің, ертегі айтатын әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын», – деп бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызының зор екендігін айтады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан 


Атамұра 2010 жыл
2. Интернет мәліметтері
3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (2-том)
4. Зейнеп Ахметованың жазбаларынан 
5. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» С.Қалиев 1993 жыл, Алматы
6. Әдебиеттік оқу 2-сынып Алматы «Атамұра» -2013 жыл.
7. Әдебиеттік оқу хрестоматиясы 2-сынып Алматы «Атамұра» -2013 жыл.
8. «Тәрбие құралы» журналы №4, 2005 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет