Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «Әбіш оқуларының» байқауын өткізудің ережесі І. Жалпы ереже



бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі18,73 Kb.
#69860
1   2   3
Байланысты:
ереже Әбіш2023

Үй тапсырмасы: Ә.Кекілбаев Шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы.

Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 2 –тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты-жөні, облыс, аудан (қала) атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.


Облыстық кезеңде жас суретшілерге қазылар алқасы екі тақырып «Бәйгеторы және «Автомобиль» шығармалары) ұсынып, оны жоғарыдағы орындау техникасына сәйкес салуын тексереді. Берілген уақыт -3 сағат.
Орындау техникасы: Жұмыс фоматы – А3 түрінде.Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.). рамаға салынып, суреттер «Дарын» қосымша білім орталығында қалдырылады. Сурет салуға қажетті құралдарды өздерімен бірге әкеледі (акварель, гуашь, акрил, тушь, перо, қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар және мольберт).



    1. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу байқауы.

Қойылатын талаптар:Байқауға 1 оқушы қатысады, өзі таңдаған 2 шығарманы (1 проза, 1 поэзия) ұлттық құндылықтар, ел, туған жер, адамгершілік, махаббат, өнер тақырыптарында мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 3-5 минут.





    1. Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.

Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады, оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды.


Жұмыс көлемі 10 беттен аспау керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD шрифт Times New Roman-14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) беттері нөмірленуі тиіс. Титул парағында:

  • жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;

  • жұмыстың тақырыбы;

  • бағыты; (тарихи тұлғалар, туған ел, жер, сүйіспеншілік)

  • орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі ауданы);

  • жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

  • жұмыстың орындалған уақыты;

  • мазмұны;

  • абстракт (аннотация) – жұмыстың барысы 250 сөзден артық емес сөден тұратын жұмыстың қысқаша мазмұндамасы көрсетілу тиіс;

  • кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес), мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі.

  • жұмыстың негізгі бөлімі: 5 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін;

  • қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.

Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілген уақыт: 5-7 минут





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет