Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Жалпы ереже


Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке



бет12/17
Дата25.11.2023
өлшемі137,04 Kb.
#126558
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке
алуды жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
1. Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын әрбір мектепте директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары (директор) жүргізеді.
2. Журналға босатылған және ауыстырылған сабақтар жөніндегі мәліметтер енгізіледі. Жазбалар тек ресімделген тиісті құжаттардың негізінде жүргізіледі (мектепішілік бұйрықтар, сынып журналындағы жазбалар және т.б.).
3. Ауыстырылған сабақты жүргізген мұғалім ол жөнінде журналға қол қояды.
4. Журналдағы жазбалар есепшілік бөлімге еңбек жалақысын тағайындауға берілетін жұмыс уақытын пайдалану және жалақыны есептеу табелнідегі жазбаларға сәйкес келуге тиісті,
5. Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналындағы барлық жазбалар анық, ұқыпты және сиямен немесе пастамен (мектеп әкімшілігі шешіміне сәйкес) толтырылуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде


мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10 қосымша
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мектепалды сыныптарының
ЖУРНАЛЫ
________________________________________________________________________
(облыс)
________________________________________________________________________
(аудан, қала, ауыл)
________________________________________________________________________
(мектептің аты)
_________ сынып
_________ оқу жылы _________

Мектепалды сыныптарының журналын жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
1. Мектепалды сыныптарының журналы мектепалды сыныптары бар барлық мектептерде жүргізіледі.
2. Мектеп директоры және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мектепалды сыныптары журналының сақталуын қамтамасыз етуді және олардың дұрыс жүргізілуіне жүйелі түрде бақылау жасауға міндетті.
3. Мектепалды ьсыныптарының журналы бір оқу жылына есептелген. Мектепалды сыныптарының әрбір тәрбиешісі аталған журналға тиісті жазбалар жүргізуге міндетті.
Тәрбиеші журналдың ашылған бетінің сол жағына сабақтың өткізілген күнін жазуға, қатыспағандары «ж» әрпімен белгілеуге міндетті.
Тәрбиеші журналдың ашылған бетінің оң жағына өтілген сабақтың тақырыбын жазуға міндетті.
Журналда инвариативтік бөлікке кіретін пәндермен бірге вариативтік пәндері де жазылған.
4. Мектепалды сынып журналына топқа жазылу тек қана мектеп директорының бұйрығымен ресімделген тәрбиеленушілердің тектерін енгізуге оұқсат етіледі. Егер тәрбиеленуші мектепалды сыныбына баруды тоқтатса және оның шығарылуы мектеп директорының бұйрығымен ресімделсе, «Шығарылған күні» бағанына тиіс. Егер тәрбиеленуші сыныпқа жыл ортасында келсе, оның тегі тізімнің соңына енгізіледі.
5. Мектепалды сыныбының тәрбиешісі тәрбиеленушілердің тегін журналға алфавит тәртібімен жазады. «Тәрбиеленушілер туралы жалпы мағлұматтарды» толтырады, «Тәрбиеленушілердің сабаққа қатысуын есепке алу» туралы тарауына тоқсан және жыл бойғы әрбір тәрбиеленушілер мен сыныптың қатыспаған күндері мен сабақтарының санын ай сайын жазып отырады.
6. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертпелер» бетін мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет