Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Жалпы ереже


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет16/17
Дата25.11.2023
өлшемі137,04 Kb.
#126558
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жалпы орта білім беру туралы аттестатты беру және есепке алу
КІТАБЫ
________________________________________________________________________
(облыс)
________________________________________________________________________
(аудан, қала, ауыл)
________________________________________________________________________
(мектептің аты)
________________________жылы кітап басталды
________________________жылы кітап аяқталды

Жалпы орта білім туралы аттестат беруді және бланкілерді есепке алу
кітабын жүргізуге арналған
НҰСҚАУ
1. Жалпы орта білім туралы аттестат беру және бланкілерді есепке алу кітабы әрбір орта мектепте жүргізіледі.
2. Кітаптың бірінші бөлімінде жалпы орта білім туралы алынған жай аттестаттың, үздік аттестат пен «Алтын белгі» белгісімен ерекше үлгідегі аттестаттар сериясы мен нөмірі көрсетіледі және берілген аттестат бланкілерінің саны жеке есептелінеді.
3. Қалған таза аттестат бланкілері, сондай-ақ бүлінген бланкілер сериялары мен нөмірлері көрсетіле отырып, аудандық (қалалық) білім беру бөліміне тапсырылады. Мектеп бланкі тапсырылғаны жөнінде кітапта тиісті жазба түсіріледі.
4. Жалпы орта білім туралы аттестат беруге мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады. Хаттаманың нөмірі және күні кітапқа енгізіледі.
5. Кітаптың екінші бөлігінде орта мектепті бітіргендер туралы толық мағлұматтар жазылады. Оқушының мектепті бітірген жылы кітаптың орта тұсына, бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты алдына жазылады.
Үздік аттестат немесе ерекше үлгідегі «Алтын белгі» белгісімен аттестат алғандар 30-бағанға «Жалпы орта білім туралы аттестат үздік бітіргендігі» (ерекше үлгідегі «Алтын белгі» белгісімен аттестатын алғаны) туралы (тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, жылы көрсетілген) жазба түсірілуі тиіс.
6. Бір немесе бірнеше пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған оқушылар мен сыныптарға анықтама беру туралы белгілер бланк және аттестатты есепке алу кітабына жасалады. «Жалпы орта білім туралы аттестатты алу жөнінде қолхат» бағанында мектеп директоры оқушыға анықтама бергені туралы жазба түсіреді.
7. Жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесін беру жөнінде жазба осы кітаптағы кезекті нөмір бойынша жүргізіледі, онда 4-29 бағандар мынадай мәтінді жазу үшін пайдаланылады: «_____ жылғы ______ (күні) ______ (айы), берілген №______ сериясы ________ жоғалған түпнұсқаның орнына берілген көшірмені ______ жылғы ____ (күні) _____ (айы) алдым», ал жоғары жағында, 2-жолда, №______ сериясы ________ көшірмені беру туралы белгі қойылады.
8. Қате толтырғанның орнына аттестат беру туралы жазба бланкілерді есепке алу және беру кітабындағы кезекті нөмір бойынша жүргізіледі, онда 4-29 бағандар мынадай мәтінді жазу үшін пайдаланылады: «_____ жылғы ______ (күні) ______ (айы), берілген №______ сериясы ________ қате толтырылған түпнұсқаның орнына ______ жылғы ____ (күні) _____ (айы) алдым», ал жоғары жағында, 2-жолда, №______ сериясы ________ қайтадан куәлік беру туралы белгі қойылады.
9. Экстернге жалпы орта білім туралы аттестат беру жөнінде жазба, сондай-ақ осы кітаптың 5-бағанында көрсетілген «осы мектепке қабылданған жылы» -«экстерн» бағанына енгізіледі.
10. Мектепті осы жылы бітіргендер тізімінің соңына барлық куәлік алғандардың қолы болуы тиіс.
11. Кітаптың беттері нөірленіп, бау өткізіліп мектеп директорының мөрі және қолымен бекітіледі.
12. Негізгі мектепті бітіргендері туралы куәлік беру және бланкілерді есепке алу кітабындағы барлық жазбалар анық, мұқият сиямен немесе пастамен (мектеп әкімшілігінің шешіміне сәйкес) жазылуы тиіс.

І бөлім. Негізгі мектепті бітіргені туралы куәліктерді есепке алу


(сол жақ беті)
Кітаптың ішкі беттері

КІРІС

№ р/с

Аттестаттардың атауы, сериясы, нөмірі

Саны

Кіріске алу үшін негіздеме және алған күні





















Беттің соңына дейін
(оң жақ беті)

ШЫҒЫС

№ р/с

Аттестаттардың атауы, сериясы, нөмірі

Саны

Беру үшін негіздеме, берілген күні

Мектепте қалған, сондай-ақ бүлінген, нөмірі көрсетілген бланкілерді алғаны туралы мектеп құжаттарымен айналысатын адамның қолы































Беттің соңына дейін

ІІ бөлім. Негізгі мектепті бітіргені туралы куәліктерді есепке алу


Кітаптың ішкі беті
(сол жақ беті)

№ р/с

Аттестаттың сериясы, нөмірі

Мектеп бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы, айы, күні

Осы мектепке қабылданған жылы

Пәндер бойынша білім бағасы

1

2

3

4

5

...



















Беттің соңына дейін
(сол жақ беті)

...

Марапаттау

Орта мектепті бітіргені туралы педкеңес шешімінің жылы, айы, күні

Орта мектепті бітіргені туралы аттестатты алу жөніндегі қолхат

...

22

23

24













Кітаптың соңғы беті
Осы кітапта _____________________________________ бет (жазбаша) нөмірленген, бау өткізілген және мөрімен бекітілген.
Мектеп директоры ______________________ (қолы)
Мөрдің орны
______ жылғы «______» ________________ ж.

Жалпы білім беретін мектептерде


мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
14 қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет