Ұлы Даладағы ежелгі мәдениет
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар.Ол көшпелілердің тіршілік-тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.Көшпелілер өз тұрмыс әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған.Көшпелі мәдениет үлгілеріне жиналуы, құрылуы өте жеңіл киіз үйді,ат әбзелдерін,теріден, ағаштан жасалған ыдыстарды, бесікті жатқызамыз.Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған.Оңтүстікте сабан, кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған.
Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан.Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметшісі, ат, қару-жарақ, азық-түлік бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болса, әшекей бұйымдарын көмген. 1969 жылы Қазақстан археологтары ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды. Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды.
ХХ ғасырдың 90-жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.Сақтардың зергерлік мәдениет өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу.Олар мал өсіріп, аңшылық құрған, егін салған.Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған.
Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған.Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған.Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған.Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Үй кәсіптерінің ішінде ұсталық кәсіп, керамикалық ыдыстар,зергерлік бұйымдарын жасау және тастан, сүйектен бұйымдар жасау кеңінен дамыған. Сәулетті сарай ғимараттарының, үй қабырғаларындағы әдемі ою-өрнектердің табылуы ұлы далада ежелгі мәдениеттің жоғары болғанын білдіреді. (300 сөз)
|