- 1 балл (1 деңгей);
- 2 балл (2 деңгей);
- 3 балл (3 деңгей).
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны үшін деңгейге сәйкес ұпай беріледі, ал бір дұрыс емес жауап үшін -1 ұпай шегертіледі. Белгіленбеген сұрақ үшін 0 ұпай қойылады.Онда тек бір дұрыс жауап бар.
Ең жоғары ұпай – 50 балл. 27. Берілген Олимпиадалық тапсырмалардың құпиялылығын қамтамасыз ету және сапалы қамтамасыз ету үшін жауапкершілік, бейнетрансляция аудан/қала білім басқармасының басшысына жүктеледі.
28. Оқушылардың жұмысын тексеру және бағалау, әр пән бойынша тапсырмаларды талқылау және түсіндіру және апелляция өткізу үшін ұйымдастыру комитеті қазылар алқасы мүшелерінің құрамын бекітеді. Егер тапсырма тест түрінде болатын болса, апелляцияны өткізу қарастырылмайды. 29. Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және жоғары біліктілік санаттары бар аудандық/қалалық білім басқармаларының өкілдері, сондай-ақ мектептердің, жоғары оқу орындарының түлектері және студенттер болып табылатын облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіруі мүмкін. Қатысушылардың санына байланысты қазылар алқасы мүшелерінің құрамы тақ санды құрайды (кемінде 3 адам). Қазылар алқасының құрамына оқушылары олимпиаданың қатысушылары болып табылатын педагогтар кірмейді.
30. Әр тур аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының шифрланған және сканерленген көшірмелері аудан/қала білім басқармасының интернет ресурсында орналастырылады.
31. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар аудан/қала білім басқармасының интернет ресурсында орналастырылады.
32. Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін аяқтау қорытындысы бойынша аудан/қала білім басқармалары әрбір пән мен сынып бойынша қорытынды хаттамаларға сәйкес кезең аяқталған сәттен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысу үшін командалар қалыптастырады.