Олимпиада қатысушылары құқылы:
1. Олимпиаданың басталуына кешіккен қатысушылар жарысқа қатысуға
құқылы, бірақ олар үшін тапсырмаларды орындау уақыты ұзартылмайды.
2. Қатысушылардың жұмыс орнында қажетті және рұқсат етілген кеңсе
заттары (жазу құралдары, ауыз су және шоколад) болуы мүмкін.
Олимпиаданы өткізу кезеңінде:
- ұйымдастырушылар олимпиаданың басталу уақытын жариялағаннан
кейін (олимпиаданың басталу және аяқталу уақыты тақтаға жазылады)
жұмысты орындауға кірісу;
- Олимпиадаға қатысушылар олимпиада жұмысын аудиториядағы
жауапты ұйымдастырушыға тапсырып, олимпиада кезінде аудиториядан
дәлелді себеппен (санитарлық бөлмеге, медициналық кабинетке) шығуы
мүмкін. Мұндай кезде олимпиада орындау үшін уақыт ұзартылмайды.