«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан



бет14/14
Дата31.03.2022
өлшемі50,44 Kb.
#29500
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
! ! ! Ш;V 5 29.01.2021 (1)

Екінішден, ұзақмерзімді жоспарда кодталған мақсаттар қайталанады. Ал мақсаттар жүйесі өзгертіліп, ондағы қалыптасатын дағдылар күтілетін нәтиже түрінде айқындалғандықтан, бұл жоспардың қажеттілігі болмайды.

Үшіншіден, атауына байланысты «ұзақ мерзімді», одан шығатын «орта мерзімді», оның негізінде құрылатын «қысқа мерзімді» жоспарлар мұғалімді қағазбастылыққа мәжбүрлейді. Нәтижесінде тәжірибеде көрсеткендей, дайын жоспарларды көшіріп алуға дағдыланған мұғалім өзінің күнделікті сабақ жоспарын әзірлеуде шығармашылығы назардан тыс қалады.

Төртіншіден, жоспар белгілі бір уақыт мерзіміне арналып, ондағы білім мазмұны бойынша тақырыптары айқындалған және оған сай мақсаттары белгіленген болса, күтілетін нәтижеге еркін қол жеткізуге болады.

Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесіне енген (ҚР БҒМ


06.04.2020 ж. № 130 бұйрығы) күнтізбелік-тақырыптық жоспар мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарын әзірлеуіне толық негіз болады.

Өйткені күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеу үшін бағдарламада сағаттар саны мен күтілетін нәтижелер айқындалған. Ал сабақтың тақырыптары оқулықта берілген.

Әр білім беру ұйымдарының пән бірлестіктері өздерінің материалдық-техникалық базасы мен оқу ресурстарына қарай оқу жылына арнап, күнтізбелік-тақырыптық жоспарын әзірлейді, оны мектеп басшысы бекітеді.

Сөйтіп, бағдарлама соңында «Ескерту: күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оқу бағдарламасында көрсетілген сағат сандарына, күтілетін нәтижелерге сүйеніп, оқулықтағы тақырыптар бойынша жасалынады» деген толықтыру енгізілді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет