«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан


) дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу



бет8/14
Дата31.03.2022
өлшемі50,44 Kb.
#29500
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
! ! ! Ш;V 5 29.01.2021 (1)

3) дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу;

4) сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айта білу;

5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем құрай білу, шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;

6) сөз әдебіне үйрену.

Ескерту: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.


Оқу бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобы талқылап, тыңдалым мен айтылым бойынша жинақтап, стилі жағынан дұрыстады.
Жұмыс тобы «дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі» 5-6 жастағы білім алушыға қиындық туғызатын болғандықтан, тек «дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату» жеткілікті деп шешіп, білім мазмұнынан алып тасталынды.

Жұмыс тобының ұсынуымен «сөзді тіркестіре білу» ұғымы енгізілді. Сөз тіркесі ұғымы бұл жастағы балаларға қиындық туғызатын болғандықтан, бұл практикалық тұрғыдан танытылатыны ескерді.



14. Оқылым:

1) сөздегі дыбыс саны мен ретін анықтау, дыбыстық талдау жасау;

2) дыбыстардың мағына ажыратушы қызметін түсіну;

3) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

4) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

5) дыбыс пен әріпті ажырату, дыбыстың айтылу ерекшелігін, әріппен таңбаланатынын білу, жазылған сөздің әріптік құрылымын тану;

6) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә,


о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану;

7) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) дауыстап оқу; түсініп оқу;



8) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;

9) мәтін туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

10) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;

Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-ден аспауы керек.




14. Оқылым:

1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді
(4-10 сөйлем) дауыстап оқу, түсініп оқу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет