2-тарау. "Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1 параграф. "Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұны 6. "Дене шынықтыру" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы 108 сағатты құрайды;
2) 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы 108 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады:
1) Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент);
2) Денені жетілдіру және шеберлік (әрекеттік компонент).
8. "Дене шынықтыру туралы білім" бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:
1) "Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы";
2) "Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру";
3) "Адамның дене мәдениеті" тақырыптарын қамтиды.
Бөлімде Қазақстандағы спорт пен дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Бұл бөлімде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
9. "Денені жетілдіру және шеберлік" бөлімі білім алушылардың дене шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.
10. Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
11. Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану негізделген, өйткені ол дене шынықтыру мұғалімдеріне бүкіл оқу кезеңінде олардың дамуының жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың үлгерімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
12. Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрлері:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
4) спорт секциялары мен үйірмелер;
5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Сабақтар білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.
13. "Дене шынықтыру" пәнін оқыту барысында білім алушыларды білім беру ұйымының медицина қызметкері арнайы медициналық топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады. Осы топтарды арнайы профилактикалық бағдарлама бойынша аурудың түріне байланысты оқытады.
14. Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
15. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу процесінде пәнаралық байланыс іске асырылады:
1) "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Ағылшын тілі": сөз қорын дене шынықтыру саласында қолданылатын терминдермен толықтыру;
2) "Физика": "механикалық жұмыс", "ауаның қарсылығы", "дене салмағы", "біркелкі емес және біркелкі сырғу", "қуаттылық" секілді түсініктер бойынша қабылданған білім деңгейін қолдану;
3) "Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия": ұзындықты, биіктікті, жылдамдықты, қашықтықты, уақытты есептеу, ұзындық пен биіктікке секіру үшін жүгіруді есептеп шығару;
4) "Биология": шылым шегу мен алкоголдік ішімдік ішудің ағзаға тигізетін зияны туралы, зат алмасу процесі туралы материалдарды қолдану;
5) "Дүниежүзі тарихы", "Қазақстан тарихы": олимпиадалық қозғалыс тарихы; қазақтың ұлттық ойындарының пайда болу тарихы;
6) "География": көкжиек тұстарын білу, жергілікті жерлерде түрлі белгілер және карта бойынша бағдарлай білу біліктілігі;
7) "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық": саптық жаттығуларды пайдалану; кедергілер жолағынан өту; өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктілікке, оларды түрлі жағдайларда қолдана білуді оқыту және үйрету; патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
16. "Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұны.
10-сынып.
1) Тақырыптық жоспар "Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу".
Бағдарлама бөлімдері
Бағдарлама бөлімдері
Оқу тоқсандары. Сағаттар саны
1
2
3
4
S
Базалық
1. Жеңіл атлетика
7
-
-
7
14
2. Спорт ойындары
15
8
15
7
45
Футбол
8
-
-
7
15
Баскетбол
-
8
7
-
15
Волейбол
7
-
8
-
15
3. Гимнастика
-
9
-
-
9
4. Шаңғы дайындығы*
-
-
10
-
10
5. Жүзу**
-
-
-
6
6
Базалық бөлік бойынша барлығы:
22
17
25
20
84
Вариативті
Вариативті бөлім нақты спорттық ойындарды тереңдетіп оқытуда білім беру ұйымдары футболды, волейболды, немесе баскетболды таңдауы арқылы жүзеге асырылады
4
9
5
6
24
Оқу жылы бойынша сағаттар саны:
26
26
30
26
108
Ескерту:
*– Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.
**– Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.
17. Білім негіздері:
1) Дене жаттығуларымен шұғылданудың жұмыс істеу қабілетіне тигізетін әсері. Дене шынықтырудың заманауи сауықтыру жүйелері және олардың түрлері және мазмұны.
18. Жеңіл атлетика:
1) Қашықтыққа байланысты жүгіру техникасы мен тактикасының ерекшеліктері. 100 м жүгіру. 4×100 м эстафеталық жүгіру. Кедергілер арқылы жүгіру. 800 м жүгіру. 3000 м (ер балалар) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру.
2) Жеке тәсілмен ұзындыққа секіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
3) 18-20 м (ер балалар), 12-14 м (қыз балалар) түрлі жарақтарды нысанаға лақтыру. Граната лақтыру: ер балалар (700 г), қыз балалар (500 г).
19. Спорт ойындары:
1) Баскетбол: Қозғалу техникаларының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Допты қағып алу мен беруді қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде орындау нұсқалары. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (тартып алу, соғып жіберу, жармасу, жабу). Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.
2) Волейбол: Қозғалу техникаларының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Допты беру және қабылдау техникаларының нұсқалары. Допты жоғарыдан тік қолмен ойынға қосу. Ойынға қосылған допты қабылдау. Тігінен шабуылдау соққысын тордан асыра орындау. Шабуыл соққысына тосқауыл қою нұсқалары (жалғыз және жұптасып). Сақтандыру. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.
3) Футбол: Қозғалу техникаларының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Допты игеру техникасының қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет. Қақпашы іс-әрекеті. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер.
20. Гимнастика:
1) Саптық жаттығулар: Бұрынғы үйретілген жаттығуларды қайталау, қозғалыстағы бұрылу тәсілдері. Бір колоннадан екі, төрт және сегіз колоннаға қайта сап құру.
2) Жалпы дамыту жаттығулары: Дененің негізгі бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар (ауырлықпен және ауырлықсыз).
3) Гимнастиканың әртүрлі түрлері (шейпинг, пилатес, стрейчтинг, күш гимнастикасы).
4) Таянып секіру (ер балалар): Ұзынынан қойылған гимнастикалық ағаш аттың шеткі бұрышынан қолмен итеріліп, аяқты ашып секіру (Ағаш аттың биіктігі 130 см).
5) Таянып секіру (қыз балалар): Гимнастикалық кіші аттан аяқты ашып секіру (кіші аттың биіктігі 120 см).
6) Кермеде орындалатын жаттығулар (ер балалар): Асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріліп таяну. Асылып тұрған қалыптан күшпен аунап көтеріліп таяну. Аяқты сермеп орындалатын жаттығулар. Асылып тұрып аяқты сермеу – шалқая көтерілу. Таянып тұрып артқа құлау – кермеге жанаса айналу. Таянып тұрған қалыптан аяқты доға бойынша сермеп, артқа сермелген сәтте секіріп түсу.
7) Арыста орындалатын жаттығулар (ер балалар). Қолмен таянып тұрып тербелу; қолмен таянып тұрып тербеліп, қолды бүге көтерілу, аяқты ашып отыру; аяқты ашып отырған қалыптан алға аунап, аяқты ашып отыру; таянып тұрып тербеліп, артқа сермелген сәтте шалқая секіріп түсу.
8) Бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар): Жүрелей таянып отыру, сол аяқпен жүрелеп отыру – оң аяқ артқа; көлденең жүрелей таянып отыру – қол қапталда. Жүру түрлері: аяқ ұшымен, тізені биік көтеріп, алға ұмтыла. Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай және толығымен сермеп бұрылу. Иіліп, шалқайып секіріп түсу.
9) Акробатика (ер балалар): Биіктігі 80-90 см кедергіден алға ұзыннан аунай секіріп өту. Қолмен тұру. Қолмен тұрып, аунап айналуға көшу. Басымен және қолмен тұру арқылы көпір жасауға көшу.
10) Акробатика (қыз балалар): Бұрынғы үйренген акробатика элементтерінен жинақталған жеке кешен жаттығулары.
11) Өрмелеу. Биіктігі 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу (ер балалар).
21. Шаңғы дайындығы:
1) Бұрынғы үйретілген шаңғы жүрістерін жергілікті жер бедері және қардың жағдайына қарай қолданып шаңғымен қозғалу.
2) Шаңғы жолындағы табиғи кедергілерден аттап, секіріп және астынан еңкейіп өту.
3) 3-5 шақырым қашықтыққа жүгіру. Шаңғымен көтерілу түрлері: сырғи адымдап, "шырша" тәсілдерімен. Биік және төмен тұру қалпымен еңіске түсу. Шаңғымен бұрылу түрлері: "адымдап", "соқаша", "тіреліп".
22. Сауықтыру жүгірісі, жүру және басқа да аэробты жүктеме жаттығулары:
1) Жылдамдықты өзгертіп жүгіру. Бірқалыпты жылдамдықты қолдап 5 шақырымға дейін қашықтыққа жүгіру.
2) Табиғи кедергілерден өту арқылы жүгіру.
3) Скандинавия жүрісі.
4) Фартлек (жылдамдық ойыны немесе жүгіру ойыны).
23. Жүзу:
1) Бұрынғы үйретілген тәсілдермен жүзу, таңдап алған тәсілмен 2×50 м жүзу.
2) Қолданбалы жүзу түрлері, суға батушыны құтқару тәсілдері.
24. 10-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі
(ер балалар).
26. "Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып.
1) Тақырыптық жоспар "Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу".
Бағдарлама бөлімдері
Бағдарлама бөлімдері
Оқу тоқсандары. Сағаттар саны
1
2
3
4
S
Базалық
1. Жеңіл атлетика
7
-
-
7
14
2. Спорт ойындары
15
8
15
7
45
Футбол
8
-
-
7
15
Баскетбол
-
8
7
-
15
Волейбол
7
-
8
-
15
3. Гимнастика
-
9
-
-
9
4. Шаңғы дайындығы*
-
-
10
-
10
5. Жүзу**
-
-
-
6
6
Базалық бөлім бойынша барлығы:
22
17
25
20
84
Вариативті
Вариативті бөлім нақты спорттық ойындарды тереңдетіп оқытуда білім беру ұйымдары футболды, волейболды, немесе баскетболды таңдауы арқылы жүзеге асырылады
4
9
5
6
24
Оқу жылы бойынша сағаттар саны:
26
26
26
30
26
Ескерту:
* – Қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарының орнына жалпы төзімділікті дамытуға сауықтыру жүгіру сабақтары мен басқа да аэробты жүктеме жаттығуларын қолдану ұсынылады.
** – Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаның жүзу бөлімін іске асыруға арналған уақытты спорттық дағдыларын жетілдіру үшін, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен оның орнына дене шынықтырудың спорттық ойын түрлерін қолдану ұсынылады.
27. Білім негіздері:
1) Дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулықты қорғау және денсаулық салалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының негіздері.
2) Дене жаттығуларының ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін анықтайтын факторлар: жаттығудың сипаты (циклді және күрделі қимыл-қозғалыс жаттығулары); дене жүктемесінің көлемі мен қарқыны.
3) Отбасына арналған дене шынықтыру.
28. Жеңіл атлетика:
1) Жарыс жаттығуларының жеке техникаларын жетілдіру (бұрынғы үйретілген оқу материалдарының негізінде). 100 м төменгі сөреден қарқынды жылдамдықпен жүгіру. 4×100 м эстафеталық жүгіру. 3000 м (ер балалар) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру.
2) "Аяқты бүгу" тәсілімен ұзындыққа секіру.
3) Салмағы 700 гр (ер балалар) және 500 гр (қыз балалар) гранатаны лақтыру.
29. Спорт ойындары:
1) Баскетбол: Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Екі жақты ойын.
2) Волейбол: Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Екі жақты ойын.
3) Футбол. Ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар. Шабуылдағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Шабуылдағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер. Қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Қақпашының ойын әрекеттері. Екі жақты ойын.
30. Гимнастика:
1) Саптық жаттығулар, өткен оқу материалдарын қайталау және жетілдіру.
2) Негізгі бұлшық ет топтарын дамытуға бағытталған жалпы дамыту жаттығулары (ауырлықтармен және ауырлықсыз).
3) Гимнастиканың әртүрлі түрлері (шейпинг, пилатес, стрейчтинг, күш гимнастикасы).
4) Таянып секіру (ер балалар): Ұзынынан қойылған ағаш аттың алыс бөлігінен қолмен итеріле аяқты ашып секіру (ағаш аттың биіктігі 130 см).
5) Таянып секіру (қыз балалар): Кіші ағаш аттан аяқты ашып секіру (кіші ағаш аттың биіктігі 120 см).
6) Кермеде орындалатын жаттығулар (ер балалар): Күшпен көтерілу, бұрыштай келе асылу қалпына түсу және күшпен айналып көтерілу. Асылып тұрған қалыптан күшпен айналып көтеріліп таяну. Аяқты сермеп орындайтын жаттығулар. Асылып тұрып тербелу – түзеле көтерілу. Таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сілтеп, айналым – сырғауылға жанаса аунау. Таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп секіріп түсу.
7) Арыста орындалатын жаттығулар (ер балалар): Арыста таянып тұрып алға және артқа тербелу кезінде қолды бүгіп-жазу. Аяқты алға сермеп көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты ашып отыру. Иығымен таянып тұру. Алға аунап, аяқты ашып отыру. Аяқты ортаға түсіріп, артқа сермеген сәтте секіріп түсу.
8) Бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар): Бұрынғы үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар. Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай сермеп және толығымен сермеп бұрылу. Иіліп, шалқайып секіріп түсу.
9) Акробатика: Бұрынғы үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар.
10) Өрмелеу: Биіктігі 4 м арқанға өрмелеу (ер балалар).
31. Шаңғы дайындығы:
1) Қашықтық шарты мен шаңғы жолының жағдайына байланысты жүруден жүру тәсілдеріне көшу.
2) Шаңғымен 5000 м қашықтықты тиімді екпінмен жүріп өту.
32. Сауықтыру жүгірісі, жүру және басқа да аэробты жүктеме жаттығулары:
1) Жылдамдықты өзгертіп жүгіру. Бірқалыпты жылдамдықты қолдап 5 шақырымға дейін қашықтыққа жүгіру.
2) Табиғи кедергілерден өту арқылы жүгіру.
3) Скандинавия жүрісі.
4) Фартлек (жылдамдық ойыны немесе жүгіру ойыны).
33. Жүзу:
1) Толық үйлесімде жүзу. Бұрынғы үйретілген тәсілдермен 3×50 м кешенді жүзу;
2) 100 м қашықтықты жылдам жүзіп өту. Суға батушы адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.
34. 11-сынып білім алушылардың дене дайындықтарын бағалау кестесі
(ер балалар).