Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер



бет5/12
Дата21.11.2023
өлшемі159,21 Kb.
#125074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
399 приказ

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене сапаларын жетілдіру болып табылады. Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол білім алушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
3. "Дене шынықтыру" пәнінің мақсаты – білім алушыларды өз денсаулықтары мен психикаларын нығайтуға ынталандыру болып табылады. Оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеріп, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету.
4. Оқу бағдарламасы:
1) дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім деңгейін қалыптастыруды;
2) негізгі дене сапаларын жетілдіруді, арнайы спорттық біліктіліктер мен дағдыларды дамытуды;
3) түрлі деректер арқылы ақпараттарды қолдану, оның мән-мағынасын түсіне отырып, коммуникативті дағдыларды дамытуды;
4) идеялық және зерттеу дағдыларын дамытуды;
5) адамгершілік-жігер қабілеттерін қалыптастыру міндеттерін шешуді көздейді.
5. "Дене шынықтыру" пәнін оқу-үйрену білім алушыларға:
1) пән бойынша игерген білім, біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; өзінің дене дамуындағы қимыл-қозғалыс құзіретін жақсарту қажеттілігін бағалауға;
2) жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға, "әділ ойын" және өзін үздіксіз жетілдіру қажеттілігін сезінуге;
3) жекебас гигиенасын сақтау маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуге;
4) дене жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң әсерін білуге;
5) өзінің және өзгелердің дене жағдайын бағалауға;
6) сыни көзқарас және шығармашылық тұрғыдан ойлана білу, қиындықтарды жеңе білу мен қарым-қатынас орната білуді дамытуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет