Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет101/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   132

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

      12. 10-сыныпқа арналған алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық білім мазмұны

келесі тараулардан тұрады:

      1) «7 - 9 сыныптардағы алгебра курсын қайталау (6 сағ)». Нақты сандарға амалдар қолдану.

Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері. Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Құрамында

квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдіктерді дәлелдеу. Сызықтық, квадрат

және бөлшек-рационал теңдеулер. Сызықтық, квадрат және бөлшек-рационал теңсіздіктер. Интервалдар

әдісі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық және

сызықтық емес теңдеулер және теңсіздіктер жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген

теңдеулер мен теңсіздіктер. Мәтінді есептерді шығару. Сандар тізбегі. Тригонометриялық

өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

      түріндегі функциялар, олардың қасиеттері және графиктері;

      2) «Функция, оның қасиеттері және графигі (15 сағ)». Функция. Функцияның анықталу облысы

және мәндер жиыны. Функцияның берілу тәсілдері. Функцияның графигі. Функцияның қасиеттері: өсуі

және кемуі, шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары.

Нүктенің аймағы. Экстремум нүктелері және функцияның экстремумдары. Кемімейтін функция. Өспейтін

функция. Кері функция. Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер. Функцияны зерттеу және оның

графигін салу;

      3) «Тригонометриялық функциялар (10 сағ)». Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен

графиктері. Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Құрамында арксинусы, арккосинусы,

арктангенсы, арккотангенсы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Кері тригонометриялық функциялар;

      4) «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер (15 сағ)». Тригонометриялық теңдеу. sinх =

а, cosх = а, tgх = а, ctgх = а түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер және олардың

шешімдері. Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері (бір тригонометриялық функцияға

байланысты алгебралық теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық

формулалардың көмегімен түрлендіріліп шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Теңдеудің

дәрежесін төмендету арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Біртекті тригонометриялық

теңдеулер. Қосымша аргумент енгізу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер).

Тригонометриялық теңдеулер жүйелері және олардың шешімдері. Тригонометриялық теңсіздік.

Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу;

      5) «Туынды (22 сағ)». Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы

үзіліссіздігі. Функцияның үзілісті нүктелері. Асимптота. Туынды. Функцияның дифференциалдануы.

Туындыны табу ережелері. Дифференциалдау. Дәрежелі функцияның туындысы. Туындының физикалық және

геометриялық мағыналары. Функцияның графигіне жүргізілген жанама. Функцияның графигіне



жүргізілген жанаманың теңдеуі. Күрделі функция. Күрделі функцияның туындысы. Тригонометриялық

функциялардың туындылары. Жуықтап есептеулер;

      6) «Туындыны қолдану (16 сағ)». Функцияның бірсарындылық белгілері (өсуі және кемуі).

Функцияның кризистік нүктелері. Экстремумның бар болуының жеткілікті шарттары. Функцияны

туындының көмегімен зерттеу және графигін салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші

мәндері. Туынды практикалық есептерді шығаруда қолдану;

      7) «Комбинаторика және Ньютон биномы (6 сағ)». Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен

элементтері (алмастыру, орналастыру, теру). Ньютон биномы;

      8) «10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (12 сағ)». Функцияның

қасиеттері: өсуі және кемуі, экстремумдары, шектеулілігі, жұптылығы мен тақтылығы,

үзіліссіздігі, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары. Функцияның графигін қарапайым

түрлендірулер. Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық

теңдеулер және олардың жүйелері. Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Туындыны

табу. Функцияның өсу және кему белгілері. Кризистік нүктелер. Функцияның графигіне жүргізілген

жанаманың теңдеуі. Функцияны туындының көмегімен зерттеу және графигін салу. Функцияның

аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндері. Туындыны практикалық есептерді шығаруда қолдану.

Жуықтап есептеу формулалары.

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. 11-сыныпқа арналған алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны келесі

тараулардан тұрады:

      1) «10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (6 сағ)». Функцияның

графигін қарапайым түрлендірулер. Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері.

Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелері. Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың

жүйелері. Туындыны есептеу. Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Туындының

көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші

мәндері. Туынды практикалық есептерді шығаруда қолдану;

      2) «Алғашқы функция және интеграл (17 сағ)». Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл.

Алғашқы функцияның негізгі қасиеті. Алғашқы функцияны табу ережелері. Қисықсызықты трапеция.

Қисықсызықты трапецияның ауданы. Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы. Интегралдау.

Геометриялық және физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану;

      3) «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция (23 сағ)». n-ші дәрежелі түбір және оның

қасиеттері. n-ші дәрежелі арифметикалық түбір. Рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.

Иррационал теңдеу. Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шығару. Дәрежелік функция, оның

қасиеттері және графиктері. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияны дифференциалдау және

интегралдау;

      4) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар (10 сағ)». Көрсеткіштік функция, оның

қасиеттері және графигі. Санның логарифмі. Негізгі логарифмдік тепе-теңдік. Логарифмнің

қасиеттері. Ондық логарифм. Натурал логарифм. Құрамында логарифмі бар өрнектерді түрлендіру.

Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі. Көрсеткіштік және логарифмдік функцияны

дифференциалдау. Көрсеткіштік функцияны интегралдау.

      5) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар (20 сағ)». Көрсеткіштік теңдеу. Көрсеткіштік

теңдеулер және олардың жүйелерін шешу. Логарифмдік теңдеу. Логарифмдік теңдеулер және олардың

жүйелерін шешу. Көрсеткішті-логарифмдік теңдеу. Көрсеткіштік теңсіздік. Көрсеткіштік

теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу. Логарифмдік теңсіздік. Логарифмдік теңсіздіктер және

олардың жүйелерін шешу;

      6) «Ықтималдық (8 сағ)». Ықтималдықтар теориясында комбинаторика және Ньютон биномын

қолдану. Кездейсоқ шама. Дискретті кездейсоқ шама. Үзіліссіз кездейсоқ шама. Кездейсоқ шаманың

таралу заңдылығы. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары (математикалық күтім, дисперсия, орташа

квадраттық ауытқу);

      7) «10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау (18 сағ)».

Құрамында n-ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифмі бар өрнектерді тепе-тең



түрлендіру. Функцияның графигін қарапайым түрлендірулер. Дәрежелік, тригонометриялық,

көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық,

көрсеткіштік, логарифмдік және иррационал теңдеулер және олардың жүйелері. Тригонометриялық,

көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер және олардың жүйелері. Туындыны есептеу. Функцияның

графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін

салу. Функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәндері. Туынды мен анықталған интегралды

практикалық есептерді шығаруда қолдану.

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      14. 10-сынып оқушыларында:

      1) функцияның нүктедегі шегі;

      2) функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі;

      3) комбинаториялық есептер туралытүсінігі болуы керек.

      15. 10-сынып оқушылары:

      1) туындының геометриялық мағынасын;

      2) туындының физикалық мағынасынтүсінуі тиіс қажет.

      16. 10-сынып оқушылары:

      1) абсолюттік шаманың анықтамасын;

      2) функцияның анықтамасын;

      3) симметриялы жиынның анықтамасын;

      4) өспелі функцияның анықтамасын;

      5) кемімелі функцияның анықтамасын;

      6) жұп функцияның анықтамасын;

      7) тақ функцияның анықтамасын;

      8) шектелген функцияның анықтамасын;

      9) периодты функцияның анықтамасын;

      10) тригонометриялық функцияның периодын табу формуласын;

      11) функцияның таңбатұрақтылық аралықтарының анықтамасын;

      12) кері функцияның анықтамасын;

      13) функцияның минимумы нүктесінің анықтамасын;

      14) функцияның максимум нүктесінің анықтамасын;

      15) функцияның экстремум нүктесінің анықтамасын;

      16) функция максимумының анықтамасын;

      17) функция минимумының анықтамасын;

      18) функция экстремумының анықтамасын;

      19) тригонометриялық функциялардың анықтамаларын;

      20) арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенстің анықтамасын;

      21) тригонометриялық теңдеудің анықтамасын;

      22) sinх = а, cosх = а, tgх = а, ctgх = а теңдеулері түбірлерінің формулаларының жалпы

және дербес түрлерін;

      23) тригонометриялық теңдеулерді шығару тәсілдерін;

      24) тригонометриялық теңсіздіктің анықтамасын;

      25) қарапайым тригонометриялық теңсіздікті шығару алгоритмін;

      26) нүктедегі функцияның шегін;

      27) нүктедегі функцияның шегі туралы теоремаларды;

      28) нүктедегі үзіліссіз функцияның анықтамасын;

      29) жиындағы үзіліссіз функцияның анықтамасын;

      30) функцияның үзілісті нүктесінің анықтамасын;

      31) кесіндідегі функцияның үзіліссіздігінің қасиеттерін;

      32) туындының анықтамасын;

      33) туындыны табу ережелерін;

      34) функция дифференциалының анықтамасын;



      35) туындының геометриялық мағынасын;

      36) туындының физикалық мағынасын;

      37) функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуінің формуласын;

      38) дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын;

      39) күрделі функцияның анықтамасын;

      40) күрделі функцияның туындысын табу формуласын;

      41) тригонометриялық функциялардың туындыларын табу формулаларын;

      42) функцияның жуық мәнін табу формулаларын;

      43) кризистік нүктенің анықтамасын;

      44) функцияның өсу және кему белгілерін;

      45) функцияның өсу және кему аралықтарын табу алгоритмін;

      46) функцияның максимум және минимум нүктелерін табу алгоритмін;

      47) туындының көмегімен функцияны зерттеу алгоритмін;

      48) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін;

      49) алмастыру, орналастыру және терудің формулаларын;

      50) Ньютон биномының фомуласын білуі қажет.

      17. 10-сынып оқушыларында:

      1) функциялар графиктерін түрлендіру;

      2) функцияның қасиеттерін (жұптығы, тақтығы, өсуі, кемуі, экстремумы, шектеулігі,

үзіліссіздігі, периодтылығы, таңбатұрақтылық аралықтары) анықтау;

      3) тригонометриялық функциялардың графиктерін салу және түрлендіру;

      4) тригонометриялық функциялардың периодтарын табу;

      5) функция графигі бойынша функцияның экстремум нүктелері мен экстремумдарын табу;

      6) құрамында арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенсы бар өрнектерді тепе-тең

түрлендіруді орындау;

      7) тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шығару;

      8) тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығару;

      9) туындыны табу ережелерін қолдану;

      10) функцияның туындыларын табу;

      11) дифференциалдың көмегімен функцияның жуық мәнін табу;

      12) функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;

      13) функцияның өсу және кему аралықтарын табу;

      14) экстремум нүктелерін және кризистік нүктелерді табу;

      15) туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу;

      16) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;

      17) алмастыру, орналастыру және терудің санын есептеу;

      18) Ньютон биномның формуласын қолдану біліктілігі болуы тиіс.

      18. 10-сынып оқушылары:

      1) анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден

анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

      2) санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

      3) функциялардың графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

      4) тригонометриялық функциялардың мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану;

      5) тригонометриялық функцияның мәні бойынша санның (бұрыштың) мәндерін табуда В.Брадис

кестесін қолдану дағдыларын жетілдіруі тиіс.

5. 11-сынып оқушысының дайындық

деңгейіне қойылатын талаптар

      19. 11-сынып оқушылары:

      1) алғашқы функцияның анықтамасын;

      2) алғашқы функцияның негізгі қасиетін;

      3) алғашқы функцияны табу ережелерін;


      4) анықталмаған интегралдың анықтамасын;

      5) анықталған интегралдың анықтамасын;

      6) қисықсызықты трапецияның анықтамасын;

      7) Ньютон-Лейбниц формуласын;

      8) анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын табуформуласын;

      9) анықталған интегралдың көмегімен дененің көлемін табу формуласын;

      10) n-ші дәрежелі түбірдің анықтамасын;

      11) n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін;

      12) рационал көрсеткішті дәреженің анықтамасын;

      13) рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін;

      14) иррационал өрнектің анықтамасын;

      15) иррационал теңдеудің анықтамасын;

      16) иррационал теңдеуді шығару алгоритмін;

      17) дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын;

      18) дәрежелік функцияның алғашқы функциясын табу формуласын;

      19) көрсеткіштік функцияның анықтамасын;

      20) логарифмінің анықтамасын;

      21) негізгі логарифмдік тепе-теңдікті;

      22) логарифмінің қасиеттерін;

      23) логарифмдік функцияның анықтамасын;

      24) көрсеткіштік теңдеудің анықтамасын;

      25) көрсеткіштік теңсіздіктің анықтамасын;

      26) логарифмдіктеңдеудің анықтамасын;

      27) логарифмдіктеңсіздіктің анықтамасын;

      28) кездейсоқ оқиғаның анықтамасын және оның түрлерін;

      29) кездейсоқ оқиғаның таралу заңдылығын білуі қажет.

      20. 11-сынып оқушыларында:

      1) алғашқы функцияны табу;

      2) анықталмаған интегралды табу;

      3) анықталған интеграл есептеу;

      4) Ньютон-Лейбниц формуласын қолдану;

      5) анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын;

      6) анықталған интегралдың көмегімен дененің көлемін табу;

      7) n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін қолдану;

      8) құрамында n-ші дәрежелі түбір бар өрнектерді түрлендіру;

      9) рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;

      10) құрамында рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру;

      11) иррационал өрнектерді түрлендіру;

      12) иррационал теңдеулерді шығару;

      13) дәрежелік функцияның графигін салу және қасиеттерін анықтау;

      14) дәрежелік функцияның туындысын табу;

      15) дәрежелік функцияның алғашқы функциясын табу;

      16) көрсеткіштік функцияның графигін салу және қасиеттерін анықтау;

      17) логарифмдік функцияның графигін салу және қасиеттерін анықтау;

      18) құрамында логарифмі бар өрнектерді түрлендіру;

      19) көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысын табу;

      20) көрсеткіштік функцияның алғашқы функциясын табу;

      21) көрсеткіштік теңдеулерді шығару;

      22) логарифмдік теңдеулерді шығару;

      23) көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер жүйелерін шығару;

      24) көрсеткіштік теңсіздіктерді шығару;

      25) логарифмдік теңсіздіктерді шығару;

      26) көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер жүйелерін шығару;

      27) оқиғаның ықтималдығын табуда комбинаторика формулаларын қолдану;



      28) кездейсоқ оқиғаның таралу заңдылығының кестесін құрастыру;

      29) кездейсоқ оқиғаның санды сипаттамаларын табу біліктілігі болуы тиіс.

      21. 11-сынып оқушылары:

      1) анықтамалықтарды қолдану; оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден

анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

      2) санды өрнектердің мәндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

      3) функциялардың графиктерін салу кезінде компьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

      4) көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың мәндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану;

      5) тригонометриялық функцияның мәні бойынша санның (бұрыштың) мәндерін табуда В.Брадис

кестесін қолдану дағдыларын меңгеруі тиіс.



6. 10-11-сыныптары оқушыларының дайындық деңгейінің тұлғалық

және жүйелі-әрекеттік нәтижелері

      22. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылар:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңына және құқықтық тәртіпке құрмет;

      2) белсенді азаматтық қөзқарасын, патриоттық сезімін; еліне деген мақтаныш сезімін;

      3) әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну;

      4) қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне,

әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;

      5) өз елінің табиғатын сақтау және көркейтуге ұмтылатынын;

      6) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын;

      7) қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;

      8) өзіндік жұмыстарды орындау біліктігі мен өздігінен білім алу қабілетін;

      9) үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлық, басқаларға деген мейірімділік пен

кішіпейілділікті;

      10) үлкендер мен және өз жасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау дағдысын;

      11) отбасылық құндылыққа сыйластықпен қарау;

      12) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалау біліктігін көрсете білуі тиіс.

      23. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылар:

      1) әртүрлі жағдайларда алгебралық білім жүйесін;

      2) ақпаратты табу, талдау, өңдеу және жинақтау біліктігін;

      3) математикалық материал бойынша берліген алгоритмді сауатты орындауды;

      4) математикалық формулаларды қолдану біліктігін, дербес жағдайларды жалпылау негізінде

шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру біліктігін;

      5) қоршаған орта мен саралас пәндердегі заңдылықтарды суреттеу және талдау үшін игерілген

алгебралық түрлендірулер мен функционалды-графиктік кескіндеуді;

      6) жуықтап және дәл, ауызша және инструменттер көмегімен есептеуді тиімді пайдалана

отырып, практикалық есептеу техникасын қаншалықты игергенін;

      7) математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

      8) дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

      9) математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық

терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты

түсіндіру біліктігін;

      10) тану, жобалау, құрастыру және зерттеу әдістерін;

      11) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі   



№ 115 бұйрығына     

69-қосымша       



Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Геометрия» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды моделдеп қана қоймай,

олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды орнататын математиканың бөлімі.

      3. Геометрияны оқыту көптеген мамандықтарды меңгеруге қажетті кеңістіктік және логикалық

ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.

      4. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптарда геометрия

курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты:

      1) барлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін геометрия облысындағы

математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету;

      2) оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге қажетті геометриялық білім мен біліктердің

жүйесін меңгерту болып табылады.

      5. Геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде келесі

мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

      1) одан әрі логикалық ойлауды одан әрі дамыту;

      2) тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;

      3) кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;

      4) геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын

дамыту;

      5) бейнелік ойлауды және функционалдық сауаттылықты дамыту;



      6) графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту;

      7) геометрия тарихымен және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерін таныстыру

арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

      6. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес оқытудың келесі міндеттері шешілуі тиіс:

      1) болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі стереометриялық деректер мен әдістер

туралы білім жүйесін қалыптастыру;

      2) дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту;

      3) жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын кеңейту;

      4) кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

      5) күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып білу, есептерді шешу

кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

      6) нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі

мен дағдыларын дамыту;

      7) есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын

дамыту;

      8) геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен



дағдыларын дамыту;

      9) практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен

дағдыларын қалыптастыру.

      7. Жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы геометрия курсының

негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

      1) геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттерінің бағыты;



      2) векторлық-координаталық бағыт;

      3) шамаларды өлшеу бағыты;

      4) функционалдық бағыт.

      8. 10-11 сынып геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты

бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады.

      9. Оқушылар оқып біледі:

      1) кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын;

      2) геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің

көлемін) өлшеуді;

      3) көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін

салуды;

      4) кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын.



      10. Геометрияны оқыту үдерісінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық

циклдегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

      11. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін құрастыру және шешу;

      2) теңсіздіктерді дәлелдеу;

      3) геометриялық шамалардың қатынасына арналған есептерді шешуде пропорцияның қасиеттерін

қолдану;

      4) квадрат түбірдің қасиеттерін және санның модулін қолдану;

      5) кейбір бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін қолдану;

      6) тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдану;

      7) геометриялық есептерді алгебралық әдіспен шешу кезінде тепе-тең түрлендірулерді

қолдану;


      8) геометриялық есептерді шешу кезінде тригонометриялық өрнектердің тепе-тең

түрлендірулерін қолдану.

      12. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) геометриялық есептерді құрастыру және шешу кезінде физикалық үдерістерді сипаттау;

      2) векторлық алгебраны физикалық үдерістер моделінде түсіндіру;

      3) стереометриялық аппараттың көмегімен оптикалық құбылыстарды сипаттау;

      4) көпжақтарды оқу барысында қатты заттың кристалдық құрылымын пайдалану;

      5) кеңістіктік фигуралардың өзара орналасуын оқу барысында ғарыштық объектілер мен бүкіл

ғаламдық құрылымдардың орналасуын пайдалану.

      13. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) доғаның және шеңбердің градустық өлшемін ендік пен бойлықты доға мен шеңбердің

градустық өлшемі ретінде түсіндіру;

      2) ендіктер мен меридиандарды сфераның жазықтықпен қималары ретінде түсіндіру;

      3) географиалық объектілердің (таулардың биіктігі, ойпаттың тереңдігі және т.б.) сандық

сипаттамаларын табу.

      14. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) биологиялық құрылымдардағы симметриялар.

      15. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) атомдағы электрондардың кеңістіктік орналасуы;

      2) органикалық қоспалардағы химиялық байланыстардың симметриясы;

      3) көпжақтарды оқу барысында әртүрлі заттар молекулаларының формаларын пайдалану.

      16. «Информатика» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) дайын сызбалар бойынша есептерді шешу, кеңістіктік денелерді бейнелеу мен динамикалық

жағдайларды жаңғырту үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;

      2) қолданбалы программалар пакеттерін пайдаланып координаталық жазықтықта нүктелер жиынын

салу;


      3) кеңістіктегі геометриялық жағдайларды бейнелеу үшін графикалық 3D программалар

пакеттерін пайдалану.

      17. «Технология» пәнімен пәнаралық байланыс:

      1) сызу және өлшеу құралдарын пайдалану;



      2) геометриялық фигураларды кескіндеу кезінде сызу дағдыларын пайдалану;

      3) нақтылы объектілердің сызықтық және бұрыштық элементтерін өлшеудің әртүрлі әдістерін

қолдану.

      18. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен пәнаралық байланыстар:

      1) геометриялық ұғымдардың пайда болу және даму тарихымен танысу;

      2) қоғамның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі геометриялық есептердің пайда болуын қамтамасыз

ету;

      3) мәдени ескерткіштерде кездесетін геометриялық фигуралардың қасиеттерімен танысу;



      4) математикалық терминдермен сөздік қорын байыту;

      5) сөйлемді сауатты құрастыруға үйрету;

      6) дедукциялық ойлауды, талдауды және дәлелдеуді жүзеге асыру кезінде өз ойын сауатты айта

білуге үйрету.

      19. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды;

      2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.

      20. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және

ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді, оған жету оқушының орта мектеп курсы бойынша

оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет