Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет109/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

      24. Төмендегі бөлімнен тұрады:

      1) тақырыптық жоспар:

      кесте 5

Бағдарлама

түрлері


Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3



4

Базалық


1. Жеңіл атлетика

6

-



-

6

12



2. Спорт ойындары

8

10



6

24

3. Гимнастика



-

10

-



10

4. Шаңғы


(қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер)

шаңғы дайындығының орнына таза ауада

қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)

-

-



8

-

8



5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін

болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика

сабағын өткізу ұсынылады)

-

-



-

4

4



Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

14

10



18

16

58



Вариативті

1. Аймақтың климаттық деңгейіне

байланысты

4

4



2

-

10



2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық

спорт түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар

саны:


4

4

2



-

10


Оқу жылы бойынша сағаттар саны (  ):

18

14



20

16

68



      25. Білім негіздері:

      1) дене шынықтыру, спорт, туризм, денсаулықты қорғау және денсаулық салалары бойынша ҚР

заң шығару негіздері;

      2) дене жаттығуларының ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін анықтайтын

факторлар: жаттығудың сипаты (циклді және күрделі қимыл-қозғалыс жаттығулары); дене жүктемесінің

көлемі мен қарқыны, отбасына арналған дене тәрбиесі.

      26. Жеңіл атлетика:

      1) жарыс жаттығуларының дербес техникаларын жетілдіру (төменгі сыныптарда үйретілген оқу

материалдарының негізінде), 100 м жылдам жүгіру, 4х100 м эстафеталық жүгіру. 3000 м (ұлдар) және

2000 м (қыз балалар) жүгіру;

      2) «Аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа және «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру;

      3) салмағы 700 гр (жігіттер) және 500 гр (қыз балалар) гранатаны лақтыру.

      27. Спорт ойындары:

      1) баскетбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар, шабуыл

мен қорғаныстағы дербес, топтық және командалық тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;

      2) волейбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар, шабуыл мен

қорғаныстағы дербес, топтық және командалық тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;

      3) футбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар, қорғаушының

қарсылығымен және қарсылығынсыз допты баспен және аяқпен соғу, допты кеудемен тоқтату, алдау

айла-әрекеттері, қарсыластан допты аяқпен сырғи құлап тартып алу, аумақтық және дербес қорғаныс,

қақпашының ойын әрекеттері, оқу-үйрену ойыны;

      4) гандбол: ойын техникасының игерілген элементтерінен құрылған комбинациялар, ойын

тактикасының элементтері, қарымта шабуыл, позициялық шабуыл, шабуыл мен қорғаныстағы

ойыншылардың өзара әрекеттері, ойыншылардың дербес ойын әрекеттері: доп үшін күрес, «қақпаға

бұза-жарып өту» тактикасы, допты лақтыру әрекеттері, шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі

ойыншылардың топтық әрекеттері (жарыс ережесін сақтай отырып екі жақты ойын өткізу кезінде),

оқу-үйрену ойыны.

      28. Гимнастика:

      1) саптық жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау және

жетілдіру, жалпы дамыту жаттығулары: негізгі бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған жаттығулар

(ауырлықтармен және ауырлықсыз);

      2) таянып секіру (жігіттер): жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ағаш аттың алыс бөлігінен

қолмен итеріліп секіру (ағаш аттың биіктігі 130 см), қыз балалар: кіші ағаш аттан аяқты ашып

секіру (кіші ағаш аттың биіктігі 120 см);

      3) кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер): күшпен көтерілу, аяқпен «бұрыш» ұстап асылу

қалпына түсу және асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріле аунап түсіп таяну, аяқты сермеп

орындайтын жаттығулар, асылып тұрып тербелу – шалқая көтеріліп таяну, таянып тұрған қалыптан

аяқты артқа сілтеп, сырғауылға жанаса аунау, таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп секіріп

түсу;

      4) қос сырықта орындалатын жаттығулар (жігіттер): сырықта таянып тұрып алға және артқа



тербелу кезінде қолды бүгіп-жазу, аяқты алға сермеп көтерілу, артқа сермеу, алға сермеп аяқты

ашып отыру, қолдың қарымен таяну, алға аунап, аяқты ашып отыру; аяқты ортаға түсіріп, артқа

сермеген сәтте секіріп түсу;

      5) бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар): төменгі сыныптарда

үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар, секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай сермеп

және толығымен сермеп бұрылу, шалқая итеріліп секіріп түсу;

      6) түрлі биіктіктегі сырық (қыз балалар): асылып тұрып тербелу; төменгі сырыққа жүрелей

асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну,

жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу, төменгі сырықта

асылып жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап оң жамбаспен төменгі сырықта отыру,

сол қолмен төменгі сырыққа тіреліп (оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң


қолды сырықтан босатып, бұрылып (сол қолдың бойымен) секіріп түсу.

      29. Акробатика:

      1) төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар, қазіргі заманғы би

және ұлттық би түрлерінен құрылған жаттығулар;

      2) өрмелеу, биіктігі 4 м арқанға өрмелеу (жігіттер).

      30. Шаңғы:

      1) шаңғымен жүру тәсілдерін өзгерте отырып шаңғы ізімен қозғалу, шаңғымен 5000 м

қашықтықты тиімді екпінмен жүріп өту.

      31. Дала жарысы:

      1) жылдамдықты өзгертіп жүгіру. 5000 м бірқалыпты жылдамдықпен жүгіру, табиғи

кедергілерден өтіп жүгіру. 1000 м дала жарысы.

      32. Жүзу:

      1) толық үйлесімде жүзу, төменгі сыныптарда үйретілген тәсілдермен 3х50 м кешенді жүзу,

100 м қашықтықты жылдам жүзіп өту;

      2) суға батқан адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, суда өткізілетін ойындар мен

эстафеталар.

      33. 11-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу

нормативтері

      кесте 6

Қорытынды жаттығулар



жігіттер

қыз балалар

«5»

«4»


«3»

«5»


«4»

«3»


1

100 м жүгіру (с)

14,2

14,5


15,0

16,0


16,5

17,0


2

1000 м жүгіру (мин, с)

3,30

3,40


3,55

-

-



-

3

2000 м жүгіру (мин, с)



-

-

-



10,00

11,30


12,20

4

3000 м жүгіру (мин, с)



13,00

15,00


16,00

-

-



-

5

Ұзындыққа секіру (см)



460

420


370

380


340

310


6

Биіктікке секіру (см)

135

130


120

120


115

105


7

Граната лақтыру (м)

38

32

26



23

18

12



8

Биік кермеде тартылу (рет)

12

10

8



-

-

-



9

Арқада жатып (қол желкеде) денені

көтеру (рет)

25

20



15

10 Аяқты «бұрыш» қалпында ұстау (с)

8

5

4



-

-

-



11

Кермеде асылып тұрған қалыптан

күшпен аунап көтеріліп таяну.

(рет)


4

3

2



-

-

-



12

Сырықта таянып тұрып қолды

бүгіп-жазу (рет)

12

10



7

-

-



-

13 50 м жүзу (мин, с)

0,41

у/е-мейді



25

1,00


у/е-мейді

25 м


14 Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин, с)

-

-



-

18,30


19,00

20,00


15 Шаңғымен 5 шқ жүгіру (мин, с)

25,00


27,00

29,00


уақыт есептелмейді

16 Шаңғымен 10 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

-

-



-

17

2000 м жазық далада жүгіру (мин,



с) қарсыз аудандарда

-

-



-

10,30


12,10

13,10


18 3000 м жазық далада жүгіру (мин,

с) қарсыз аудандарда

13,30

15,30


16,50

-

-



-

19

Аяқтың көмегімен биіктігі 4 м



арқанға жылдам өрмелеу (с)

12

14



17

-

-



-

      ескерту: білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және

экологиялық жағдайларға байланысты оқу нормативтерін өзгертуге құқықтары бар;

      34. 11-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

      кесте 7

      жігіттер

Сынақ түрлері

дене дайындығының деңгейі

Х

төмен


орташадан

төмен


орташа

орташадан

жоғары

жоғары


30 м жүгіру

4,7


5,2

5,1 – 5,0

4,9 – 4,5

4,4 -4,3


4,2

Бір орыннан ұзындыққа

секіру

220


197

198 - 208

209 – 231

232 - 244

245

Нығыздалған допты екі



қолмен бастан асыра

лақтыру


713

540


541 - 626

627-799


800 – 885

886


3х10 м қайталап жүгіру

8,0


8,7

8,6 – 8,4

8,3 – 7,7

7,6 -7,3


7,2

Қолдың білезік буынының

динамометриясы

(оң қолмен)

43,5

35

36-39



40 - 48

49 – 52


53

      35. 11-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

      кесте 8

      қыз балалар

Сынақ түрлері

дене дайындығының деңгейі

Х

төмен


орташадан

төмен


орташа

орташадан

жоғары

жоғары


30 м жүгіру

5,4


6,3

6,2 – 5,9

5,8 – 5,0

4,9 -4,6


4,5

Бір орыннан ұзындыққа

секіру

172


143

144 -157


158 – 182

183 – 197

198


Нығыздалған допты екі

қолмен бастан асыра

лақтыру

514


373

374 – 443

444 – 584

585 – 654

655

3х10 м қайталап жүгіру



9,0

9,9


9,8 – 9,5

9,4 – 8,6

8,5 – 8,1

8,0


Қолдың білезік буынының

динамометриясы

(оң қолмен)

28

20,5



21 – 24,5

25-31


31,5 – 34

34,5


4. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      36. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша

бағаланады.

      37. Пәндік нәтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі/түсінуі тиіс және меңгере білуі

тиіс.

      38. 10-11 сыныпты бітіруші оқушылар:



      1) дене жаттығуларын орындау техникаларын бақылау әдістерін, дене жүктемелерінің тәртібін

(жүректің қысқару жиілігі бойынша), сабақ кезіндегі өзінің көңіл-күйін (сыртқы және ішкі

белгілері бойынша);

      2) дене шынықтырудың ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін білуі/түсінуі тиіс.

      39. 10-11 сыныпты бітіруші оқушылар:

      1) денсаулықты нығайту, денелік және спорттық жетілу қажеттіліктерін ескере отырып, дене

тәрбиесінің өзіне қолайлы түрін жоспарлауды;

      2) гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетика жаттығулары кешенін және спорт ойындарының

техникалық-тактикалық әрекеттерін орындауды;

      3) дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

      4) бағдарламада берілген спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарда төрелік етуді

меңгере білуі тиіс.

      40. Тұлғалық нәтижелер.

      10-11 сынып оқушылары:

      1) патриотизмді, өз Отанына, көпұлттық Қазақстан Республикасының өткені мен келешегіне

деген құрметті тәрбиелеу;

      2) жауапкершілік және Отан алдындағы борышты сезінуді тәрбиелеу;

      3) оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау, оқушылардың үйрену мен танымға деген

қызығушылықтарын ояту арқылы дербес дамуға және өз беттерімен білім деңгейлерін көтеруді

қалыптастыру, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастыру арқылы әлеуметтік маңызы бар

жұмыстарға белсенді ат салысуды дамыту;

      4) өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден

білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де

іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыру;

      5) қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру; адамдардың өміріне

және денсаулығына нұқсан келтіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжым болып әрекет ету

ережелерін, көлікке мінгенде және жолда жол ережелерін игеруді айқындауы керек.

      41. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер.

      10-11 сынып оқушылары:

      1) жұмыс істеу қабілетін жоғарылату, денсаулықты сақтау мен нығайтуды;

      2) жеке, ұжымдық және отбасылық демалысты ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық-спорттық

көпшілікке арналған жарыстарға қатысуды;

      3) белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыруды;

      4) өзінің оқуға деген мақсатын дербес анықтауды;



      5) оқу және танымдық іс-әрекеттер кезінде жаңа міндеттер жүктей және құра білуді;

      6) өзінің танымдық қызығушылықтарын дамытуды айқындауы керек.

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі   

№ 115 бұйрығына 77-қосымша



Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптары үшін

«Алғашқы әскери дайындық» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №

1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери дайындауға

негіз болып табылған құжаттар:

      1) 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі

туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) 2013 жылдың 11 ақпан айындағы «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және

өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру Ережесін бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 118 шешімі.

      3. Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады:

      1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен

инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;

      2) практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де

жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.

      4. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша

тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады.

      5. Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген

күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады.

      6. Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі

оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

      1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдармен және АӘД оқытудың техникалық

құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі;

      2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша

арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

      3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

      4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

      5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

      6) тактикалық алаң;

      7) кедергілерден өту жолының кешені;

      8) ату тирі;

      9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

      7. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен

қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

      8. Барлығы 68 сағат берілген: 10 сыныпта 1 жылға 34 сағат және 11 сыныпта 34 сағат,

сондай-ақ далалық оқу жиынына 30 сағат қарастырылған.

      9. Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен

қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында

спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе



отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі.

      10. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті

кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру

мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

      11. 11-сынып оқушыларының бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын

бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ)

қарастырылған.

      12. Кіріспе сабақты өткізу кезінде жастарды әскери қызметке даярлау және Қазақстан

Республикасын қорғауға, алғашқы әскери дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін

адамгершілік-жігер, психологиялық және денелік сапаларды жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар

аударылады.

      13. Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы әскери іс негіздерін оқыту үдерісінде

жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажеттілігіне

деген сенімділік, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру тәрбиелеу мен

оқытудың басты міндеттерін шешеді.

      14. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне,

әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, жастардың әскери білім алуларына деген

ұмтылыстарын ынталандыру керек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери

Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау –

әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.

      15. Тактикалық дайындық оқыту мен үйретудің негізін қалаушы тараулардың бірі болып

табылады, ол алғашқы әскери дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді:

      1) оқушылар сабақ кезінде қаруды және қол гранаталарын қолдану техникасы бойынша

дағдыларды нық игереді;

      2) тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін винтовка, оқу автоматтары

(пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаталарының қалтасы болуы міндетті.

      16. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың

қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс;

      1) оқушылар сабақ кезінде атыс қаруының құрылысы, оларды атуға даярлау мен ату, сондай-ақ

қаруды күту және сақтау ережелерін игереді.

      17. Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) өткізіледі:

      1) практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқушыларды үйрету әдістемесіне баса назар

аударылады, оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуі;

      2) оқушылардың жаттығуы.

      18. Әскери топография сабақтарында:

      1) 10-сыныпта оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің

орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз

табуды үйренеді;

      2) 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында

бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың

қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау

бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі.

      19. Оқыту үдерісінде оқу пәндермен пәнаралық байланыс іске асырылады:

      1) «Қазақ тілі, орыс тілі»: сөз қорын алғашқы әскери дайындық саласына қатысты

терминдермен толықтыру;

      2) «Физика»: «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес

сырғу», «қуат» және «күш» түсініктері туралы алынған білім негіздерін қолдану;

      3) «Биология»: шылым шегу және алкогольдің ағзаға тигізетін зияны туралы білімді қолдану;

      4) «Химия»: улы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін білу, әскерде қолданылатын

жарылғыш заттарды пайланудың қауіпсіздік ережелерін білу;

      5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: отансүйгіштікті тәрбиелеу, Қазақстан халқының

тарихы мен мәдениетіне деген құрметті тәрбиелеу, қазіргі заманғы Қазақстан тарихының көршілес

елдерге қатысты ортақ мәселелерін, адамзаттың даму тарихын білу;



      6) «Адам. Қоғам. Заң»: мемлекеттің заң шығару негіздерін, Қазақстан азаматының құқығы мен

міндеттерін білу;

      7) «География»: бағыт тұстарын білу, түрлі белгілер және топографиялық карта бойынша

жергілікті жерде бағдарлау біліктілігі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағы мен

шекараларын анықтау;

      8) «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, кедергілерден өту;

      9) «Технология»: еңбексүйгіштік және ұзақ мерзім еңбек ету қабілетін тәрбиелеу.

2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

      20. Кіріспе сабақ (1 сағат):

      1) алғашқы әскери дайындаудың мақсат-міндеттері және мазмұны, «Қазақстан Республикасы

қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі

туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі;

      2) оқушылардың құқықтары мен міндеттері.

      21. Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда (3 сағат):

      1) Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері, Конституция – Қазақстан

Республикасының негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер (1 сағат);

      2) Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері,

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі, әскери анттың

әскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәміздері, әскери

бөлімнің туы (1 сағат);

      3) қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын

қызметтері, жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі (1 сағат).

      22. Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери

құрылымдарының жалпыәскери жарғылары (5 сағат):

      1) Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери

құрылымдарының жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның

тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру

белгілері (1 сағат);

      2) әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар,

аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери

қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені

жоғарыларға мәлімдеме жасау (1 сағат);

      3) әскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің

міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар,

сарбазға берілетін тәртіптік жаза (1 сағат);

      4) ротаның тәуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы, рота бойынша

күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін

жабдықтау және жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл

және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің

әрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі, ротаға басқа ротаның

әскерилері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің

әрекеттері (1 сағат);

      5) қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет, оны

жабдықтау және жарақтандыру (1 сағат).

      23. Тактикалық дайындық (8 сағат):

      1) бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық

мүмкіндіктері (1 сағат);

      2) қазіргі заманғы ұрыстың сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың және әскери

бөлімдердің ұрыстық міндеттерді сәтті орындауларын қамтамасыз ететін шарттар (1 сағат);

      3) бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету



(барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану, жасырыну, қорғау, инженерлік, химиялық, тылдық және

техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері (1 сағат);

      4) инженерлік бекіністер, Қазақстан Республикасының жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы

негізгі миналары, олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер, жалпы құрылысы және әрекет ету

механизмі, миналарды орнататын орын және орнату тәртібі, жасырынған миналарды, анықтау табу

тәсілдері (1 сағат);

      5) жаяу тәртіппен әрекет ету кезіндегі сарбаздың қозғалу тәсілдері, ядролық жарылыс

кезіндегі әрекет (1 сағат);

      6) шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер және оқпанадан шығып қозғалу

тәртібі, шабуыл кезінде жауды жою тәсілдері (қол гранаталарымен, қарумен ату және қоян-қолтық

ұрыс кезінде) (1 сағ.);

      7) қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын

(оқ ататын орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған оқпананы жабдықтау және жасыру (1

сағат);


      8) бақылаушы сарбаз, бақылау жасауға арналған орынды таңдау және жабдықтауға қойылатын

талаптар, жергілікті жерде бақылау жүргізу тәсілдері және түрлі нысандарды айқындау белгілері

бойынша табу, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша мәлімдеу тәртібі (1 сағат).

      24. Атыс дайындығы (8 сағат):

      1) Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы

құрылысы және жұмыс істеу тәртібі (1 сағат);

      2) Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу және жинау, қару және патронды қолдану

кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жартылай бұзудан кейін автоматты жартылай бұзып-жинау (1

сағат);

      3) Калашников автоматының (қол пулеметінің) және патронның атқаратын қызметі, бөлшектері



мен механизмдерінің құрылысы (1 сағат);

      4) Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға даярлау, автомат жабдықтары, атудан кейін

автоматты тазалау және майлау тәртібі, автоматты сақтау, автомат пен оқтарды тексеру және атуға

даярлау, ату кезінде болуы мүмкін кедергілер және оларды жою амалдары (1 сағат);

      5) Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу және жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен

механизмдерінің орналасу қалпы, оқтау және ату кезіндегі автоматтың мехнизмдерінің жұмысы (1

сағат);

      6) Калашников автоматынан (қол пулеметінен) атуға ыңғайлануға жаттығу, оқжатарды оқтау



және оны қалташыққа салу, таянып жатып атуға дайындалу (ату қалпын қабылдау және автоматты

оқтау), ату (нысананы және өткізгішті дәлдеу, автомат дүмін иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу

және ату кезінде автоматты ұстау), атуды аяқтау, оғын алу және атуды аяқтаған соң автоматты

тексеру (1 сағат);

      7) «Жарықшақты қол гранаталары (1 сағ.): жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1,

РГО) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеттері, гранатаның және тұтандырғышының құрылысы, гранатаны

лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындалу (1

сағат);


      8) жарықшақты қол гранаталарын алысқа және дәл лақтыру (1 сағат).

      25. Саптық дайындық (7 сағат):

      1) сап түрлері және олардың элементтері, алдын-ала және орындауға берілетін пәрмендер,

сарбаздың сапқа тұруға дейінгі және саптағы міндеттері, бір орында тұрып сәлем берген әскеримен

сәлемдесу (1 сағат);

      2) саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Баскиімді – ШЕШ», «Баскиімд –

КИ» пәрмендерін орындау (1 сағат);

      3) бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір

қатарға сап құру (1 сағат);

      4) саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу (2 сағат);

      5) бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс

кезінде жауап беру (1 сағат);

      6) саптан шығу, бастыққа бару, қайта сапқа тұру (1 сағат).

      26. Әскери топография (2 сағат):



      1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау, бағдарлау туралы түсінік, көкжиек тұстарын компас

бойынша, аспан белгілері және жергілікті жер бедері бойынша анықтау, өзінің орналасқан жері

туралы мәлімдеме беру;

      2) магнитті азимутты анықтау, азимут және оны анықтау, көкжиек тұстары мен бағыттарын

жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу.

      27. Оқу жиынына оқу материалын тақырып бойынша жоспарлау үлгісі.

      28. Тактикалық дайындық – 16 сағат:

      1) әскери бөлімнің қарулануы және ұрыстық техникасымен, атқаратын қызметі және

техникалық-тактикалық сипатымен танысу, қарулануды және ұрыстық техниканы іс жүзінде көрсету (2

сағат);


      2) жаудың танкілері мен бронды машиналарының ұрыстық сипаты және олардың әлсіз тұстары,

жаудың танкілері мен бронды машиналарын жоюдағы бөлімшенің қарулануының ұрыстық мүмкіндіктері,

жаудың танкілері мен бронды машиналарын жою үшін танкіге қарсы қол гранаталарын қолдану (1

сағат);


      3) шетел армияларының әуеден шабуылдау құралдары, жаудың ұшақтары мен тікұшақтарының

ұрыстық сипаты және әрекет ету тактикалары, оларды ажырату белгілері, шетел армияларының төмен

ұшатын ұшақтары және тікұшақтарымен күресуде атыс қаруын қолдану (1 сағат);

      4) бөлімше позициясын инженерлік жабдықтау және оқпана, траншея, таса мен мина жарылғыш

бекіністер орнатумен таныстыру (1 сағат);

      5) жаудың оқ атуы кезінде ату позициясын (атыс жүргізетін орын) қабылдау, оқпана қазу және

оны жасыру (1 сағат);

      6) шабуылдау кезінде сарбаздың колоннада қозғалуы және бөлімшенің ұрыс жүргізуі кезінде өз

орнын табуы, жолдағы кедергілерден өту және шабуылдау, траншеядағы жауды қарудан ату, гранат

лақтыру және қоян-қолтық ұрыста жою тәсілдері, шабуылдау нысанын басып алу, шабуылдау кезінде

радиобелсенді (улы) заттармен зақымдалған жерлерде әрекет ету (3 сағат);

      7) қарсыласпен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде сарбаздың бөлімше позициясында өз

орнын алуы, жау ядролық қару қолданғанда, атуға дайындалған, әуеден шабуылдаған, радиобелсенді,

химиялық және бактериологиялық зақымдау қаруын қолданғаны туралы дабыл қағылған кезде

орындалатын әрекеттер, жаудың танкілері мен жаяу әскерінің түрлі бағытпен бастаған шабуылына

тойтарыс беру, жаудың әуе нысандарын ату (2 сағат);

      8) бақылаушы сарбаз, бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау және жасыру,

әскери нысандарды анықтау және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме беру, жергілікті жердің

үлгісін құру және әскери нысандарды үлгіде белгілеу (2 сағат);

      9) шолушы болып тағайындалған сарбаздың әрекеттері. Шолушының қимыл-әрекеттері және

жергілікті жер мен заттарды (ор, орман, елді-мекен, көпір, өзен және т.б.) шолу, бақылау

нәтижелері туралы мәлімдеме, жау әуеден шабуылдағанда және ядролық жарылыс кезінде берілген

дабыл бойынша әрекет ету (2 сағат);

      29. Атыс дайындығы - 4 сағат:

      1) пневматикалық винтовкадан ату, төртінші дайындық жаттығуын орындау (2 сағат);

      2) жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталарын лақтыру (2 сағат).

      30. Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери

құрылымдарының жалпы әскери жарғылары - 4 сағат:

      1) әскери бөлімнің тарихы, әскерилердің орналасуы, ақпараттық-тәрбие бөлмесі, қару

сақтайтын бөлме, оқу қалашықтары, спорттық база, асхана (2 сағат);

      2) бекеттегі сарбаздың әрекеттері, бекеттегі сарбаздың қаруын ұстау қалпы, қаруды оқтау

тәртібі, бекетті қабылдау және тапсыру кезіндегі, бекетті өрт шыққанда және бекет маңында немесе

көрші бекетте тәртіп бұзылған кездегі сақшының әрекеттері (1 сағат);

      3) бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының әрекеттері, қаруды қолдану тәртібі (1 сағат).

      31. Саптық дайындық – 4 сағат:

      1) саптық тәсілдер және қарумен орындалатын қимыл-әрекеттер, «Автоматты кеудеге»,

«Белдікке», «Қаруды қой», «Қаруға», «Қаруды» тәсілдерін орындау (1 сағат);

      2) бөлімшені жазылған және жорықтық сапқа тұрғызу, бөлімшені жазылған саптан жорықтыққа

сапқа тұрғызу және қайтадан жазылған сапқа тұрғызу, бөлімшенің ажырауы және қосылуы (1 сағат);

      3) сапты басқару белгілері - «Назар сал», «Командирлерді жина», «Бас», «Тоқта»,



«Қашықтықты ұлғайт», «Қашықтықты қысқарт», «Колоннаға», «Барлығың шеңбермен», «Барлығың оңға

(солға)» және т.б. (1 сағат)

      4) машина маңындағы және машинадағы әскерилердің әрекеттері, машина маңында сапқа тұру,

отыру және орналасу, отыру кезіндегі қаруды ұстау қалпы, машинадан түсу (1 сағат).

      32. Әскери топография (2 сағат):

      1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау: жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Азимут

бойынша қозғалу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет