3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
50. Оқушылар 1-сыныптың соңында:
1) адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы,
қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы
алғашқы түсініктерді біледі;
2) балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен,
ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді;
3) қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара түсіністік,
сыйластық құндылықтарын меңгереді;
4) мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық,
шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;
5) табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері
қалыптасады;
6) денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін
біледі және қолдана алады;
7) өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
8) Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық
құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
9) шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары мен үлкендер
арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;
10) оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады.
51. Оқушылар 2-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық, махаббат,
шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;
2) оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын бағалауды, отбасылық
дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана тілін құрметтеуді үйренеді;
3) адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық,
әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен
эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері болады;
4) қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;
5) адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы бастапқы
түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;
6) адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл
табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді, көңіл күйін басқара алуды біледі;
7) денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;
8) өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда
мінез-құлық ережелерін қолдана алады.
52. Оқушылар 3-сыныптың соңында:
1) бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және өзін-өзі
тануға құштарлық, білім, іс, қиял, сөз, бірлік, Отан, ризашылық пен алғыс, өнер, ақыл, еңбек,
мақтаныш, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең
түсініктер алады;
2) адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата біледі;
3) мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және
ісіне жауапкершілік таныта алады;
4) адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың
себеп-салдарын талдай алады;
5) шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;
6) денені шынықтыру қажеттігін түсінеді, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру
әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алады;
7) топта, сыныпта, отбасында өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды, сондай-ақ
бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алады;
8) өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алады;
9) табиғаттың өмір сүрудің негізі ретіндегі маңызын түсінеді;
10) қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғи көздердің тазалығын сақтай біледі;
11) оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлқын әдеби кейіпкерлердің
әрекеттері арқылы бағалай алады.
53. Оқушылар 4-сыныптың соңында:
1) адамгершілік құндылықтар мен өмірді тану, білімге құштарлық, ойлылық, ұжымшылдық,
арман, ата-бала өнері, тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім мен
келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, талаптану, тыңдай білу, өзімшілдік пен көпшілдік,
батылдық пен өжеттік, еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық, сабырлылық сияқты жаңа
ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
2) өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады, жағымсыз эмоциялары мен әрекеттерін
тежей алады;
3) өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
4) этика ережелерін біледі және іс жүзінде қолдана алады;
5) табиғатқа, жер-анаға, суға қамқорлық жасай алады;
6) денсаулықты сақтау және нығайтуды біледі;
7) адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсерін сезіне алады,
табиғатқа қамқорлық жасайды;
8) өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінеді, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне
өзінің қатысты екенін біледі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсінеді.
54. Мектептің бастауыш сатысына арналған рухани-адамгершілік білім беру мазмұны «Өзін-өзі
тану» пәні бойынша БМЖМС-да қабылданған рухани-адамгершілік білімнің жалпы мақсаттарына және
оларға сәйкес күтілетін нәтижелер жүйесіне қол жеткізу құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
9-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін
«Музыка» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Бастауыш сыныптардағы «Музыка» пәні оқушылардың рухани және адамгершілік тұлғасын
қалыптастыратын негізгі пәндердің біріне жатады. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін
оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.
3. Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау
қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігін арттыруына ықпалын тигізеді.
4. Оқыту мақсаты:
1) оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
2) көркемдік талғамын тәрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамыту.
5. Оқыту міндеттері:
1) оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға
қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру;
2) музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;
3) музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру;
4) музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып
салу.
6. Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық
үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың
музыкалық мұрасымен танысады. Бағдарлама музыка өнерінің даму заңдылықтарын түсінуге бағыталып,
өмірімен байланысын көрсетеді.
7. Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:
1) түсініктілік ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, музыкалық
қабілетінің дамуына ықпал ететін тиімді әрі қолайлы оқу материалдарын қолданады;
2) үздіксіздік ұстанымы барлық сыныптар арасындағы сабақтастықты, мазмұн, шығармашылық
жағынан жүйелілік пен бірізділікті білдіреді;
3) тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау
тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады;
4) шығармашылық ұстанымы оқушының бойындағы қабілетін аша түсіп, өнермен араласу барысында
жетістікке жетуіне ықпал етеді.
8. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру: мәнерлі де көркембейнелі ырғақтар, аңдар
мен құстардың үні, адамның сөйлеу дауысы, табиғаттың үніне еліктеу сияқты музыкалық қиялын
дамыта түседі; музыканы мән беріп, аса ұқыпты тыңдап, музыкалық аспаптардың тембрлік бояуын
ажырату;
2) білімділік әрекеті музыка мәнерлігінің негізгі белгілерімен танысу; музыка сауаты:
жоғары, орта және төмен дыбыстар; дыбыстың қатты немесе ақырын естілуі; тез, орташа және жай
екпіндер; музыканың көңілді – мұңды, салмақты – үрейлі сипаты; музыканың мәнерлеу белгілері мен
түрлері туралы қарапайым түсінік: екпін, ырғақ, дыбыс күші, ән шумағы, күйдің буыны, аяқталған
шығарма;
3) ән орындау орындаушылық әрекеттің негізгі түрі болып табылады; мұғалімнің негізгі
міндеті: әр түрлі сипаттағы әндерді көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру; балаларды күш
салмай табиғи дауысымен айтуға дағдыландыру;
4) музыкалық аспаптарда орындау топ болып домбыра және ұрмалы аспаптарды меңгеруге
негізделген; домбыра үйрену тәсілдері халық әндерінің негізінде жасалған жаттығу – тұғыр орындау
түрінде жүргізіледі; музыка сабағында таяқшалар, ағаш қасықтар, қоңырау, сылдырмақтар сияқты
тағы да басқа ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасауға көмектеседі; музыка
аспаптарында орындау және музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау оқушыға шығарманың жалпы мінезін
және екпіні мен бояу ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі; жұмыстың бұл түрі баланың музыкаға
деген сезімі мен ынтасын арттыра түседі.
9. Шығармашылық тапсырмалар баланың қиялы мен фантазиясына негізделген; шығармашылық
импровизация музыка сабағында алған білімін пысықтаудың бірден-бір тәсілі болып табылады;
сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады: ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел,
музыкаға сәйкес қимылдар жасау, музыканың мазмұнына сай сурет салу, әндерді, ертегілерді,
аңыз-күйлерді сахналау.
10. Музыканы оқыту барысында мынандай пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1) «Қазақ тілі»: сөздің және музыкалық интонацияның байланысы; тілдік және музыкалық есту
қабілетін дамыту; ойдың толық, түсінікті болуына, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мән беру;
2) «Әдебиеттік оқу»: тілді дамыту; әннің мәтініне көңіл бөлу;
3) «Бейнелеу өнері»: музыкадағы табиғат құбылыстарын бейнелеу (су ағысы, аттың шабысы,
құстардың ұшуы, жайлау көрінісі); музыка тыңдауға көркем сурет туындыларын пайдалану; тыңдаған
шығармаларына сурет салып келу;
4) «Дүниетану»: табиғат бейнесін музыка тілімен сабақтастыру; музыка шығармаларында
кездесетін жан-жануарлар атаулары мен жер атаулары;
5) «Математика»: қарапайым математикалық ұғымдарды, музыка шығармаларын талдауда қолдану
(ырғақ, өлшем, екі-төрт буынды, т.с.с);
6) «Еңбекке баулу»: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану;
7) «Дене шынықтыру»: ритмикалық қозғалыстарға музыка сүйемелін пайдалану; музыкалық
ойындар.
11. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1) 1 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат;
2) 2 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
3) 3 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
4) 4 сынып – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
12. «Музыкалық аңыз әлеміне саяхат» – 9 сағат:
1) музыка суреттейді;
2) музыка бейнелейді («Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Тепеңкөк», «Жетім бала»);
3) музыка сөйлейді;
4) әсем әнге билейміз.
13. «Ғажайып сырлы аспаптар үні» – 7 сағат:
1) дархан даланың үні – сыбызғы;
2) табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз;
3) саздан туған сазсырнай;
4) аңыздан жаралған аспап – жетіген;
5) аспаптардың атасы – қобыз;
6) жақсылыққа жол ашқан сиқырлы аспап.
14. «Ән көңілдің ажары» – 9 сағат:
1) көңілді әндер;
2) музыкалық жанрлар жайлы түсінік: ән, би, марш;
3) музыканы кім шығарады;
4) менің сүйікті мерекем.
15. «Отан от басынан басталады» – 8 сағат:
1) бесік жыры;
2) ақ мамам;
3) асыл әже;
4) менің әліппем
5) мұғалім ол біздің;
6) қазақы дастархан;
7) ҚР Гимні.
16. Ән орындау кезінде:
1) 1-сынып оқушысына ән айту дағдысын қалыптастыруға ұқыптылықпен қарап, дауыс
диапазонының мүмкіндігіне лайық жұмыс жасау;
2) әннің мазмұнын ұғынып, сөзін дұрыс орындауға машықтандыру;
3) дауыс аппаратын дұрыс пайдаланудың алғашқы жолдарын үйрету;
4) сөйлеу және дикция тазалығына аса мән беру, ән айту мәдениетінің алғашқы жолдарын
қалыптастыру талап етіледі.
17. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік әнұраны», «Бесік жыры», Н.Тілендиев «Ақ мамам», Н.Тілендиев «Әжеме»,
Б.Ғизатов, Ж.Нәжімеденов «Әліппе», Б.Ғизатов «Мұғалім ол біздің», М.Омаров «Қазақы дастархан»,
халық әні «Еркем-ай», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана», И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров «Домбырасыз ән
қайда», Б.Байқадамов «Айгөлек», М.Оразбаев «Бала уату», Г.Гусейнли, Т.Муталибов «Шөжелерім»,
А.Еспаев, А.Дүйсенбиев «Ақтайлақ», Е.Өміров, К.Елубаев «Қаздарым», К.Қуатбаев, А.Тоқмағамбетов
«Ақша қар», Б.Аманжолов, Е.Утетлеуов «Наурыз – тәуір қыз».
18. Аспапта орындау кезінде:
1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру;
2) домбыра аспабын орындаудағы әдістәсілін меңгеру (халық әндерінің негізінде).
19. Музыка тыңдау:
1) 1-сыныпта музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде
ұсынылады, оқушы музыка тыңдау арқылы пәннің негізгі мазмұнын игеруге талпынады;
2) яғни, бұл жұмыс әрекеті оқушының музыканы түсініп қабылдауына, ішкі терең сезімін
оятып, музыкаға деген көзқарасының қалыптасуына және қоршаған ортаны суреттеп, бейнелей алуына
бағытталады, музыка тыңдау – оқушының музыкалық әсерінің қалыптасуында ұзақ уақыттар бойына
жинақтайтын маңызды процестердің бірі болмақ;
3) бұл арқылы әр түрлі музыкалық иірімдермен сусындап, мазмұны мен ерекшеліктерін ажырата
біледі, халық әндері мен балаларға арналған түрлі әндердің ырғақтық ерекшелігі, күйаңыздарының
мазмұнымен сабақтасқан музыка тілі, би және марштық ырғақ т.б.;
4) тыңдауға арналған шығарманың ұзақтығы бір немесе екі минуттан аспайды.
20. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік әнұраны», халық күйі «Ақсақ құлан», халық күйі «Нар идірген», халық
күйі «Тепеңкөк», халық күйі «Жетім бала», халық күйі «Аңшының зары», халық күйі «Қасқыр», халық
күйі «Сыбызғы сыры», халық күйі «Қос мүйізді Ескендір», халық күйі «Салкүрең», халық күйі
«Бозінген», халық әні «Қара жорға», халық әні «Қамажай», халық әні «Елім-ай», Б.Жамақаев
«Махаббат вальсі», А.Жұбанов «Би күйі», Т.Сарыбаев «Наурыз-думан», С. Майкапар «Бирюльки»
(«Полька», «Менуэт», «Маленький командир»), С.Прокофьев «Балалар музыкасы: 12 жеңіл пьеса»
(«Вальс», «Шегірткелер шеруі»), П.Чайковский «Балалар альбомы» («Вальс», «Мазурка», «Марш
деревянных солдатиков»), Ғ.Жұбанова «Балалар мен жас өспірімдерге арналған 12 пьеса» («Күй
аңыз»), М.Омаров, К.Қазыбекұлы «Әнші, күйші, биші балапан».
21. Музыкалық сауаттылық: дыбыс – төменгі, ортаңғы, жоғарғы; ұзақ, қысқа, қатты, жай;
ырғақ – сөйлеу, музыкалық; динамика – қатты, жай, форте, пиано; екпін – жай, орташа, тез;
алғашқы жанрлық ерекшеліктерді білу – ән, күй, би, марш; композитор орындаушы (жалпы мағлұмат
беру) музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, скрипка, труба,
фортепиано, барабан; тембр – адамдар дауысы, музыкалық аспаптардың дыбысы, қоршаған ортадағы
«музыкалық бояулар».
22. Шығармашылық тапсырмалар:
1) музыкадан оқушының алған әсерін әңгімелеп айту, суретпен бейнелеу, қимыл әрекет арқылы
бағдарлау;
2) ертегі тыңдау; ән-күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелесу.
3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
23. «Күйші композиторлар» – 9 сағат:
1) күй атасы Құрманғазы;
2) Күй шебері Тәттімбет;
3) Халық композиторы Дәулеткерей;
4) Күй шешені Қазанғап;
5) Арнау күй;
6) Күй анасы – Дина.
24. «Әлемді шарлаған музыкалық аспаптар» – 7 сағат:
1) көне аспаптар сыр шертеді – қобыз және скрипка;
2) халықтың мақтанышына айналған – домбыра-комуз, шертер-балалайка;
3) ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз - барабаны, асатаяқ - ложки, қоңырау -
бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка;
4) табиғатпен үндескен сыбызғы;
5) халық арфалары – жетіген, гусли, цимбало;
6) шырқа, сырнай.
25. «Концерт залына саяхат» – 10 сағат:
1) өнер ордасы – театр;
2) концерт залымен танысайық;
3) филармония – өнер шаңырағы;
4) камералық музыка;
5) ең үлкен музыка аспабы – орган;
6) хор капелласының концерті;
7) квартет өнер көрсетеді;
8) қазақ халқының биі;
9) эстрада музыкасының концерті.
26. «Туған өлкем» – 8 сағат:
1) «Алатау»;
2) «Ақ бұлақ»;
3) «Бір бала»;
4) «Сағындым Алматымды»;
5) «Атамекен», «Өз елім»;
6) «Туған жер».
27. Ән орындау кезінде:
1) әндердің әуенін сазды орындауға дағдылану, әндердің мәтінінің мазмұнына мән беру,
түсініп орындауға дайындау;
2) әннің ырғағы мен әуенін дұрыс айтуға машықтандыру;
3) шумақ пен қайырманың кезектілігін ескеру, әндердің мінезі мен көңіл күйіне лайық
интонациялық белгілерін сақтау;
4) дем алу ережесі және нақты дауыс мәнерімен жұмыс жасауын қадағалау.
28. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, С.Асанов «Қошақаным», К.Дүйсекеев, Ш. Сариев
«Ана», қазақтың халық әні «Гүлдерайым», қазақтың халық әні «Қалаулым», К.Шілдебаев, А.Асылбеков
«Жаңа жыл», С.Мұратов, Б.Ысқақов «Наурыз тойы», Н.Тілендиев «Алатау», Б.Тәжібаев «Ақ бұлақ»,
Б.Тәжібаев «Туған жер».
29. Аспапта орындау кезінде:
1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру, үйренген әндері
мен музыкалық шығармаларды ырғағына сай сүйемелдей білу;
2) халық әндерінің негізінде домбыра аспабын меңгеру.
30. Музыка тыңдау:
1) баланың мүмкіндігіне лайық әртүрлі сезімге құрылған музыканы тыңдай білу;
2) музыкалық шығармалардың өзіндік сипатын айыра білу, ең негізгі саздық мәнерін
ерекшелеу;
3) музыканы өмірмен байланыстырып, табиғаттың түрлі құбылыстарымен салыстыра білу,
музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшелігін айыра білу, адам дауысы, табиғаттың дыбысы;
4) музыкадан алған әсерін әңгіме, сурет, бейнелеу, қимыл-әрекет арқылы көрсете білу.
31. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Құрманғазы «Қайран шешем», «Аман бол, шешем», «Машина»,
«Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Бұқтым-бұқтым», «Адай»; Тәттімбет «Саржайлау», «Сылқылдақ»;
Дәулеткерей «Қосалқа», «Құдаша», «Көрұғлы»; Қазанғап «Көкіл», «Шынаяқ тастар», «Құс қайтару»,
«Өттің дүние»; Дина «Әсем қоңыр; Ықылас «Күйаңыз», «Аққу», «Жез киік»; халық күйі «Салкүрең»;
орыстың халық әні «Коробейники»; халық күйі «Сары өзен»; халық әні «Қараторғай»; халық әні «Бір
бала»; А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды»; Е.Хасанғалиев «Атамекен»; Н.Римский-Корсаков «Хоровод»
әні, Садко «Заиграйте, мои гусельки»; М.Мусоргский «Картинки с выставки» («Избушка на курьих
ножках», «Старинный замок»); П.Чайковский «Времена года» («Масленица», «Подснежник»); В.А
Моцарт, А.Глоба «Көктем әні», хорға өңделген; А.Рубинштейн, М.Лермонтов «Горные вершины», хорға
өңделген; А.Алябьев, И.Козлов «Вечерний звон», хорға өңделген; П.Чайковский «Да исправится
молитва моя», хорға өңделген; В.А. Моцарт. Квартет, ор.10, Ре минор, үзінді; Ғ.Жұбанова Квартет
для струнных № 1,үзінді; А.Жайымов «Шалқыма»; Бах И.С. Органға арналған «Токката және Фуга», ре
минор, үзінді; Каччини Дж. «Аве Мария», дауысқа және органға арналған; А.Алябьев, А. Дельвиг
«Соловей»; Л.Хамиди, Н.Әлімқұлов «Бұлбұл»; А.Варламов, М.Лермонтов «Белеет парус одинокий»;
Түркеш «Көңіл ашар»; Құрманғазы «Сары-арқа».
32. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен;
созылмалы-қысқа, қатты-жай; әуен – шығарманың музыкалық сипаты, музыкалық бейне; түрі – әндегі
шумақ пен оның қайырмасы, күйдегі буын, аяқталған шығарма; ырғақ – әр түрлі ырғақтық
ерекшеліктер; қазақ халқының музыкалық аспаптарының тембрлік ерекшеліктері; композитор –
орындаушы – тыңдаушы; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр
(жалпы түсінік); хор – балалар, ерлер, әйелдер, аралас; музыкалық аспаптар – ыспалы аспаптар –
қобыз, скрипка; шертпелі аспаптар – домбыра-комуз, шертер - балалайка. Ұрмалы, сілкімелі
аспаптар – асатаяқ-ложки, тұяқ тас-барабанка, қоңырау-бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка;
үрмелі аспаптар – мүйіз сырнай-зурна, мес қобыз – волынка; сырнай – гармонь, баян; үрмелі
аспаптар - тастауық-чопа чор, сыбызғы - свирель; жетіген – гусли, цимбалы.
33. Шығармашылық тапсырмалар:
1) музыкалық шығармалардың сипатына сай қимыл әрекет жасау;
2) би қимылдары мен қарапайым бірқалыпты музыкалық ырғақтарды орындау;
3) музыкалық образдарға ену.
4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
34. «Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлар» – 9 сағат:
1) ел еркесі – Ақан сері;
2) аты әнге айналған – Балқадиша;
3) ән жүйрігі – Біржан сал;
4) Біржанның Теміртасы;
5) сұлу сазды – Гәкку;
6) Жаяу Мұса – Ақсиса;
7) Абай салған сырлы әндер.
35. «Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі» – 7 сағат:
1) халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?
2) домбыра мен қобыз аспабының түрленуі;
3) оркестр құрамындағы аспаптар;
4) оркестрдегі дирижердің міндеті;
5) қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев;
6) «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі;
7) көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы.
36. «Бүгінгі заман музыкасы» – 10 сағат:
1) үрмелі аспаптар оркестрі;
2) эстрадалық симфониялық музыка;
3) джаз оркестрі;
4) қуыршақ театры;
5) кино және музыка;
6) эстрада өнері.
37. «Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы» – 8 сағат:
1) бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан – А.Жұбанов;
2) қазақ операсының сазгері – М.Төлебаев;
3) кәсіби әннің шебері – Б.Байқадамов;
4) өмірге әнмен сән берген – К.Дүйсекеев;
5) қазақ музыкасының мақтанышы – Ғ.Жұбанова;
6) домбыраны күй сандықта сарнатқан – Н.Меңдіғалиев;
7) қазаққа вальс сыйлаған – Л.Хамиди;
8) музыка майталманы – Е.Брусиловский.
38. Ән орындау кезінде:
1) ән айту шеберліктерін меңгеру;
2) шығарманы орындау барысында музыкалық бейнелерге ене білу;
3) дирижердың нұсқауымен ән айтуды үйрену.
39. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, Т.Молдағалиев «Ұстазым», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев
«Туған жер», халық күйі «Келіншек», А.Жұбанов «Ақ көгершін», халық әні «Жар-жар», халық әні
«Сәулем-ай», халық күйі «Салкүрең», Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр».
40. Аспапта орындау кезінде:
1) ұжыммен бірге ұрмалы аспаптармен халық әндерін бір ырғақта сүйемелдеп үйрену;
2) домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау.
41. Музыка тыңдау:
1) музыкаға аса мән беріп тыңдауға үйрету, жанрлық ерекшеліктерін білу, көңілкүйі мен оның
сырсипатын түсіну;
2) халықтық және кәсіби жанрларды ажырата білу, музыкалық образдың даму барысын қадағалау,
музыканы жанды әрі образды өнер деген түсінігін қалыптастыру;
3) белгілі бір шығарманы әр түрлі орындауда тыңдатып салыстыра білу қабілетін дамыту
(вокалдық, аспаптық, оркестрмен және жеке орындаудағы).
42. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері «Маңмаңгер», Ақан сері «Балқадиша», Біржан
сал «Адасқақ», Біржан сал «Теміртас», Үкілі Ыбырай «Гәкку», Жаяу Мұса «Ақ сиса», Абай «Көзімнің
қарасы», қазақтың ғұрыптық әндері: Жаржар, Сыңсу, Беташар; халық әні «Япурай», Махамбет «Жұмыр
Қылыш», Ортеке биі «Секіртпе», Н.Тілендиев «Саржайлау», Ж.Дәулетов «Қазақ елі», А.Жұбанов «Ақ
көгершін», М.Төлебаев «Біржан-Сара» операсынан үзінді «Би», Б.Байқадамов «Су тасушы қыз»,
К.Дүйсекеев «Домбыра», Ғ.Жұбанова Скрипкаға арналған «Романс», Н. Меңдіғалиев «Домбыра туралы
поэма», С.Бәйтереков «Әлия», Л.Хамиди «Қазақ вальсі», Е.Брусиловский «Бозайғыр», Б.Жұманиязов
«Серпін», П.Чайковский «Пляска скоморохов», Н.Тлендиев «Ата толғау», «Көш керуен», М.Глинка
«Камаринская», Л.Бернстайн «Дивертисмент», «Әскери марш», Е.Брусиловский 3-і симфония
"Сары-Арка", скерцо; А.Зацепин «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка, Блюз «Бүги мен блюз
айтамын», Дж.Гершвин «Менің сүйіктім», Миллс И., Эллингтон Д. «Керуен», Браун Джеймс. Би джаз.
43. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік, әндердің жанрлық ерекшеліктері лирикалық, бесік
жыры, жаржар, сыңсу, беташар, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, халық композиторлары
– сал, сері, халық композиторларының әндері, халық аспаптар оркестрі, ансамбль, квартет, трио,
дуэт, эстрада және рок тобы.
44. Шығармашылық тапсырмалар, халық композиторларының туындыларының мазмұны бойынша
сахналық қойылымдар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |