Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет46/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   132

3. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      14. Кіріспе (3 сағат):

      материктер мен мұхиттар географиясы пәні және міндеттері, материктер мен мұхиттардың

зерттелу кезеңдері, материктер мен мұхиттардың карталары;

      № 1 практикалық жұмыс жоспар бойынша «Атлас карталарына сипаттама беру».

      15. «Жер шары табиғатының негізгі ерекшеліктері» бөлімін оқуға 10 сағат бөлінген:

      1) «Литосфера» (2 сағат), материктік және мұхиттық жер қыртысы, геологиялық жыл санау және

геохронологиялық кесте;

      литосфералық плиталар (тақталар) теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер рельефі (жер

бедері), Жер рельефінің жер қыртысының ішкі ерекшеліктерімен, тектоникалық құрылымымен

байланысы, ішкі және сыртқы күштердің қазіргі рельефтің қалыптасуындағы ролі;

      2) «Атмосфера және Жердің климаты» (3 сағат):

      атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы, климат карталары, ауа температурасының таралуы;

      жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары;

      жауын-шашынның таралуы, Жер шарындағы климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы

факторлар;

      3) «Дүниежүзілік мұхит» (4 сағат):

      дүниежүзілік мұхит суы, оның негізгі қасиеттері, маңызы және су массалары;

      беткі ағыстар, мұхиттағы тіршілік;

      Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиттары, Үнді және Тынық мұхиттары;

      4) қорытындылау (1 сағат), жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше

жағдайлар, адамның тіршілік әрекеті (семинар).

      16. «Материктер және мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі» бөлімін оқуға 53 сағат

бөлінген:

      1) «Географиялық қабықтың заңдылықтары» (2 сағат), табиғат кешені, географиялық қабық және

оның қасиеттері, географиялық қабықтың заңдылықтары, географиялық зоналылық: ендік, биіктік,

азоналылық ұғымы;

      2) «Жердегі материктер» (51 сағат):

      Африка (10 сағат), Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан

мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі;

      жер бедері және пайдалы қазбалары;

      климаты, климат қалыптастырушы факторлар, материкте ауа температурасы және жауын-шашынның

таралуы, климаттық белдеулері;

      ішкі сулары, өзендердің жер бедеріне, климатқа тәуелділігі, қоректену түрлері, негізгі

өзендері мен көлдері, өзендер мен көлдердің адам өміріндегі рөлі;

      табиғат зоналары, топырақ картасы, экваторлық ормандар және саванналар, тропиктік шөлдер

және қатты жапырақты ормандар мен бұталар, антропогендік табиғат кешендері, ерекше қорғалатын

аймақтар;

      Африканың халқы және саяси картасы, Африканың аймақтарына шолу, халқының шаруашылық

әрекеті; 

      № 2 практикалық жұмыс «Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама»;

      3) «Аустралия және Мұхит аралдары» (5 сағат):

      Аустралияның физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен

теңіздер, Аустралия және Мұхит аралдарының зерттелуі;

      жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері;


      табиғат зоналары, тіршілік дүниесінің ерекшелігі, антропегендік кешендер;

      халқы және аймақтың саяси картасы, Аустралия Одағы. Мұхит аралдары;

      4) «Антарктика. Антарктида» (2 сағат):

      Антарктика мен Антарктиданың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан

мұхиттар мен теңіздер, материктің ашылуы мен зерттелуі, материктің зерттелуінің ғылыми және

практикалық маңызы, халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі, қазақстандық полярлық экспедиция;

      материктің табиғаты, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, мұз жамылғысы, тіршілік

дүниесінің өзіндік ерекшеліктері;

      5) «Оңтүстік Америка» (8 сағат):

      Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар

мен теңіздер, зерттелуі;

      жер бедері мен пайдалы қазбалары;

      климаты (климат қалыптастырушы факторлар, материкте ауа температурасы мен жауын-шашынның

таралуы), климаттық белдеулер;

      ішкі сулары (өзендердің жер бедері мен климатқа тәуелділігі, негізгі өзендер мен көлдері);

      ылғалды экваторлық ормандар мен саванналар, пампа, шөлейт және шөл зонасы, Анд тауындағы

биіктік белдеулер, антропогендік табиғат кешендері;

      Оңтүстік Американың халқы және саяси картасы, Анд елдері және Шығыстағы жазық елдері;

      № 3 практикалық жұмыс, жоспар бойынша «Оңтүстік Америка және Африканың табиғатына қысқаша

салыстырмалы сипаттама беру»;

      6) оңтүстік жарты шар материктерін қайталау (1 сағат):

      оңтүстік жарты шар материктеріндегі табиғат компонентерінің, табиғат жағдайларының,

халқының өмір сүру жағдайы мен шаруашылық әрекетінің ұқсастықтары және айырмашылықтары,

материктердің және мұхиттармен шектесетін бөліктердің экологиялық проблемалары; 

      7) «Солтүстік Америка» (8 сағат):

      Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар

мен теңіздер, материктің зерттелуі;

      жер бедері мен пайдалы қазбалары;

      климаты (климат қалыптастырушы факторлар, материкте ауа температурасы мен жауын-шашынның

таралуы), климаттық белдеулер;

      ішкі сулары (өзендердің жер бедері мен климатқа тәуелділігі, негізгі өзендері мен

көлдері);

      табиғат зоналары, Кордильердегі биіктік белдеулері, антропогендік табиғат кешендері,

ерекше қорғалатын аумақтар;

      Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ, Мексика және Орталық Америка елдері;

      № 4 практикалық жұмыс, жоспар бойынша «Материктің бір өзеніне сипаттама беру»;

      8) «Еуразия» (16 сағат):

      физикалық-географиялық орны, материк жағалауындағы мұхиттар және басқа да нысандар,

Еуразияның зерттелуі, орыс, кеңес одағы, қазақ ғалым-саяхатшыларының рөлі;

      Еуразия жер бедерінің жалпы ерекшеліктері, тектоникалық құрылымының ерекшеліктері, жер

сілкіну және жанартау атқылау облыстары, материктегі ежелгі мұз басулар, жер бедерінің негізгі

пішіндері және пайдалы қазбалардың кен орындарының орналасуы;

      климаты, климат қалыптастырушы факторлар, материктегі климат жағдайының алуан түрлілігі

(ауа температурасы мен жауын-шашынның таралуы), климаттық белдеулер;

      ішкі сулары (өзендердің жер бедері мен климатқа тәуелділігі, өзендердің қоректену

түрлері), Атлант мұхиты алабының өзендері, Солтүстік Мұзды, Тынық, Үнді мұхиттарының және ішкі

тұйық алабының өзендері, көлдер, мұздықтар, көп жылдық тоңдар, батпақтар;

      табиғат зоналары (олардың географиялық орны), арктикалық, субарктикалық және қоңыржай

белдеулердің зоналары, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық және экваторлық белдеулердің

табиғат зоналары, биіктік белдеулер, антропогендік табиғат кешендері, материктің және Қазақстан

Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары;

      Еуразияның халқы, саяси картасы және аймақтары. Еуразияның жекелеген елдерді (Ресей,

Қазақстан. Қытай, Үндістан, Жапония және Оңтүстік Корея, Германия, Франция және Ұлыбритания);

      № 5 практикалық жұмыс, жоспар бойынша «Материктің екі бөлігінің климат типін анықтау және



салыстыру»;

      № 6 практикалық жұмыс, жоспар және нұсқалар бойынша «Еуразияның бір еліне қысқаша, кешенді

сипаттама»;

      9) солтүстік жарты шар материктерін қайталау (1 сағат):

      солтүстік жарты шар материктеріндегі табиғат компоненттерінің, табиғат жағдайларының,

халқының өмір сүру жағдайы мен шаруашылық әрекетінің ұқсастығы мен айырмашылығы, материктердің

және мұхиттармен шектесетін бөліктердің экологиялық проблемалары (қорытынды, қайталау семинары).

      17. «Жер – біздің ортақ үйіміз (курсты қайталау)» бөлімін оқуға 2 сағат бөлінген: 

      табиғат пен қоғамның өзара байланысы, қазіргі саяси картаға, ғаламшар халқының

орналасуына, материктер мен мұхиттардың экологиялық жағдайына, ғаламшардың табиғат ресурстарына

сипаттама;

      табиғат жағдайларының адам өміріне, денсаулығына және іс-әрекетіне тигізетін әсері, Жердің

болашағы.

4. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      18. Кіріспе (4 сағат): 

      географиялық білім көздері, Қазақстан Республикасы атласындағы карталар, олардың өлшеуіш

ресурстары. Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық орны, ғаламшардағы уақыт өлшемі,

даталардың ауысу сызығы, Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы (сағаттық белдеулер, жергілікті

уақыт, декреттік уақыт, белдеулік уақыт);

      № 1 практикалық жұмыс «Картадан елдің географиялық орнын анықтау, Қазақстанның шекараларын

белгілеу және Жердегі белдеулік уақытты анықтау».

      19. «Қазақстан аумағының зерттелу тарихы» бөліміне 4 сағат бөлінген: 

      қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі (сипаттама, тарихи деректер, Геродот,

Страбон, Птолемей шығармаларындағы жер туралы мағлұматтар), Ұлы Жібек жолы (бағыттардың

сипаттамасы, тарихи деректер, археологиялық ескерткіштер, маңызы);

      орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі (араб саяхатшыларының табиғатты

танып-білулері, әл-Истахри, әл-Масуди, ибн-Хаукаль, ибн-Фадлан, ғалымдар Әбу Насыр әл-Фараби,

Махмуд Қашғари, ХІІІ ғасырда табиғаттың зерттелуі, П. Карпини, В. Рубрук);

      ХҮІ – ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі (ресейлік және басқа да

географтардың зерттеулері, К.Жалаири, С.Ремезов, П.И.Рычков, И.П.Фальк, Г.С.Карелин, Г.С.Паллас,

А.И.Бутаков, А.Гумбольдт, К.М.Бэр, А.И.Левшин, П.П.Семенов, Н.А.Северцев, И.Г.Борщов,

И.В.Мушкетов, А.Н.Краснов, Л.С.Берг, В.А.Обручев, С.С.Неуструев, Ш.Уәлиханов);

      ХХ ғасырдың басында және ортасында Қазақстан аумағының зерттелуі, соғыс жылдары

Қазақстанға эвакуацияланған кеңес ғалымдарының рөлі, Қ.И.Сәтпаевтың ел ресурстарын зерттеуге

қосқан үлесі, қазіргі кездегі зерттеулер (кескін картада жұмыс). 

      20. «Қазақстан табиғатының жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы» бөлімін оқуға 36

сағат бөлінген:

      1) «Жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары» (11 сағат), геологиялық жыл

санау және геохронологиялық кесте (тау жыныстарының жасы, эралар, кезеңдері, геологиялық

оқиғалар), Қазақстан аумағының геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы (платформалар,

қатпарлы облыстар, тау жыныстары);

      жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы (жер бедерін қалыптастырушы үдерістер, олардың

байқалуы), Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктері (жазықты аумақтар және тау жүйелері,

биіктік айырмашылықтары), Қазақстан жазықтары (физикалық-географиялық жағдайы, түрлері, сыртқы

сипаты, тау жыныстарының жату ерекшеліктері), аласа таулары (биіктігі, тау жыныстарының жасы,

жер бедерінің ерекшеліктері) Қазақстанның биік таулы аумағы (жасы, қалыптасу жағдайлары,

жоталардың орналасуы);

      Қазақстанның пайдалы қазбалары (жіктелуі, олардың орналасуының жер бедері мен геологиялық

тарихқа тәуелділігі), рудалы пайдалы қазбалар (түрлері, қоры, аумақтық және тереңдік таралуы),

рудасыз және жанатын пайдалы қазбалар (түрлері, қоры, аумақтық және тереңдік таралуы);


      № 2 практикалық жұмыс «Тектоникалық құрылымдар, жер бедері пішіндері және пайдалы

қазбалардың арасындағы өзара байланысты анықтау»;

      2) климат және агроклиматтық ресурстар (10 сағат):

      ғарыштық климат қалыптастырушы фактор (күн радиациясы, оның түрлері), атмосфераның жалпы

циркуляциясы (ендік, меридиандық), фронталдық зоналар, циклондар, антициклондар, атмосфераның

маусымдық циркуляциясы (себептері, ерекшеліктері), атмосфераның жергілікті циркуляциясы (тау

аңғарлық, жазықтық-тау алды, бриздер);

      Қазақстанда ауа температурасының өзгеруі, ел аумағында атмосфералық қысымның,

жауын-шашынның, қар жамылғысының өзгеруі, климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне

тигізетін әсері (қолайлы, қолайсыз), агроклиматтық ресурстар (вегетациялық кезең, жылумен және

жарықпен қамтамасыз етілуі);

      № 3 практикалық жұмыс «Қазақстанның екі аумағының климат көрсеткіштерін салыстыру»;

      3) «Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары» (8 сағат):

      Қазақстанның ішкі суларының түрлері (табиғи және жасанды);

      Қазақстанның өзендері (қоректену түрлері, ағыстары, режимінің ерекшеліктері және өзен

алаптары), алаптар бойынша Қазақстанның ірі өзендеріне сипаттама (аумағы, ағысының сипаты, су

шығыны, шаруашылық маңызы, өзендердің трансшекаралық проблемалары), Қазақстанның көлдері

(жіктелуі, ерекшеліктері, олардың аумақ бойынша орналасуы);

      ірі көлдері (географиялық орны, негізгі сипаты, экологиялық жағдайы), мұздықтар және

көпжылдық тоң (пайда болу жағдайлары, таралуы, уақытқа қарай өзгеруі), жер асты сулары

(жіктелуі, орналасуы, пайдаланылу салалары), су ресурстарын қорғау;

      № 4 практикалық жұмыс, жоспар бойынша «Әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен өзендерді

салыстыру»;

      4) топырақ ресурстары (2 сағат), топырақтар (қалыптасу жағдайлары және құнарлылығы,

табиғаттың басқа компоненттерімен байланысы);

      топырақтың түрлері (таралуы, қолданылуы, олардың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді

мелирациялау ұғымы);

      5) табиғат зоналары (5 сағат), табиғат кешендері (қалыптасу жағдайлары және Қазақстан

аумағында табиғат зоналарының өзгеруі);

      орманды дала және дала, шөлейт және шөл зоналары (географиялық орны, климатының,

топырағының, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің ерекшеліктері және адамның пайдалануы),

биіктік белдеу және антропогендік кешендер;

      № 5 практикалық жұмыс, жоспар бойынша «Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша

салыстырмалы сипаттама».

      21. «Қазақстанның ірі географиялық аудандары» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:

      Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру, Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы,

Батыс-Сібір жазығы, Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы), Орал (Мұғалжар), Алтай, Сауыр-Тарбағатай,

Жетісу Алатауы, Тянь-Шань;

      № 6 практикалық жұмыс «Белгілі бір ауданның кешенді кесіндісін сызу».

      22. «Қазақстанның табиғатын қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» бөлімін

оқуға 8 сағат бөлінген:

      Қазақстанның табиғат ресурстары, олардың түрлері, орналасуы және қолданылуы, табиғатты

тиімді пайдалану (ресурсты үнемдеу, физикалық-географиялық жағдайды есепке алу);

      Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар (ғаламдық, ұлттық, жергілікті), Қазақстан

Республикасының табиғатты қорғау Заңы, Қазақстанның «Қызыл кітабы», ерекше қорғалатын аумақтар,

қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқалар;

      семинар «Ғаламдық деңгейде ойла, жергілікті деңгейде шешімін тап», курсты қорытындылау.

5. Оқу пәнінің 9 сыныптағы базалық білім мазмұны

      23. Кіріспе (1 сағат):

      экономикалық және әлеуметтік география ұғымы, мақсаттары мен міндеттері.

      24. «Экономикалық және әлеуметтік география пәні» бөлімін оқуға 7 сағат бөлінген:



      «Экономика», «экономикалық жүйе» терминдерінің анықтамасы және ұғымы, Қазақстанның

экономикасы (дамуының негізгі кезеңдері, ел шаруашылығының өткені, қазіргі кезі және болашағы),

индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, ТМД-дағы интеграция (ықпалдастық);

      Қазақстан әлем картасында (аумағы, экономикалық-географиялық жағдайы және мемлекеттік

құрылысы), қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті, ресурстары, өндіріс факторлары,

экономиканың негізгі сұрақтары;

      № 1 практикалық жұмыс «Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын және

саяси-әкімшілік құрылымын анықтау».

      25. «Халқы және еңбек ресурстары» бөлімін оқуға 8 сағат бөлінген:

      халық саны, табиғи өсімі және ұдайы өсуі, ел халқының жастық-жыныстық құрамы және

денсаулығы;

      еңбек ресурстары, әлеуметтік және мамандық құрамы, халықтың ұлттық және діни құрамы; 

      елді мекендердің түрлері, қала халқы, урбандалу, ауыл халқы, халықтың тығыздығы және

қоныстануы, халықтың көші-қоны;

      № 2 практикалық жұмыс карталар және оқулық мәтіні деректерінің көмегімен «Картадан ел

халқының орналасуы, облыстар бойынша халықтың табиғи өсуі, урбандалу және көші-қон деңгейіндегі

заңдылықтарды анықтау», қорытынды шығару.

      26. «Салааралық кешендер географиясы» бөлімін оқуға 26 сағат бөлінген:

      1) шаруашылықтың жалпы сипаттамасы (2 сағат), шаруашылықтың құрамы мен құрылымы,

өнеркәсіптің құрылымы, орналастыру қағидалары және факторлары, кластерлер;

      2) салааралық кешендер (24 сағат), отын-энергетикалық кешен (3 сағат):

      елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама, мұнай, газ өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі және

электр энергетикасы;

      № 3 практикалық жұмыс «Бірнеше отын базасын сипаттау және салыстыру», қорытынды шығару;

      3) конструкциялық материалдар өндірісі кешені (7 сағат): 

      металлургия кешені, қара металлургия, түсті металлургия, ауыр түсті металдар

металлургиясы, жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта;

      химия кешені, конструкциялық материалдар шығаратын басқа салалар (орман, ағаш өңдеу,

құрылыс өнеркәсіптері);

      № 4 практикалық жұмыс «Металлургия, химия, ағаш өңдеу өнеркәсіптерінің салаішілік және

салааралық байланыстарының сызбанұсқасын жасау» нұсқалар бойынша және презентация жасау;

      4) машина жасау кешені (4 сағат), машина жасаудың экономикадағы рөлі, оның құрылымы,

мамандануы және кооперативтендіру;

      машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру

факторлары, Қазақстан машина жасауының салалық құрылымы;

      5) агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) (6 сағат), АӨК құрамы және маңызы, кластерлері;

      Қазақстанның өсімдік шаруашылығы, Қазақстанның мал шаруашылығы;

      тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп;

      № 5 практикалық жұмыс «Тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің орталықтарын орналастыру

заңдылықтарын талдау, орналастыру факторларын анықтау», нәтижені кесте түрінде көрсету;

      6) инфрақұрылымдық кешен (3 сағат), Қазақстанның көлік кешені, құрамдас бөліктері,

түрлері, көрсеткіштері, көлік тораптары, қатынас жолдары, өткізгіштік қабілеті;

      көліктің түрлері және елдің көліктік-транзиттік әлеуеті;

      әлеуметтік инфрақұрылым салалары, демалу және денсаулықты қалпына келтіру индустриясы. 

      7) «Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қорытындылау (1 сағат).

      27. «Қазақстанның экономикалық аудандары» бөлімін оқуға 22 сағат бөлінген:

      1) «Қазақстан аумағын аудандастыру» (1 сағат), өндірісті аумақтық ұйымдастыру және

экономикалық аудандастыру, өнеркәсіп тораптары мен аумақтық-өндірістік кешендер, экономикалық

ауданды оқу жоспары;

      2) «Қазақстанның экономикалық аудандары (21 сағат): 

      Орталық Қазақстан (3 сағат), Шығыс Қазақстан (4 сағат), Батыс Қазақстан (3 сағат),

Солтүстік Қазақстан (4 сағат), Солтүстік Қазақстан (4 сағат);

      экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, (Қ.И.Сәтпаев

зерттеулерінің Орталық Қазақстанның дамуындағы маңызы);



      шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы;

      қалалары, ауылдық елді мекендері және олардың экономикалық-экологиялық проблемалары,

(Астана – Қазақстан Республикасының астанасы, оның аумақ пен ел экономикасын жетілдіру мен

дамытудағы рөлі, ЭКСПО – 17 көрмесі өтетін жер), (Алматы, Байқоңыр – еліміздің теңдесі жоқ

қалалары, олардың ел экономикасының дамуындағы рөлі);

      № 6 практикалық жұмыс «Орталық және Шығыс Қазақстанның өнеркәсібіне салыстырмалы

экономикалық-географиялық сипаттама»;

      № 7 практикалық жұмыс «Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығына

салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттама»;

      3) № 8 қорытынды практикалық жұмыс (1 сағат), экономикалық аймақтардың халқы және

экономикасындағы айырмашылықтарды табу мақсатында қысқаша, кешенді (жоспар және нұсқалар

бойынша) салыстыру, істелген жұмысты талқылау және презентация өткізу;

      4) қорытынды сабақ (1 сағат), жоспар бойынша туған қаланың, ауылдың экономикасын сипаттау,

халықтық қолөнердің, ұлттық-дәстүрлі өнеркәсіптің ерекше түрлерін анықтау, өз елді мекенінің

шаруашылығының облыс экономикасындағы, экономикалық аймақтың және ел экономикасындағы маңызын

анықтау. 

      28. «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» бөлімін оқуға 4 сағат бөлінген:

      геосаясат ұғымы, Қазақстанның геосаяси жағдайы, дүниежүзілік экономикадағы Қазақстан

(жетістіктері, беталысы, реформалары, халықтың өмір сүру деңгейі және адамзат дамуының индексі

(АДИ));


      Қазақстанның басқа елдермен саяси, сыртқы экономикалық байланысы және мәдени-гуманитарлық

ынтымақтастығы, Қазақстанның экологиясы және халықаралық экологиялық ынтымақтастық.



6. 6 сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      29. Пәндік нәтижелер. 6 сыныптың соңында оқушылар:

      1) даладағы географиялық зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін;

      2) Жердің табиғаты және пішіні жайлы білім мен көзқарастардың өзгеруін, саяхатшылар мен

зерттеушілердің қосқан үлесін, саяхаттардың негізгі бағыттарын;

      3) қазіргі кездегі географиялық зерттеулерді; 

      4) қазақстандық ғалымдардың үлесін, қазақстандықтардың жер шарын айналу саяхаттарын және

Қазақстан Республикасы Антарктикалық зерттеулерінің басталуы жайлы; 

      5) Жер, Күн, Күн жүйесі, Ғалам, Жер планетасы және оның ерекшеліктері (пішіні мен мөлшері)

жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми ұғымдарын; 

      6) масштаб, жергілікті жердің планы, азимут ұғымдарын, жергілікті жерді қағаз бетіне

түсіру әдістерін;

      7) мектептің топографиялық картасындағы топографиялық шартты белгілерді;

      8) абсолют және салыстырма биіктіктер ұғымдарын;

      9) Жер шеңберінің ұзындығын, градус торы сызықтары – меридиандар мен параллельдерді,

олардың әр түрлі карталарда бейнеленуіндегі айырмашылықтарды;

      10) географиялық координаталар (ендік және бойлық) ұғымдарын;

      11) карталардың жіктелуін;

      12) литосфера, жер қыртысы, жер бедері және Жер бетінің әртүрлілігі жайлы ұғымдарды;

      13) литосфералық плиталар теориясының негізгі ережелерін;

      14) материктер мен Мұхит түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін;

      15) құрлықтағы жазықтар мен таулардың биіктік айырмашылықтарын;

      16) жер қыртысы қозғалысының түрлерін;

      17) сыртқы және ішкі үдерістердің әсерінен материктер мен мұхиттар жер бедерінің өзгеруін;

      18) өз жері жер бедерінің, тау жыныстарының ерекшелігін, адамның шаруашылық әрекетіне

әсерін;


      19) гидросфера және су нысандары ұғымдарын;

      20) гидросфераның құрамдас бөліктері (мұхиттарды, құрлық суларын, атмосферадағы суды,

олардың түрлерін);


      21) дүниежүзілік су айналымын, оның маңызын; 

      22) мұхит суы қозғалысының түрлерін;

      23) карталар мен жергілікті жердің планында құрлық суын бейнелеудің тәсілдерін;

      24) Жер қозғалысының маңызын;

      25) жылулық белдеулерін; 

      26) атмосфера жайлы (температура, жел, ауа массалары, атмосфералық жауын-шашын, ауаның

ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауа райы, климат, климат құрушы факторлар ұғымдары мен

терминдерін);

      27) желдің пайда болу себептері мен оның маңызын;

      28) бұлттардың, жауын-шашынның пайда болу себептерін;

      29) ауа райы түрлері мен олардың сипатын;

      30) жергілікті жер климатының сипатын;

      31) ауа райы және климат факторларының адам денсаулығына және шаруашылық әрекетіне

тигізетін әсерін;

      32) биосфера ұғымын;

      33) тірі организмдердің таралу заңдылықтарын;

      34) тірі организмдердің литосфераның, гидросфераның, атмосфераның қалыптасуына және

дамуына тигізетін әсерін;

      35) топырақтың қалыптасуын, оның түрлерін;

      36) өз өңірінің табиғат компоненттерін (өсімдіктерін, жануарларын, топырағын);

      37) жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістерді, проблемаларды шешу үшін елдердің халықаралық

ынтымақтастығының қажеттілігін; 

      38) географиялық қабық, табиғат кешені, географиялық белдеулер және зоналар ұғымдарын;

      39) Жердегі ендік және биіктік белдеулері ұғымын;

      40) әр түрлі географиялық белдеулерде және зоналарда өмір мен іс-әрекетке қолайлы және

қолайсыз жағдайларын;

      41) Жер халқының санын және олардың орналасуын;

      42) демографиялық саясат ұғымын;

      43) негізгі нәсілдерді, ірі халықтарды, Н.Н.Миклухо-Маклай зерттеуінің нәтижесін;

      44) елді мекендердің, мемлекеттер мен олардың астаналарының дүниежүзі саяси картасында

бейнелену тәсілдерін;

      45) өз елді мекенінің шаруашылық әрекеті түрлерін және оның маңызын;

      46) курстың номенклатурасын білулері тиіс.

      30. 6-сыныптың соңында оқушылар:

      1) табиғат құбылыстарына және табиғат нысандарына жүйелі және мақсатты бақылау жүргізе; 

      2) жүргізілген бақылаудың нәтижелеріне қорытынды және тұжырымдама жасай;

      3) Жерді одан әрі зерттеу мақсатында саяхаттардың болжалды бағыттарын жоспарлай;

      4) жергілікті жерде бағытты тұспалдай;

      5) практикалық іс-әрекетінде жергілікті жердің планын қолдана; 

      6) жергілікті жердің планы мен карталардан: географиялық координаталарды, бағытты,

нысандардың арасындығы қашықтықты, белгілі бір нүктелердің абсолют және салыстырма биіктіктерін

және тереңдіктерін анықтай;

      7) литосфералық плиталар териясы негізінде Жер бетіндегі жер бедерінің алуан түрлілігін

түсіндіре;

      8) картадан тауларды, жазықтарды, жанартауларды, шыңдарды көрсету және олардың биіктіктері

мен географиялық орнын анықтай;

      9) негізгі белгілері бойынша тау жыныстарын анықтай;

      10) мұғалімнің тапсырмасы және оқушының таңдауы бойынша кескін картаға тауларды,

жазықтарды, жанартауларды, шыңдарды белгілей;

      11) картадан нысандардың географиялық орнын анықтай;

      12) картадан мұхиттар мен теңіздердің тереңдіктерін анықтай;

      13) оқушының таңдауы бойынша гидросфера нысандарын кескін картаға белгілей; 

      14) жергілікті жердің планы, карталардың көмегімен өзен ағысының жер бедеріне тәуелділігін

анықтай; 



      15) түсіндіре отырып карталардан гидросфераның нысандарын көрсете;

      16) Жер бетінде күн жылуы мен жарықтың таралуының Жер пішіні мен географиялық ендікке

тәуелділігін түсіндіре;

      17) Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуының маңызын түсіндіре; 

      18) ауа райына жүйелі түрде бақылау жүргізу, қажетті деректерді ауа райы күнтізбесіне

белгілеп отыру, жақын күндердің ауа райына болжау жасау;

      19) барометр, термометр, анемометр, флюгер, гигрометр, ылғалдылықты өлшеуіш құралдарымен

жұмыс істей;

      20) ауа райына талдау жасау, практикалық жұмыстар орындау барысында математикалық

есептеулердің барлық түрлерін жүзеге асыра;

      21) климат және ауа райы құбылыстарын түсіндіре;

      22) биосфераның құрамдас бөліктеріне, табиғат кешеніне ситпаттама бере;

      23) сипаттама берудің қарапайым немесе шығармашылық жоспары бойынша табиғат зонасына

презентация жасай;

      24) географиялық белдеулер және зоналар табиғаты сипатының аса маңызды ерекшеліктерін атап

көрсете;


      25) картадан географиялық белдеулер мен зоналарды көрсете;

      26) Қазақстанның географиялық белдеуі мен зоналарын, олардың негізгі белгілерін анықтай;

      27) мәтінде айтылған географиялық нысандарды картадан көрсете; 

      28) карталардан мемлекеттер мен елді мекендерді көрсете;

      29) мемлекеттер мен елді мекендердің, сонымен қатар өз елді мекенінің географиялық орнын

анықтай;


      30) өз елді мекенінің табиғаты, халқы, шаруашылық әрекеті мен даму келешегіне сипаттама

бере алулары керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет