Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 10 - сыныптағы базалық мазмұны



Pdf көрінісі
бет95/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   132

4. Оқу пәнінің 10 - сыныптағы базалық мазмұны

       71. 10 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), Барлығы – 34. 1 сағат, (аптасына – 1

сағаттан); Кіріспе - 1 с.

      72. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі – 5 с.

      1) Еуропа мен Солтүстік Американың алдыңғы қатарлы елдерінің ХХ ғ. басындағы дамуының

негізгі бағыттары – 2 с.

      2) ХХ ғ. басындағы дүниежүзінің саяси картасы» (Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ.

Монополистік капитализм, оның Батыстың басты елдеріндегі ерекшеліктері. Прогрессизм.

Неолиберализм. Әлеуметтік реформизм. Д. Ллойд Джордж. Т. Рузвельт. В. Вильсон. Ж. Клемансо.

      73. «ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар» – 1 с.

      1) Әлемді территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы

күрестің басталуы. ХХ ғ. басындағы қарулы қақтығыстар. Әскери одақтардың құрылуы. «Үштік одақ»,

құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі қайшылықтары. Антанта, құрылу кезеңдері,

қатысушылардың мақсаты. ХХ ғ. басында Балқан мәселесінің шиеленісуі.

      74. Бірінші дүниежүзілік соғыс – 2 с.

      1) Шілде дағдарысы және дүниежүзілік соғыстың басталуы» (1914-1918 жж. соғыс қимылдарының

негізгі кезеңдері. Марна өзеніндегі, Верден түбіндегі және Соммадағы шайқастар. Германияның

«қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарулардың жаңа түрлерін қолдану. Соғысушы елдердің

экономикасын қайта құру. Батыс және Шығыс майдандағы соғыс қимылдары. 1917 жылғы соғыс

қимылдары. Ресейдің соғыстан шығуы. Соғысқа АҚШ кірісуі. Соғысушы елдерде

әлеуметтік-экономикалық және саяси қайшылықтардың шиеленісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік

одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары.

      75. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері – 13 с.

      1) Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудағы Версаль-Вашингтон жүйесі– 1 с.;



      2) Париж бітім конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Бітім шарттарының

Версальдық жүйесі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары.

      76. Батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі бағыттары» – 1 с.

      1) Батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты» (Соғыстан

кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж.

дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу аймақтарын

қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия.

Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар.

      77. «Германия» – 1 с.

      1) Соғыстың соңғы жылдарындағы Германияның экономикалық және саяси жағдайы» (1918-1919 жж.

революция. Веймар конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі

және сыртқы саясаты. НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның іске аспауы. 1923 ж. саяси

дағдарыс. Гамбругтегі көтеріліс;

      2) «Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі» (Нацистердің өкімет басына келуі.

Тоталитарлық режим орнату. Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай

жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-эк)ономикалық саясаты. Фашистердің нәсілдік

саясаты.

      78. Италия – 1 с.

      1) Әлеуметтік-экономикалық және саяси даму» (Жұмысшы және шаруалар көтерілісі. Фашистік

ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің

фашизмге қарсы күресі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини

үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.

      79. Испания – 1 с.

      1) Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және экономикалық жағдайы.

1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтың

майданның құрылуы және сайлаудағы жеңісі. 1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы.

Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының

орнауы.


      80. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері – 1 с.

      1) Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көп ұлттық империялардың ыдырауы және жаңа

тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы» (Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Австрия және Венгриядағы революция. Австрияда республиканың жариялануы. Венгрияда кеңестік

республиканың орнауы. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық

үкіметінің орнауы. Чехословакия республикасының дамуы. Польяк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші

Речь Посполитая. Югославияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Болгария. Румыния.

Албания.


      81. Ұлыбритания – 1 с.

      1) Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы» (Д.

Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет.

Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл. Дүниежүзілік

экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері. Р. Макдональд. Ұлттық үкіметтің

реформалары. Н.Чемберлен үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчиль және сыртқы саяси

бағыттағы өзгерістер.

      82. Франция – 1 с.

      1) Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары» (Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі

Францияның дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның

Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы

бағдарламасы. Халықтық майдан үкіметінің парламенттік сайлаудағы жеңісі. Халықтық майдан

үкіметінің реформалары. Халықтық майданның ыдырауы).

      83. Ресей және КСРО – 2 с.

      1) Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және

республиканың құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің

өкімет басына келуі. Билік, жер және бітім туралы Декреттер. Құрылтай жиналысын қуып тарату.

Ресейдің соғыстан шығуы. Брест бітімі. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы



және интервенция. «Әскери коммунизм» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция.

Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің орнауы және И.В. Сталиннің жеке билігінің күшеюі.

Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жылдардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Жаппай

жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты.

      84. АҚШ – 1 с.

      1) АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда. Республикандардың билік басына келуі.

«Просперити» кезеңі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г.

Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және

демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Соғысаралық жылдардағы АҚШ-тың сыртқы

саясаты).

      85. Латын Америкасы елдері – 1 с.

      1) Латын Америкасы елдеріне жалпы сипаттама. 1910-1917 жж.» (мексикандық революция. 1917

ж. Конституция. Соғыстан кейінгі Латын Америкасы елдері. Латын Америкасы елдері дүниежүзілік

экономикалық дағдарыс кезеңінде. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың ерекшеліктері. Латын

Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде.

      2) Қайталау – 1 с.

      86. «1918-1945 жж. Азия және Африка елдері» – 8с.

      87. Жапония – 1с.

      1) «Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық

дамуы» (1918 жылғы «Күріш бүлігі». Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Дүниежүзілік

экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік тенденцияның күшеюі. 1932 және 1936

жылдардағы бүліктер және «Жас офицерлер». «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пактіге» қол қою.

Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті).

      88.Түркия – 1 с.

      1) «Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің басып алуы»

(Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль

Ататүрік. Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Түркия Республикасының мемлекеттік

құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды

іске асыру. Түркия Республикасының 30-40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы).

      89. Қытай және Монғолия – 1 с.

      1) Азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Азамат

соғысы. Чан Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру. Гоминьданның

реформалары. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас

майдан мәселесі;

      2) Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д.

Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау

әрекеті. Х. Чойбалсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары.

      90. Ауғанстан және Иран – 1 с.

      1) Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған

қақтығысы. Ауғанстанның Аманолла билігі кезіндегі дамуы. 1923 ж. Конституция. Реформалар.

20-жылдың соңы 30- жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах режимінің

орнауы;


      2) Иранда саяси күрестің шиеленісуі» (Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы.

Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар династиясының биліктен кетуі. Реза-шаха Пехлевидің әкімшілік,

экономикалық және мәдени реформалары.

      91. Үндістан – 1с.

      1) Британ билеушілерінің Үндістандағы отарлық саясаты» (Үндістан халықтарының отаршылдыққа

қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатьяграх

науқаны. Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Жаңа саяси

бірлестіктің қызметі және жаппай толқудың өршуі. Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің

Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея.

      92. Азияның араб елдері – 1 с.

      1) Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы» (Ирак, Сирия,

Ливанның ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері.



Аравиядағы араб мемлекеттері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі.

      93. Африка елдері – 1 с.

      1) «Солтүстік Африканың саяси картасы» (Африкадағы араб елдері. Магриб елдері дүниежүзілік

соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия);

      2)Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка

халықтарының азаттық күресі. Италия-Абисиния соғысы.

      2) Қайталау – 1 с.

      94. Халықаралық қатынастар – 2 с.

      1) ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың тұрақтануы.

Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог пактісі. 1930-1939 жж.

халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халықаралық қатынастардың

шиеленісуі. Еуропа мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Басқыншы мемлекеттер одағының

құрылуы. Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы;

      2) 1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс). Судет мәселесі.

Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері.

Өзара шабуыл жасамау туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу

мәселесі.

      95. Екінші дүниежүзілік соғыс – 2 с.

      1) Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға

шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскерлерінің

Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. Германияның Батыс Еуропа

елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы

соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва түбіндегі

шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа

кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары. Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У.

Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп».

Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;

      2) Екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс» (Сталинград және Курск

шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия

мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары

мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы.

      96. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – 2 с.

      1) Ғылым мен техниканың дамуы. Жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина

және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер.

Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация, радиотехника). Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының

теориясы мен әдіснамасының дамуы;

      2) Мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм. Әдебиет пен

өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық мәдениет;

      3) Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы қайта құрулар.

Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою. Халық мәдениетінің үлгілері мен

ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды,

әдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет.

Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары;

      4) Қорытынды қайталау – 1 с.



5. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

      97. 11 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1

сағаттан.

      98. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – 17 с.

      99. Ұлыбритания – 2 с.

      1) Ұлыбритания ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Екінші дүниежүзілік

соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Консервативтік


үкіметтердің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа қосылуы

туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және сыртқы

саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. Әлеуметтік-экономикалық реформалар.

Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму мәселелері;

      2) Ұлыбритания XX ғ. 80-жылдары – ХХI ғ. Басында. М. Тэтчер үкіметінің

әлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мәселесі. Т. Блэр

үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік

сайлау. Д. Камеронның коалициялық үкіметі.

      100. Франция – 2 с.

      1) Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы

қалпына келтіру. Алжирдегі соғыс.IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция

және Бесінші республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы

саясаты. ҒТР және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. В. Жискар дх Эстеннің сыртқы саясаты);

      2) Франция ХХ ғ. 80-жылдары –ХХІ басында. Солшыл күштердің 1981 ж. президенттік және

парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дәуірі». 80- жылдардың ортасындағы миттеранизм

эволюциясы. Сыртқы саясат.1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Л. Жоспен

кабинетінің қызметі. 2007ж. президенттік сайлау және Н.Саркозидің жеңісі. 2008 ж. Конституциялық

реформа. 2012 ж. Сайлау.

      101. Германия – 2 с.

      1) Германия Федеративтік Республикасы ХХ ғ. 50-70-жылдарда. Германиядағы оккупациялық

режим. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша реформасы. Берлин

дағдарысы. Екі герман мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР. Германия Федеративтік

Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық

ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия Федеративтік Республикасының экономикалық және саяси дамуы.

ГФР сыртқы саясаты. В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы

дағдарыс және оның зардаптары;

      2) ГФР ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында» (Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.

Неоконсерватизмнің германдық нұсқасы. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияның бірігуі. ГФР

біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. ГФР ХХ –

XXI ғғ тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты.

      102. Италия – 1 с.

      1) «Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында» (Экономиканы қалпына

келтіре бастау. Республиканың жариялануы. Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық

дамуы. 70-ші жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. А. Мороның

өлтірілуі. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері. Коррупциямен күрес);.

      2) «Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғ. басында» (Италиядағы екінші республика. 2001 ж.

парламенттік сайлау. М. Монти үкіметінің құрылуы).

      103. Испания – 1 с.

      1) «Франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы» (Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты.

60-жылдардағы экономикалық саясаттағы өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси

реформалар. Партиялардың қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы. Демократиялық

құрылыстың нығаюы және дамуы. Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты.

      104. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері – 2 с.

      1) Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы –

80-жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. Кеңестік социалистік үлгіні қабылдауға мәжбүр болу.

ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Экономиканы түбірінен

қайта құру. Аграрлық қайта құрулар. Жедел индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм

үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман Демократиялық Республикасындағы 1953 ж. оқиғалар.

Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Кеңес әскерлерін Будапештке енгізу;

      2) «Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс» (Чехословакияға ВШҰ әскерлерін енгізу. 1968

ж., 1970 ж. және 1980-1981 жж. Польшадағы дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы.

Польшада әскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;

      3) «Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ. басында» (КСРО-дағы

қайта құру саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Шығыс Еуропа елдерінің тоталитаризмді жою жолына



түсуі. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси

ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушеску режимінің күйреуі. Шығыс

Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың

басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық қауымдастыққа қатысуы. Аймақтағы елдер

және НАТО.

      105. Америка Құрама Штаттары – 2 с.

      1) «АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында» Елдің соғыстан кейінгі алғашқы

жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Реконверсия.

Тафт-Хартли заңы. Демократиялық және республикандық әкімшіліктердің 40-50-жылдардағы ішкі

саясатына «қырғи-қабақ соғыстың» әсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мәселесі.

Американ қоғамы ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Азаматтық

құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық әкімшіліктердің ішкі және сыртқы

саясаты. Уотергейт ісі;

      2) «АҚШ ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында» (Р. Рейган және «рейганомика». Неоконсерватизм.

АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және

сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың

билікке келуі. Б. Обама. 2012 ж. сайлау).

      106. Латын Америкасы елдері – 1 с.

      1) «Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы»

(Ұлтшыл-реформизм);

      2) «Кубадағы 1960-шы жж. революциялық диктатура режимі» (Биліктің Ф. Кастро қолына

шоғырлануы. Куба экономикасының ХХ ғ. 80-жылдардың аяғы–90-жылдардың басындағы қиыншылықтары.

Мемлекеттік-бюрократиялық социализмнің дағдарысы);

      3) «Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы» (Чилидегі

демократиялық қайта құрулар үдерісі.Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған

әскери хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес);

      4) «ХХ-ХХІ ғғ. тоғысында Латын Америкасы елдері дамуының басты мәселелері» (Сыртқы

қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл лаңкестік);

      5) Қайталау– 1 с.

      107. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері – 11 с.

      1) «Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары»

(Жаңа конституцияның қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына

келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон

«экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына

әсері. 80-жылдардағы экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1990-жылдардағы экономикалық

депрессия және оның себептері. Жапония әлемдік экономиканың басты орталығы ретінде. Жапонияның

ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты).

      108. Түркия – 1 с.

      1) «Соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының тұжырымдамасын қайта қарау» (Демократиялық

партияның билікке келуі. Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес.

1960 ж. әскери төңкеріс. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды қалпына келтіру.

Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды

жылдамдату шаралары. Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы. Жаңа конституция қабылдау. Т.

Озал. Ауқымды либералды реформалардың пайда болуы. Түркияның заманауи индустриялы елге айналуы.

ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы.

      109. Ауғанстан. Иран – 1 с.

      1) «Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Ауғанстанның ХХ ғ.»

(60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы

әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат

соғысы).

      2) «Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта

құрулар» (Мосаддық үкіметі және мұнай мәселесі. 60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі.

1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы.



Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында).

      110. Қытай. Моңғолия – 1 с.

      1) 1946–1949 жж. азамат соғысы. ҚХР құрылуы» (Қытай коммунистерінің

әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. Қытайда

социализм құру ісін жылдамдату әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Мәдени революция. Дэн

Сяопин және «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының ерекшелігі. 1989 ж.

Тяньаньмэньдегі жағдай);

      2) Моңғолияның капиталистік емес даму жолының қайшылықтары» (Жедел индустрияландыру мен

ұжымдастырудың зардаптары. ХХғ. 80-жылдардағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ.

аяғы –XXI ғ. басында.

      111. Корея.Үндіқытай елдері – 2 с.

      1) «КХДР мен Корея Республикасының құрылуы» (1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары.

Елдің Оңтүстігі мен Солтүстігіндегі экономикалық және саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир

Сен және «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы);

      2) «Корея Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы» (Оңтүстіккореялық авторитаризм.

Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция.

ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мен Бак. Екі корей

мемлекеті арасындағы өзара қарым-қатынас);

      3) «Үнді қытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы күресі. ВДР жариялануы.

1954 ж. Женева келісімі. Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. Лаос

пен Камбоджада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының ерекшеліктері. Үндіқытай елдерінің өзара

қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны).

      112. Үндістан. Пакистан – 1 с.

      1) «Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның

құрылуы» (Үндістанның республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру. И.

Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1980-1990-жж. экономикалық

бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары және нарықтық экономиканың дамуы. Кашмир мәселесі.

Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. және 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх);

      2) «Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери

биліктің орнауы» (Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс Пакистандағы бенгалдықтардың

ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. 1973 ж. Конституция және парламенттік түрдегі

басқару. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында).

      113. Азияның араб елдері – 1 с.

      1) «Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары»

(Шығыс-жерортатеңізі және аравия елдері. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде

тәуелсіздіктің жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам

Хусейннің диктаторлық режимі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» 2010-2011 жж.. 

      114. Африканың араб елдері – 1 с.

      1) «Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін маңызы» (Суэц каналын

национализациялау. Г.А. Насердің бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко)

ұлт-азаттық күрес. Алжирдегі соғыс және оның француз отарлық империясының тағдырына әсері.

Африканың араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж.);

      2) «Араб-израиль қарсыластығы және Палестина мәселесі» (Кэмп-Дэвид келісімі және Таяу

Шығыста бейбіт үдерістің басталуы. ПАҰ дағдарысы және дағдарыстан шығу мәселесі. Қазіргі кездегі

Палестина мәселесі.

      115. Оңтүстік және Тропикалық Африка елдері – 1 с.

      1) Африканың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы

рөлі. Бесінші панафрикандық конгресс және саяси тәуелсіздік ұранының көтерілуі. Тропикалық

Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның тәуелсіздігін жариялау. «Африка жылы»

(1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің тәуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы және Оңтүстік Африканың

азаттық жолындағы күресі;

      2) Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;.

      3) Қайталау – 1 с.

      116. Халықаралық қатынастар – 3 с.



      1) «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық қатынастар»

(Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. «Қырғи-қабақ соғыс», оның бастаулары және негізгі кезеңдері.

НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық қатынастардың

екіполюсті жүйесінің қалыптасуы. Кореядағы халықаралық жанжал).

      2) «ХХ ғ. 60-80-жылдардағы халықаралық қатынастар» (1961 ж. дағдарыс және Берлин

қабырғасының тұрғызылуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық қатынастардың сипатының өзгеруіне

әсері. Индонезия және Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Вьетнамдағы соғыс. Алжирдағы ұлт азаттық

соғыстар. Таяу Шығыс дағдарысы).

      3) «ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу кезеңдері»

(Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі).

      4) «ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар» (Көпполюсті әлемнің қалыптасуы.

Халықаралық қатынастар жүйесінде БҰҰ-ның алатын орны. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Халықаралық

лаңкестік мәселесі).

      117.ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – 2 с.

      1) «Ғылым мен техниканың дамуы» (ҒТР. Ғылыми-техникалық революцияның басталуы. Атом

энергиясының ашылуы және бейбіт мақсатта қолданылуы. Ғарышты меңгеру. Жаңа технологиялардың

пайда болуы. Ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. ҒТР қайшылықты

сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР

әлеуметтік зардаптары).

      2) «ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы» (Әлем халықтарының

әдебиеті. Сыни және «социалистік» реализм. Бұқаралық мәдениет. Өнердегі жаңа бағыт. ХХ ғ. соңғы

онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы).

      3) Қорытынды қайталау – 1 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет