Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет135/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім 
беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу 


234 
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып 
табылады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім 
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге 
баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің 
дағдыларын меңгеруімен қоса тӛтенше жағдайларда адамның ӛмір қауіпсіздік 
әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған. 
Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери 
және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен, ҚР БҒМ 2017 жылғы 
«27» шілдедегі 207-қосымша № 352 бұйрығымен бекітілген оқу 
бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери 
және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және ӛткізу үшін 
негіз болып табылады: 
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 
2. «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ 
оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан 
Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 
бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет 
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 
3. «Кӛлік құралының сәйкестендіру нӛмірі бойынша кӛлік құралдарының 
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық кӛлік 
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші 
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі 
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың 
дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық 
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде ӛткізіледі. 
Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, 
құралдарды және ӛзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын 
игеруге бағытталады. 
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері 
туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 
арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің 
маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және 
міндетін оқыту.
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: 
1) әскери 
анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 
жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру; 


235 
2) әскери бӛлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке 
құрамның ӛмірі мен орналасуымен таныстыру; 
3) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық 
технологияны пайдалана отырып робототехникада, дӛңгелекті машиналарды 
жүргізудің негіздері және тӛтенше жағдайда адам ӛмірі қауіпсіздігі негіздерінде 
қалыптастыру; 
4) жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін 
дарытуға тәрбиелеу; 
5) әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң кӛз-қараста 
тәрбиелеу. 
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау 
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-
қорғаныс сауықтыру лагерьлерінде, әскери бӛлім базаларында (әскери бӛлім 
басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат кӛлеміндегі бес 
күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны ӛткізіледі. 
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару 
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу 
сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу 
нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және 
практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық 
мазмұны. 10-сынып. 
«Кіріспе сабағы» бӛлімі: білім алушыларға «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын; 
«Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», 
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық 
қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңдарын, «Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізу және 
ұйымдастыру» және оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру ережелерін 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 
желтоқсандағы № 606 бұйрығы (күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет