қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
«Кӛлік құралының сәйкестендіру нӛмірі бойынша кӛлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық кӛлік
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы
әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың
құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
Бӛлімдер:
236
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери
қауіпсіздігінің кепілі».
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери
құрылымдарының жалпыәскери жарғылары».
3. «Тактикалық дайындық».
4. «Атыс дайындығы».
5. «Саптық дайындық».
6. «Әскери топография».
7. «Әскери роботты техникалардың негіздері».
8. «Ӛмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері».
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағына білім
алушылар білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіліп
белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және ӛзге де әскери-
техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру
ұйымдарының есебінен іске асырылады.
Алғашқы
әскери
және
технологиялық
дайындық
оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық
таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке
деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты
міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рӛлі мен маңызын
түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен
әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген
қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына
деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің
тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын
орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
«Әскери роботты техникалардың негіздері» бӛлімі: Әскери роботты
техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды
әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу
траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және
алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.
«Ӛмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бӛлімінде –
азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар
Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи
апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-
шаралармен таныстырады.
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта
«Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу
жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
жүзеге асырады. Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті
болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
237
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-
2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу
ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352
бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша
оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық
оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бӛлімнен 30 сағат қарастырылған.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық
қаруландыруды және техниканы, тӛменгі тактикалық буын бӛлімшесінің
мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-
технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын
ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда,
террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет
ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару
және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды;
штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының,
радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін,
құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды,
жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және ӛткізу тәртібін; алғашқы
медициналық кӛмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық,
химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да
адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету
ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған
ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы
тӛтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және
экологиялық шығынын түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рӛлінде,
радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы
ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану
құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда,
күн ӛткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық
кӛмек кӛрсетуді; дененің түрлі бӛліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің
түрлі бӛліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы
медициналық кӛмек кӛрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды
технологияларды пайдаланады, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық
фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы
238
мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы тӛтенше жағдайдың
салдарын талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін
тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы
тӛтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін жинақтайды;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |