Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


жҥзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін



Pdf көрінісі
бет34/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   240
жҥзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру ұсынылады. 
Бейімдеу кезеңінен сәтті ӛту үшін қыркүйек-қазан айларында соңғы сабақтар 
стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған 
сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізген жӛн. 
Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше 
назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім 
алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің 
міндеті – кіші мектеп оқушысының оқу әрекетіне деген ішкі уәждемесін 
қалыптастыру.
1-сыныптың бірінші жартыжылдығында жиынтық бағалау жүргізілмейді 
және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім ӛз жұмысын әр білім алушының 
сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей 
жоспарлайды. Алайда, мұғалім біртіндеп жеке және топтық жұмыс бойынша 
рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру арқылы 
бағалау рәсіміне дайындағаны жӛн. Мысалы, «мен жасай аламын ....», «біз 
дайынбыз....», «мен айтып .... бере аламын», «біз айта аламыз...». Рефлексия 
кесте түрінде ұсынылуы мүмкін, бұл да бағалау алдында түсіндіру жұмысы 
болып табылады. 
1-сынып білім алушысының кӛру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын 
дамыту үшін сергіту сәтін уақтылы ӛткізу керек, 1-сынып білім алушыларын 
ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту 
кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс. 
Бірінші сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын 
балалар, алты жастан бастап және басқа да оқумен қамтылмаған балалар 
қабылданатынына назар аударған жӛн, яғни бір сыныпта әртүрлі жастағы 
балалар болуы мүмкін. Осыған байланысты білім алушылардың жеке 
ерекшеліктерін және оқу материалын қабылдауға дайындығын ескеру маңызды.
Бірінші сынып оқушыларының кҥнделікті оқу жетістіктері бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет