Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


әр оқушының оқу жетістіктерін қадағалау бойынша міндеттерді шешуі



Pdf көрінісі
бет36/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   240
әр оқушының оқу жетістіктерін қадағалау бойынша міндеттерді шешуі 
керек. 
Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психологиялық-
педагогикалық қолдауға назар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-
қан тамырлар жүйесі, кӛз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар 
жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына 
байланысты жаттығулар, қол және кӛзге арналған гимнастикалық жаттығулар 
және т. б.) кӛп кӛңіл бӛлу керек. 
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Обучение 
грамоте», «Қазақ тілі» (Т1), «Русский язык» (Я1), «Әдебиеттік оқу», 
«Литературное чтение», оқыту орыс тілінде емес сыныптарда «Орыс тілі» (Я2), 
оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда «Қазақ тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» оқу 
пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге 
асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды 
оқыту барысында қалыптастыру қажет. Коммуникативтік тәсіл білім 
алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын кӛздейді, яғни мәтіндерді 
түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын ӛз 
мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін 
арттыруға, қоғам ӛміріне белсенді қатысуға бағытталған. 
«Сауат ашу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – тілдік және әдебиеттік білімге 
дайындықтың алдын-ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып 


50 
табылады. 
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, 
оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол алған білім, білік, 
дағдыларын түрлі ӛмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді. 
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі аптасына 6 сағаттан, 
оқу жылына 198 сағатты құрайды. 
Сауат ашу үш кезеңге бӛлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, 
әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бӛлінетін сағат 
санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне 
және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің ӛзі 
реттей алады. 
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші 
жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25-30 және одан артық сӛзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сӛздер, 
қос сӛздер жеке сӛз ретінде саналады. 
Бірінші сыныпта буынға бӛліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама 
талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы 
мәнін түсінуі, жекелеген сӛздер мен сӛйлемдердің мағынасын түсінуі. 
1-сынып білім алушылары: 
1) 2-6 сӛзден тұратын сӛйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу
2) 4-8 сӛйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас 
оқу; 
3) сӛйлем, шағын мәтіндер (3-4 сӛйлем) құрастырып жазу; 
4) есту, есте сақтау арқылы сӛздерді (3-7 сӛз) жатқа жазу; 
5) жай сӛйлемдерді (1-2 сӛйлем) жатқа жазу; 
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сӛз) кӛшіріп жазу; 
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сӛздерді тыңдау арқылы жазу 
(8-10 сӛз); 
8) сӛйлемдерді (3-4 сӛзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сӛз) тыңдау 
арқылы жазу; 
9) белгілі бір тақырыпқа сӛйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сӛйлем) 
жұмыстарын орындай алуы керек. 
Білім алушылардың үлгерімін тоқсан аяқталғаннан кейін және 
бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру 
деңгейін анықтау үшін ағымдық бақылау жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет