Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет72/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   240
ойлау технологиясын енді сӛйлеу әрекетінің маңызды бір түрі-сӛйлесімді 
дамытқанда қолдану жолдары нақты жаттығулар арқылы сипатталмақ. Тілдік 
және әдебиет тақырыптары қазіргі заманның ғана емес, ғылым мен 
технологияның дамуын ескере отырып, соған сай дамитын алдағы келе жатқан 
заман оқушыларына қажетті тақырыптардан да іріктелінген. 
2019-2020 оқу жылында 6 және 7-сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің базалық мазмұнына «Ӛлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 
Ӛлкетану – бұл туған ӛлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы
экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және 
кӛркемӛнері. Ӛлкетану ӛзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп 
қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, ӛнерге, әдебиетке 
қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін кӛтеруге үйретеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген 
«Ӛлкетану» материалдарын оқыту: 
- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен 


119 
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; 
- туған ӛлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени 
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған ӛлкенің дәстүрлі қолӛнері, мәдени және әдеби мұралары мен ӛңір 
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған ӛлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға 
бағытталған. 
Ӛлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат кӛлемінде 
оқытылады. Ӛлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім 
мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу 
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бӛлімдер мен бӛлім ішіндегі тақырыптар 
бойынша сағат сандарын бӛлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Ӛлкетану» 
материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. 
Ӛлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 
Ӛлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың 
маңызды міндетін орындайды. Ӛлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың 
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 
ақпарат кӛзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
6-сыныпта«Менің туған ӛлкем ӛлеңдер мен прозада», «Ӛлкені сипаттау 
ӛнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған ӛлкенің табиғаты және 
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған ӛлкенің 
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың 
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 
кӛркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен ӛлкетану сипаттамаларын талдауға 
үйрету ұсынылады. 
7-сыныпта «Туған ӛлке публицистика беттерінде», «Менің туған ӛлкем» 
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда ӛңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған ӛлке туралы, шындық кӛзқарас тұрғысынан адамдар 
туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, 
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, 
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық 
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 
Тӛменде 43-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) саны кӛрсетілген. 
43-кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
 
Сынып 
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша
жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан


120 
5-сынып 




6-сынып




7-сынып




8-сынып




9-сынып 




 
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын, шығармашылық 
қабілетін, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында
тӛмендегідей әдебиеттер тізімі ұсынылады:
А.Байтұрсынұлы. «Бұлбұл мен есек», «Балаларды оқуға шақыру», 
«Қасқыр мен қозы», «Қасқыр мен тырна» 
«Алтын сақа» (ертегі) 
Аңыз әңгімелер.«Қожанасырдың тойға баруы» 
Аңыз әңгімелер. «Мәңгілік ӛмірді аңсаған Қорқыт» 
Аңыз әңгімелер. «Жиренше мен Қарашаш сұлу» 
Қағида ӛлеңдер. «Бес жетім», «Жеті құт», Он жақсы» 
Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал ӛлеңі 
Б. Кӛмеков. С. Ӛтениязов «Шоқан Уәлиханов» әңгімесі 
Б.Майтанов. «Абай» әңгіме 
Ә.Жүсіп. «Бай мен жалшы» әңгіме 
Ж.Смақов. «Не болады?», «Әжемнің екі қазы бар», «Ит пен мысық 
ойнады» ӛлеңдері 
С.Дӛнентаев. «Кӛк тӛбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке», мысалдары 
Б. Бұлқышев. «Лагерьден қайтқанда» 
«М. Мақатаев.«Үш бақытым» ӛлеңі» 
Ы.Алтынсарин. «Мұңсыз адам» 
Ы.Алтынсарин. «Дүниеде жамандық неден?» 
Шешендік сӛздер. «Дүниеде не ӛлмейді» 
С. Бегалин. «Бала Шоқан» повесі (үзінді) 
М.Әуезов. «Кӛксерек» әңгімесі 
Ш. Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» ӛлеңі» 
С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» 
О.Нұрғали. «Қулық» әңгіме 
А.Асылбек. «Тілін ұмытқан тауық» ӛлеңі 
М. Базарбайқызы. «Әкесін іздеген ұл» әңгімелер жинағы 
Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» 
М. Мақатаев. «Ӛмір сүрейік алмасып» ӛлеңі 
Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын» 
Қ. Қайсенов«Жау тылындағы бала» 
М. Жұмабаев «Сағындым» 
Ғ. Мүсірепов «Тастың әңгімесі» 
«Қобыланды батыр» жыры» 
М. Жұмабаев. «Сүйемін» ӛлеңі 
Қ. Мырзалиев. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» ӛлеңі 
М. Жұмабаев. «Түркістан» ӛлеңі 


121 
М.Әуезов «Жетім» әңгімесі 
Д. Исабеков. «Тағдырдың кейбір кездері» 
«Күншығыс аңыздары». Жапон аңыздары. Түпнұсқадан аударған Ш. 
Жылқыбаева
С. Мұқанов. «Балуан Шолақ» 
М. Мақатев. «Аманат» 
С. Мұратбеков. «Жабайы алма» 
Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді 
Орхон ескерткіштері. «Күлтегін» 
Ғ. Мүсірепов. «Ӛлімді жеңген ана» әңгімесі 
С. Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді) 
А. Құнанбайұлы. «Ескендір» поэмасы 
М. Әуезов. «Абай жолы» толық оқып шығу 
Ғ. Мүсірепов. «Боранды түнде» 
Т. Әлімқұлов. «Қараой» 
М. Жұмабаев. «Батыр Баян» 
М. Ӛтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны» 
Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі 
Ғ.Мүсірепов. «Қазақ солдаты» 
М. Кӛпейұлы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (үзінді) 
М. Құнанбаев. «Меғдат-Қасым» поэмасы 
М. Мағауин. «Бір атаның балалары» 
Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы» 
Ш. Уәлиханов. «Ыстықкӛл күнделігі» 
Б. Майлин. «Шұғаның белгісі» 
А. Құнанбаев «Қарасӛздер»
Б.Момышұлы. «Олар менің есімде» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет