Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет203/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

 
 
 
 
 
 


363 
12 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҤЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ 
БІЛІМ БЕРУ ҦЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру еліміздің білім беру жүйесін 
дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сапалы 
білім алуға қол жеткізу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен 
барлық білім алушыларға, жеке мүмкіндіктеріне қарамастан, ерекше білім беру 
қажеттілігінің (ЕБҚ) әртүрлілігін ескере отырып кепілдік берілген. ЕБҚ бар 
азаматтардың сапалы оқытуға тең қол жеткізуге жағдайларын жасау болашақта 
үлкен артықшылықтарға ие. Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік бейімдеу 
және ӛзін-ӛзі жетілдіру мүмкіндігі. Инклюзивтік ортада білім ала отырып, ЕБҚ 
бар балалар ашық болуға, ӛмірлік қажетті коммуникация дағдыларын, 
қоршаған адамдармен ӛзара іс-әрекет жасауға үйренеді. Ерте әлеуметтік 
инклюзия болашақта заманауи ӛмірге бейімделе алатынына сенімділіктің кепілі 
болып табылады. 
Қазақстан Республикасының саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік, 
экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан сапалы білім алу құқықтарын 
қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға кӛбірек кӛңіл бӛлу 
керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес 
ондай адамдарға қамқорлық кӛрсетілуге тиіс – бұл ӛзіміздің және қоғам 
алдындағы біздің парызымыз»,-деп атап кӛрсетілді. 
Инклюзивті білім беру әрбір адамның қандай да бір кемсіту білім алу 
құқығын жүзеге асырудың дамыған халықаралық қоғамдастықта танылған 
құралы, сондай-ақ, әлемнің кӛптеген елдерінде білім беру жүйесін дамытудың 
негізгі бағыты болып табылады. 
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің маңызды міндеті әрбір 
баланың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. 
Әрбір педагогикалық ұжым жоғары инклюзивті мәдениетті қалыптастыру 
жолында инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күнделікті 
тәжірибесі мінез-құлықтың әдеттегі схемасына айналуына ұмтылуы тиіс. 
Білімнің базалық негізі инклюзивті білім беруді нормативтік құқықтық 
қамтамасыз етуді білуі тиіс. Білім беру ұйымдарының басшылығы қызметтін 
жоспарлау кезінде білім беру процесінің барлық қатысушыларын халықаралық 


364 
және отандық деңгейде инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік 
құқықтық құжаттармен ақпараттандыру мәселелерін ескеруі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет