Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет27/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Назар аударыңыз!
Әрбір педагог мұғалім мәртебесіне сәйкес болуы және педагогикалық 
әдеп қағидаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан 
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының, 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелеріне, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік 
қағидалары мен нормаларына сәйкес сақтауы тиіс. 
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің 
жалпы қағидалары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті. 
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері: 
• адалдық 
• әділдік 
• жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу 
• жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу 
• кәсіби ынтымақтастық 
• кәсіби дамудың үздіксіздігі. 
Ең алдымен педагог қызметкерлер ӛз қызметінде Қазақстан 
Республикасының педагог қызметкері жоғары атағының беделін түсіретін іс-
әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс, ӛзінің қызметтік міндеттерін адал және 
сапалы орындай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 
шаралар қолдануы тиіс, ӛзінің жеке мінез-құлқымен әділдік, адалдық және 
әділеттілік үлгілерін кӛрсетуі тиіс. 
Педагог ӛзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік 
стилін ұстауы маңызды. 
Білім беру ҧйымдарында, білім беру ҧйымдарынан тыс, интернет-
кеңістікте педагогтің мінез-қҧлық мәдениеті мҧғалімнің жоғары атағына 
сәйкес болуы тиіс. Педагог педагогтің беделіне нҧқсан келтіретін, 
педагогиканың принциптері мен талаптарына қайшы келетін мінез-
қҧлыққа, оның ішінде интернет-кеңістіктегі мәліметтердің таралуына 
жол бермеуі тиіс.
Педагог кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың 
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын 
алу жүйесінің органдарына
ӛмірлік қиын жағдайда жүрген баланы анықтау 


38 
фактілері туралы хабардар етуге міндетті. 
Сондай-ақ педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың 
қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер 
(әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс жерде кәсіби 
қызметіне байланысты ӛзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс; 
Педагог ата-аналарға немесе ӛзге де заңды ӛкілдерге білім алушылар мен 
тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, 
оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік принциптерін түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет