40
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында педагогикалық процесті
іске асырудың негізгі бағыттары
Білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін сапалы
білім беру қызметін ұсынуға бағытталады.
Осы мақсатты 2019-2020 оқу жылында іске асыру үшін
келесі міндеттер
айқындалды:
-
балалардың физикалық және психикалық саулығын нығайту;
-
білім беру процесін жетілдіру;
-
балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелерінде соның ішінде инклюзивті
білім беруде ата-аналарды қолдау;
-
балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу.
Білім беру процесін жетілдіру
2019-2020
оқу жылында меншік нысанына қарамастан
мектепалды даярлық
сыныптарында тәрбиелеу - білім беру процесінің
мазмұны Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі-
Стандарт) сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандартына
жас кезеңіне қатысты
(22-
тармақтың 2 - тармақшасы) мектепалды даярлық жасына
өзгерістер енгізілді:
-
мектепалды сыныптары – 5 жастан басталады.
Білім беру процесі:
-
өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
-
апталық циклограммаға;
-
диагностика негізінде мониторингке (бастапқы, аралық және қорытынды)
сәйкес іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: