Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қҧқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Pdf көрінісі
бет97/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Қҧқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны  
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 
Тӛменде 63-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.


171 
63-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
9-сынып 




«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсы 
2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес «Зайырлылық және дінтану негіздері» 
факультативтік курсы оқытылады. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті 
түрде оқыту үшін 9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті 
есебінен аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бӛлінеді. Курсты 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша біліктілікті жетілдіру 
курсынан ӛткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 
Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның 
қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі 
ӛзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын 
бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта 
білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білімнің 
құрамдас бӛлігі болып табылады. 
2019-2020 оқу жылында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы 
бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 
шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-
сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу 
бағдарламасы. 
Бұл курсты ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі 
№ 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті 
арттыру курсынан ӛткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
Білім беру ұйымдарының жетекшілеріне осы курсты жүргізетін тарих 
пәні мұғалімдерінің мамандандырылуын тереңдетіп, басқа мұғалімдердің 
ауыстырылуына жол бермеу ұсынылады.
 «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын 
оқытудың мақсаты: 
- білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет 
баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным 
аясында тануға үйрету;
- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни 
қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 
тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;
- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм 
идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар 


172 
негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік 
дүниетанымын қалыптастыру.  
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын 
оқытудың міндеттері: 
1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы 
рӛлі жӛнінде жүйелі білім беру; 
2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта 
отырып, осы бағытта білім беру; 
3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни 
тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;
4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттану және адамгершілік мәнін 
түсіндіру; 
5) білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, 
толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық 
принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру; 
6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық 
нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез 
бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу; 
7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз 
құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық 
принципіне, қоғам тұрақтылығына тӛндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, 
зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу; 
8) құқықтық сауаттылықтың қоғам ӛміріндегі маңызын түсіндіру, осы 
тұрғыдағы білімін арттыру. 
Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан 
тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті» 
пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен 
сабақтастық принципін орнату қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет