Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет98/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі 
Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын 
егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.
Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және 
дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық 
этикасы негіздері, адамның рухани ӛмірі мен қоғамдағы діннің рӛлі, діни 
бірлестіктер мен ағымдар, жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің 
танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар 
диллемасы тақырыптары қамтылған.
Білім 
алушылардың 
жоғары 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерін 
қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім 
сияқты кӛрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани 
мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 
Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, 
бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 
терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлілігін білім алушылардың 
ұғынуына айрықша назар аударылған.


173 
«Қазақстан – дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан 
Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік 
пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы 
болуы тиіс.
Курстың мазмұнында білім алушылардың ӛзіндік зерттеу әрекеттерін 
ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық 
жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған ӛздігінен жасалынған зерттеу 
жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен 
Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 
мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып кӛрсетеді.
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар 
ӛмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты 
мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының 
мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, 
жүйелі түрде игерілген білім кез келген білім алушыға Қазақстан 
Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, ӛз халқының 
рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды 
әрекетінен сақтану және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік 
алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-
сезім, басқа діндерге кӛзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін 
қалыптастырады.
Бұл 
қурс 
білім 
алушылардың 
гуманистік 
дүниетанымға, 
жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін 
ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық. 
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін келесі дидактикалық 
принциптерге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады: ғылыми негізділік және 
қолжетімділік; жүйелілік пен сабақтастық; кӛрнекілік және абстрактылық; 
зерделілік және танымдық белсенділік; білімді меңгерудің орнықтылығы; 
пәнаралық және пәнішілік байланыс; табиғи сәйкестілік принципі; 
проблемалық принципі; саралау және даралау; оқу тапсырмалары деңгейінің 
әртүрлілігін қамтамасыз ету. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу 
процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дӛңгелек үстел, топпен талқылау, 
шағын жобаларды қорғау, рӛлдік ойын және т.б. оқыту формаларын қолдану 
тиімді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін 
бекіту мақсатында білім алушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша 
шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.
Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны алған 
білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.
Жобалар:
- дін мәселелері бойынша ғылыми-кӛпшілік басылымдар, журналдар, 
газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша 
ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 


174 

дәстүрлі 
діндердің 
біртұтас 
платформалары 
мен 
жалпы 
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 
- еліміздегі және ӛңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау; 

толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі 
зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.
Оқу барысында:
- мәдени-тарихи, ӛркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның 
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар 
бермеу;
- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты 
заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше кӛңіл бӛлу қажет. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының 
құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының 
келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет