165
алушылардың ӛлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне
ықпал ету ұсынылады.
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы
аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл
білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.
7-сыныпта: «Ӛлкенің туристік маршруттары», «Туған
жердің Атымтай
жомарттары», «Туған ӛлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын
оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау,
талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 61-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
61-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
1
2
2
3
6-сынып
1
1
3
2
7-сынып
2
2
3
1
8-сынып
2
2
3
1
9-сынып
2
3
3
3
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың
бойында тарихи сана,
толеранттылық, ӛз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті
қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды
меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға
бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны:
әлеуметтік қатынастардың
дамуы, мәдениеттің дамуы мен ӛзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы
мен ӛзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бӛлімдерін
қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы»
бойынша ежелгі
дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық
салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: