Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет109/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   244
 
 


183 

10-11-
СЫНЫПТАРДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ 
БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
5.1 
Жаңартылған білім мазмұндағы Мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандартымен оқитын 10-сыныптарда оқу процесін 
ұйымдастыру ерекшеліктері 
 
«
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ 
«
Технология және өнер» білім саласы бойынша келесі пәндер 
оқытылады: «Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ әдебиеті», «Русская 
литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература» «Шетел 
тілі». 
 
«
Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
2019-
2020 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 10-сынып 
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасымен оқитын болады
Тіл де, әдебиет те – ғасырлар бойы жасалған, ұлттың дүниетанымы мен 
ғылыми-философиялық ойлау жүйесін танытатын құндылықтар.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп 
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың 
ұйтқысы қазақ тілін пән ретінде оқытудың басшылыққа алынған 
тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен қағидалары мыналар: 
1) Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау.
2) Тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының 
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр 
адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және кісілік 
мәдениетті қатар дамытуға, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру. 
3) Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыруға басымдық беру. 
4) Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру. 
Тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту. Қазақ тілі – мектепте оқытылатын 
барлық пәндердің, ғылымның кілті.
Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – танымның, ой мен сезімді 
білдірудің де құралы және ұлттық ділді сақтаудың кепілі, ұлттық сананы 
қалыптастырудың тетігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет