Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары



Pdf көрінісі
бет127/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   244
игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары 
көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-
мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы 
тиіс. 
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің 
базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар. 
1. 10-
сынып, «Алгебра және анализ бастмалары», жаратылыстану-
математикалық бағыт. 
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Оқыту бағытына сәйкес пәннің 
базалық мазмұны кеңейтілген.
Бірінші. Дәстүрлі түрде оқытылып келе жатқан бөлімдер тақырыптармен 
толықтырылған. Атап айтқан:
- «
Функция, оның қасиеттері және графигі» бөліміне «Бөлшек-сызықты 
функция»; 
- «
Кері 
тригонометриялық 
функциялар» 
бөліміне 
«
Кері 
тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»; 
- «
Туынды» бөліміне «Кері тригонометриялық функциялардың 
туындылары»;
- «
Туындының қолданылуы» бөліміне «Функция графигінің иілу 
нүктелері, функция графигінің дөңестігі» 
- «
Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөліміне 
«
Үлкен сандар заңы». 


212 
- «
Ықтималдық» бөліміне «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы 
(натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес 
формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты 
құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері». 
Екінші. «Көпмүшелер» жаңа бөлімі қосылған. Бірнеше айнымалысы бар 
көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы 
көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге 
жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені 
көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған 
коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері 
туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі 
теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы. 
2. 10-
сынып, «Алгебра және анализ бастамалары», қоғамдық-
гуманитарлық бағыт. 
Пәнді оқытуға аптасына 4 сағат бөлінген. Қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен салыстырғанда шамалы өзгерістер енгізілген. Ол өзгерістер 
комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы материалдарымен байланысты.
Қолданыстағы бағдарламада 11-сыныпта оқытылатын «Кездейсоқ 
шамалар және олардың сандық сипаттамалары» тарауы 10-сыныпқа көшірілген.
11-
сыныпта «Ықтималдық» бөлімі «Ықтималдықтарды қосу және 
көбейту ережелері» тақырыбымен толықтырылған. Бұл тақырып қолданыстағы 
бағдарлама бойынша жаратылыстану-математика бағытында ғана оқытылатын.
3. 10-
сынып «Геометрия» оқу пәні, жаратылыстану-математикалық 
бағыт. 
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 
Оқытудың бұл бағытында «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық 
бағыттылығы күшейтіледі. 
4. 10-
сынып,«Геометрия» оқу пәні, қоғамдық-гуманитарлық бағыт. 
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу 
бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сынып «Информатика» пәнінің 
негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) «Компьютерлік жүйелер». 
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», «құпиялылық» және 
деректердің «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - резервтік көшіру және 
деректерді шифрлау; жеке сәйкестендіру әдістері; 
2) «Ақпараттық объектілерді өңдеу және қайта құру»
Дизайн 
теориясы: 
«дизайн», 
«қолданылуы», 
визуалды 
дизайн 
классификациясы; ақпарат қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары 
(ыңғайлылығы, қарапайымдылығы); графикалық файл пішімдері; графикалық 
файлдарды түрлендіру; веб-сайт дизайнының орналасуын дамыту; 
Бейнежазба жасау: видео түсірілімнің және бейнежазбаның негізгі қағидалары; 
бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейнероликтерді монтаждау; 
Веб-дизайн: сайтты құрастырушы; веб-беттегі мультимедиа; веб-сайтты дамыту 


213 
әдістері; сайтты жариялау; 
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер» 
Ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері: машина жасау 
принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; 
Blockchain(блокчеин) технологиясының мақсаты мен қағидаты.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы «Информатика» 
пәнін оқып-үйрену мақсаты аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету, 
деректерді таныстыру, ақпараттық процестер мен жүйелер, ақпараттық 
объектілерді құру, компьютерлік желілерді құру және трансформациялау және 
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша терең білім мен дағдыларды 
қамтамасыз ету болып табылады.
10-
сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің (ЖМБ) негізгі мазмұны 
келесі бөлімдерден тұрады: 
1) аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету: басқару блогының 
функциялары, арифметикалық логикалық блок және жады регистрлері 
процессордың бөлек бөліктері ретінде;
2) деректерді ұсыну: сандар жүйесі: ондық, екілік, сегіз, он алтылық. 
Компьютердің логикалық негізі: логикалық операциялар (ажыратылу, біріктіру, 
инверсия); логикалық өрнектер; шындық кестесі; компьютерлік логика 
элементтері (конъюнктор, дисюнктор, инвертор); логикалық схемалар. 
Ақпараттық кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)й) таңба кодтау 
кестелері; 
3) ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциялық деректер базасы: өріс, 
жазба, индекс, бастапқы кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер 
базасын құру structured query language («құрылымдық сұрау тілі») (бұдан әрі - 
SQL-
код): деректер типтері, бір кестелік және көп кестелі дерекқорлар; 
нысандар; есептер; сұраулар. 
4) 
ақпараттық объектілерді құру және трансформациялау: веб-дизайн: 
HTML (Hyper Text Markup Language - 
«гипермәтінді белгілеу тілі»), CSS 
(Cascading Style Sheets ) - 
каскадты стиль кестелері); сценарийлерді пайдалану; 
мультимедияны веб-параққа енгізу; 
5) қосымшаларды жасау: алгоритмдер мен бағдарламалар: анықталған 
функциялар мен процедуралар; жолдармен жұмыс істеу; файлдармен жұмыс 
істеу; сұрыптау әдістері; графтарда іздеу алгоритмдері; 
6) компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік 
желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (түйіндер, маршрутизаторлар, 
ажыратқыштар); IP адресі; DNS - домендік атаулар жүйесі; жеке виртуалды 
желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялылық, тұтастық 
және қолжетімділік; деректерді шифрлау; Пайдаланушы деректерін қорғау 
шаралары - құпия сөздер, тіркелгілер, аутентификация, биометриялық 
аутентификация. 
Ұзақ мерзімді жоспар жаңартылған мазмұнның барлық оқу 
бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады, оқу материалы 
тоқсандарға бөлінеді. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және 
бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің 


214 
арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал 
көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс. 
10-
сыныпта «Информатика» пәні бойынша оқыту нәтижесі: 

оқушыда келесі ұғымдарды қалыптастыру: қоғамдағы ақпараттық 
процестердің рөлін түсіну, адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық 
технологияларды 
пайдаланудың 
техникалық 
мүмкіндіктері 
мен 
перспективалары; күнделікті өмірде, зерттеулерде және одан әрі жұмыс істеуде 
ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары; ақпараттық 
мәдениет - жалпыға бірдей қабылданған ережелерді ұстануға және жеке және 
бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне сай әрекет етуге; компьютерлердің 
негізгі қағидаттарын түсіну, жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, 
бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, оларды жетілдіру және жетілдіру, 
сондай-ақ олардың өнімдерін бағалау; 

талдау, абстракция, модельдеу және бағдарламалау арқылы әртүрлі 
мәселелерді шешудің тиімді және ұтымды жолдарын табу мүмкіндігі; 

логикалық, алгоритмдік және есептік ойлау қабілеті; 

пән бойынша концептуалды аппараттарды байыту, информатиканың 
терминдерін түсіну. 
Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда 
сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім 
алушылар саны 20 және одан артық болғанда жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет