Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар



Pdf көрінісі
бет124/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   244
Пәндік бақылау және бағалау бойынша ұсынымдар 
Шетел тілі сабағында сөйлеу қызметінің барлық түрлері (айтылым, 
оқылым, тыңдалым, жазылым / жазбаша сөйлеу) және коммуникативтік 
құзыреттілікті 
құрайтындар 
(сөйлеу, 
тілдік, 
әлеуметтік-мәдени, 
компенсаторлық, оқу-танымдық) болуы тиіс. 
Сабақта оқу уақыты негізінен ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін 
дамыту және жетілдіру үшін қолданылады. Жаңа лексикалық және 
грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту 
ұсынылады; сабақта жұппен, топтармен жұмысты ұйымдастыру есебінен әрбір 
білім алушының сөйлеу белсенділігі уақытын ұлғайту; міндетті түрде мәтін 


208 
алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтай отырып
оқылым мен тыңдалымға үйрету. 
Жазбаша жұмыстардың түрлері көрсетілген оқу бағдарламасының 
талаптарын сақтауға ерекше назар аудару керек. Жазбаша тапсырмаларды 
орындау барысында сабақтың коммуникативтік сипаты бұзылады, негізгі оқу 
тапсырмаларын орындау сапасы нашарлайды. Білім алушылардың оқу 
жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық бақылаудың ауызша 
түрлеріне берілуі тиіс.
Білім алушылар ақпарат немесе хабарлама беру кезінде грамматикалық 
құрылымдар мен шақ формаларын дұрыс пайдаланбауы мүмкін. Егер білім 
алушы өз білімін көрсете алатын болса, олардың тілдік қателіктері бағаға әсер 
ете алмайды, бірақ жіберілген қателіктерді ескеріп оларды қарапайым тілмен 
білім алушыларға түсіндіру қажет. 
Шетел тілін оқытуда үй тапсырмаларының әр түрлі: ауызша, жазбаша, 
міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық 
түрлерін кезектестіру және үйлестіру ұсынылады. Шығармашылық сипаттағы 
үй тапсырмалары білім алушылардың қалауы бойынша ғана берілуі мүмкін, 
берілген жағдайда келесі сабаққа емес, алдын ала бірнеше сабақ бұрын.
Үй тапсырмалары тек сипаты бойынша ғана емес, сонымен қатар 
жоспарланған қызметі бойынша да әр түрлі болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет