Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет187/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   244
 

Назар аударыңыз!
 
Жоғарыда аталған барлық әдістемелік материалдарды 
https://www.nao.kz
 
Академия сайтынан «Білім беруді ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен 
табуға болады. 
 
 


316 
7. 
ОРТА 
МЕКТЕПТЕ 
ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ЖӘНЕ 
СЫБАЙЛАС 
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА 
ҚАРСЫ 
МӘДЕНИЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
сананың феномені болып табылады және оны мектеп қабырғасынан 
қалыптастыру қажет. Сондықтан бала кезден бастап Отанға деген 
сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерге деген құрметті, білім 
мен еңбекке деген ұмтылысты, әдептілік пен адалдықты дарыту керек.
Білім алушыларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және өзінің 
мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Оқушыларға 
академиялық адалдықтың кез келген тәртіп бұзушылықтарын (емтихан, тест, 
бақылау жұмыстары, рефераттар және т.б. жазу кезінде сыртқы көмекті 
пайдалану әрекеті) ұғыну қажеттігін сендіруді дарыту. 
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие оқу бағдарламаларына, 
сонымен қатар сыныптан тыс, жалпы мектептік іс-шараларға: акциялар, 
оқушылар конференциясы, дөңгелек үстел, диспуттар және т.б. сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін қосу арқылы жүзеге асырылады. 
Бұл жұмыс түрі оқушылардың сыбайлас жемқорлықты теріс қабылдауын 
қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық көріністеріне белсенді түрде қарсы 
тұру қабілетін дамытады. 
Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін «Транспаренсия 
Қазақстан» қоғамдық қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі 
дайындаған «Оқушыларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім» 
әдістемелік құралы ұсынылады. 
Сынып сағаттары мен факультативтік сабақтар аясында тоқсанына бір рет 
білім алушыларға: "Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қарсы құбылыс", 
"
Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры", "Сыбайлас жемқорлықтың 
дамуына әсер ететін себептер мен факторлар", "Адам құқығы және сыбайлас 
жемқорлық"
(
Астана, 2014г., с.122) тақырыптары ұсынылады. 
Тәрбие және білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұнда басты рөл отбасы 
мен білім беру саласына бөлінген. Әрбір ата-ана, әрбір мұғалім балалар үшін 
лайықты үлгі болуға, шынайы құндылықтарды таңдауға көмектесуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет