Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


-  кесте - Инклюзивті білім беру шеңберіндегі нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет209/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   244
125- 
кесте - Инклюзивті білім беру шеңберіндегі нормативтік құқықтық 
актілер Халықаралық құжаттар 
 
«Білім 
беру 
саласындағы 
кемсітушілікке 
қарсы 
күрес 
туралы» БҰҰ Конвенциясы (1960 
ж.)
 
Негізгі идея: білім берудің жалпыға қол жетімділігіне 
және оқыту сапасына қатысты тең жағдайларға құқық. 
2016 жылғы қаңтарда ҚР Үкіметі бекіткен. 
«Бала құқықтары туралы» БҰҰ 
Конвенциясы (1989 ж.) 
Негізгі идея: қандай да бір кемсітусіз тегін және міндетті 
білім алу құқығы. 
1994 жылғы маусымда ҚР Үкіметі бекіткен. 
«Барлығы үшін білім беру» 
Декларациясы (1990 ж.) 
 
Негізгі идея: барлық адамдарға – балаларға, жастарға, 
ересектерге-олардың базалық білім алу қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға арналған білім алуға мүмкіндік 
беріледі. 
«Ерекше 
қажеттіліктері 
бар 
тұлғалардың 
білім 
беру 
саласындағы 
ұстанымдары, 
саясаты және практикалық іс-
әрекеттері туралы» Саламанка 
декларациясы. 
 
Саламанка, Испания, 1994 ж 
Негізгі идеялар: білім беру саласында ерекше қажеттілігі 
бар тұлғалар педагогикалық әдістер негізінде оларға 
жағдай жасауы тиіс, кәдімгі мектептерде оқуға қол 
жеткізуі тиіс. 
Мүгедектердің 
құқықтары 
туралы конвенция 
(2006 
ж.) 
Мүгедектердің 
құқықтары туралы конвенцияға 
Факультативтік хаттамаға қол 
қою туралы
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 2008 жылғы 11 
желтоқсандағы N 711 Жарлығы 
 
24-
баптың негізгі идеялары: 
1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға 
құқықтарын таниды. Осы құқықтарды кемсітусіз және 
мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде жүзеге асыру 
мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде 
инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды 
қамтамасыз етеді, бұл ретте: 
а) адами әлеуетін, сондай-ақ қадір-қасиеті мен өзін-өзі 
құрметтеу сезімдерін толық дамытуға және адам 
құқықтарын, негізгі бостандықтарын және адами алуан 
түрлілікті құрметтеуді күшейтуге; 
b) мүгедектердің жеке тұлғасын, талантын және 
шығармашылығын, сондай-ақ олардың ақыл-ой мен дене 
қабілеттерін толық көлемде дамытуға; 


365 
с) мүгедектерге еркін қоғам өміріне тиімді қатысу 
мүмкіндігін беруге ұмтылады. 
2. Бұл құқықты жүзеге асыру кезінде мемлекеттер: 
а) мүгедектердің жалпы білім беру жүйесінен, ал мүгедек 
балалар – тегін және міндетті бастауыш және орта білім 
беру жүйесінен мүгедектігі себепті шығып қалмауын; 
b) мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде 
инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш және орта білім 
беруге басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін; 
c) жеке қажеттіліктерді ескеретін ақылға қонымды 
құрылғымен қамтамасыз етілуін; 
d) мүгедектерді тиімді оқытуды жеңілдету үшін оларды 
жалпы білім беру жүйесінің ішінде қажетті қолдауға ие 
болуын; 
e) білімді игеру мен әлеуметтік дамуға барынша жағдай 
жасайтын ахуалда, соған сай толық қамту мақсатындағы 
жеке қолдауды ұйымдастыру жөніндегі тиімді шаралар 
қабылдануын қамтамасыз етеді. 
ҚР Үкіметі 2015 жылы бекіткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет