42
жүктемесінің көлемі 1 сағатты құрайды. ;
-
«Шет тілі» ЖОП вариативті бөлімге ауыстырылды.
* «Социум» білім беру саласы»:
-
«экология негіздері» ЖОП міндеттері «қоршаған ортамен танысу»
ЖОП енгізілген, апталық оқу жүктемесінің көлемі-0,5 сағатты құрайды.
Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.
Апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы рұқсат етілген жалпы көлемі - 20
сағат:
-
қазақ тілінде оқыту: инвариантты бөлім - 17 және вариативті бөлім - 2
сағат;
-
орыс тілінде оқыту: инвариантты бөлім - 18, вариативті бөлім - 2 сағат.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 25-30 мин. құрайды.
Сабақтар арасындағы үзілістерде орташа қарқынды қозғалмалы ойындар,
дербес қызмет ұйымдастырылады.
Вариативті компонентті анықтау кезінде баланың жас және жеке
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оның қажеттіліктері, мүдделері, сондай-ақ
білім беру ұйымы қызметінің бағыттары ескерілуі тиіс. Вариативті компонент
сынып/мектепалды даярлық тобы балаларының рұқсат етілген жүктемесінің
деңгейінен аспауы тиіс.
Вариативтік бөлімге ағылшын тілін, логиканы, білім беру ұйымдарының
мүмкіндіктерін (кабинеттердің болуы, штат кестесінің сәйкестігін) ескере
отырып қызығушылықтары бойынша сабақты енгізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: