43
Әлеуметтік - психологиялық дайындық-жаңа әлеуметтік жағдайларға
бейімделе білу, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасай
білу.
«Бүлдіршіндер мектебі» жыл сайын жазғы кезеңде мектептер жанынан 2
ай бойы құрылады. Министрлік ұсынылған курс бағдарламасы ЖАО-ға
жіберілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).
Баланы тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру
мәселелерінде педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсету.
Стандартқа ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жасына қарай
топтарға қосу шарттарын көздейтін норма енгізілген. Бір топқа осы санаттағы
үш баладан артық емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы
саны ерекше білім беру қажеттілігі бар бір балаға үш тәрбиеленуші
қатынасында азаяды.
Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
Ағымдағы оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың
өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық
сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады.
Балалармен, ата-аналармен жұмыс тәжірибесін алмасу, тарату үшін педагогтар
қауымдастығының онлайн порталы енгізілді.
Балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу
Қазіргі заманғы жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени
құндылықтар негізінде балаларды Қазақстан халқының рухани-адамгершілік
мұрасына тарту; ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие үдерісіне
белсенді қосу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Балаларды құрдастарына мейірбан, достық қарым-қатынас жасауға
үйрету; адамгершілік әрекеттерге шақыру; адамдарға құрмет сезімін,
мейірімділік, қайырымды іс жасауға ниеттендіру.
Мектепке дейінгі ұйымның және білім беру ұйымының
мектепке
Достарыңызбен бөлісу: