Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет73/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   244
Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері. Оқыту әдістерінсіз алға қойған 
мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс алға қойған мақсат пен нәтижені біріктіретін, 
оқу үдерісінің жүрегі болып табылады. Оқыту үдерісі кезінде есту, айту, оқу 
және жазу секілді сөйлеу қызметінің білімі, дағдылары мен машықтарын 
дамытуға бағытталған коммуникативтік әдіс қолданылады 
1. 
Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең белсенді 


116 
әдістемелерінің ішінде жетекші орын алады. Коммуникативті әдіс жанды 
ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша 
сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға 
бағытталған. Оқушыны басқа тілде сөйлесуге үйрету – мұғалімнің басты 
міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері 
оқушыға оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін
тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады. 
Коммуникативті әдісте оқушы мен мұғалім арасындағы психологиялық 
тосқауыл жойылады. Білім алушылар өздері мен мұғалім арасындағы 
қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, көңілді 
болса, оқушыларға өзге тілде сөйлей бастау оңайға түседі. Оқытудағы 
көптеген ойын элементтері сабақты жандандырады, оқушылардың 
эмоционалды көңіл-күйін сақтап отырады, олардың уәжін күшейтеді. 
«Жұптық», «үштік», «топтық» жұмыстар, тілдік ойындар, рөлдік ойындар, 
оқушыларға қызық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының 
барлығы мұғалімге оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге, 
сабақтарды шығармашылық және қызықты етуге және де сол мезетте мұғалім 
оқушыға сездіртпей, оқыту үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге 
мүмкіндік береді. 
– 
Коммуникативті болып табылады, себебі олардың қатынастың 3 
белгісі бар: ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері байланыс. 
– 
Түрлі әлеуметтік контекстер мен рөлдерді, қатынастарды түсінуге 
мүмкіндік береді. 
– 
Жұптық және топтық жұмыстар – жиі қолданылатын әрекет. 
Психологтердің анықтауынша, кез келген адам естігенінің – 10%, көргенінің 
50%, 
істегенінің – 90%-н жадында сақтап қалады екен , сондықтан 
қатысымдық бағыттағы ойындар мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны 
қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді 
әрекет иесі ретінде рөл атқаруына ынталандырады. Коммуникативтілікке 
бағыттылған ұстаным – тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-
қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға 
бағытталған оқыту болыпсаналады. 
Шетел (АҚШ, Германия, Франция) әдістемесінде тіл оқытуда креативті 
ойлауды дамытудың келесі әдістері кеңінен тараған: креативті жазылым; 
креативті оқылым; креативті тыңдалым; креативті сөйлесім
Креативті ойлауды дамытудағы оқыту әдістері белгілі дидактикалық 
жүйе түрінде көрінеді, бұған сәйкес оқу мақсаты – жүйе құрушы фактор. 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет