Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет96/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   244
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам 
қаншалықты өзгеріске ұшырады) 
2) 
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды 
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);


161 
3) 
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) 
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан 
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар);
5) 
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи 
маңызы неде);
6) 
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі 
зерттеушілер қалай сипаттайды). 
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл 
пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды 
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік 
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен 
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері
сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, 
зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді 
тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу 
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге 
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін 
зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді 
жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның 
басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және 
оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен 
талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар: 
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша 
анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу 
мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда 
пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет