Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


сыныпта 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 7-сыныптың (жаңа



Pdf көрінісі
бет98/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   244
сыныпта 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 7-сыныптың (жаңа 
кезең) жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі;
2) 9-
сыныпта 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы
1 қыркүйекке дейін 8-9-сыныптардың (қазіргі заман тарихы) мазмұнын 
қамтитын жаңартылған мазмұндағы өтпелі кезең оқу бағдарламасы 
енгізіледі.


163 
Назар аударыңыздар! 
2019-
2020 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады: 
1. 5-
сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және 
«Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 
2. 6-
сынып – 7(6)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және 
«Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған 
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 
3. 7-
сынып – 8(7)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және 
«Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 
4. 8-
сынып – 8(7)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және 
«Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары; 
5. 9-
сынып – 8-9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және 
«Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (1-бөлім) және 8-9-сыныпқа 
арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің 
оқулықтары (2-бөлім). 
 
2019-
2020 оқу жылынан жаңартылған білім беру мазмұны аясында 9-
сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні енгізіледі. 
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 
Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім 
алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, 
коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған. 
«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5- 
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 
3) 7-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
4) 8-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
5) 9-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 
5-9-
сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының 
ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, 
экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын 
анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді 
әдістерін анықтауды қажет етеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан 
тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады. 


164 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген 
«Өлкетану» материалдарын оқыту: 

білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған 
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен 
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға; 

туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени 
нысандары туралы білімдерін кеңейту;

туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір 
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет 
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға 
бағытталған. 
Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 
12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының 
базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу 
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар 
бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» 
материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет